Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Психологиялық зерттеулердің обьективті және субьективті әдістері



бет5/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
1. Психологиялық зерттеулердің обьективті және субьективті әдістері.
Ғылыми зерттеу әдістері - ғылыми теориялар мен практикалық нұсқаулар құру үшін қолданылатын ғалымдардың тәсілдері мен құралдары. Психология ғылымы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап нақты әдістерді қолданудың арқасында дербес ғылымға айналып қарқынды түрде дами бастады. Белгілі бір әдісті таңдау зерттеу жұмысының мақсатына байланысты, дегенмен нақтылы принциптерді басшылыққа алған дұрыс.
1. Психологиялық зерттеудің бірінші принципі- психиканы зерттеудің объективтілігі. Бұл принцип кез келген психикалық құбылысты олар қандай болса, сол күйінде қараудың қажеттілігін білдіреді.
2. Жеке адамды анализдік- синтездік зерттеу принципі болып табылады. Анализдік зерттеу психиканың элементтерін жеке адамның өмірі мен қызметінің түрлі жағдайында тануға мүмкіндік береді. Синтездік зерттеу барлық жеке психикалық көріністердің өзара байланысын анықтауға, белгілі бір адамды толық сипаттайтын тұрақты қасиеттерді табуға көмектеседі.
3. Психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу принципі бойынша психикалық фактілер мен құбылыстар, адам психикасының дамуы тарихи негізде, яғни басынан аяғына дейін үнемі дамып жетілу тұрғысынан қарастырылады. Олай болса бұл принципті генетикалық принцип деп те атайды.
1. Объективті әдістер зерттеу жүргізуші маманның тәжірибесі мен біліміне байланысты. Оларға тест (обьективті, проективті), эксперимент (лабораториялық, табиғи)
2. Субъективті әдістер сыналушылардың өз-өзін бағалауына немесе бақылауына негізделеді. Субъективті әдістер ықпалы төмен әдістер, оларға: бақылау (өзін-өзі бақылау, ішкі,, сыртқы, стандартталған, қосылған), әңгімелесу (ауызша, жазбаша, еркін), сұрақнама, сауалнама.
2. Психологиядағы зерттеу әдістерінің жіктелуі
Зерттеу әдістерін жіктеудің классикалық түрі ретінде негізгі және қосалқы зерттеу әдістерін жатқызуға болады. Дәлел алудағы психологиялық зерттеу әдістері негізгі және қосалқы әдістер деп екі топқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет