1. Психиканың пайда болуы және эволюциясы Психиканың пайда болуы және оның дамуы туралы мәселелер өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас тіршіліктің туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады. Тітіркендіргіштік – бұл тірі ағзаның сыртқы әсерге өзінің жағдайы мен қозғалысының өзгерістерімен жауап беру қасиеті. Материяның ерекше қасиеті ретінде бейнелеудің психикалық түрінің шығуы қарапайым жүйке жүйесімен байланысты. Осындай жүйке жүйесі жәндіктерде алғаш рет пайда болды. Бұл жүйке жүйесі өзара бір-бірімен байланысты денеден өсіп тұрған жекелеген жүйке жасушаларын қарастырады, оны диффуззия деп атайды.
Жүйке жүйесі эволюциясының келесі кезеңі ганглиоздық (белгілі нүктелерге топтасқан) жүйке жүйесінің пайда болуымен байланысты. Мұндай жүйке жүйесі жоғары омыртқасыздарда, соның ішінде жәндіктерде күшті дамыды. Ганглиоздық жүйкенің туындауы және оның көмегімен күрделі әрекет қылықтардың қалыптасуы – тіршілік эволюциясындағы өте маңызды ілгерілеу болды.
Тітіркендіргіштік дегеніміз тірі ағзаның биологиялық ықпалдарға жауап беру қабілеттілігі. Биотикалық факторларға ерекше қозғалыстармен жауап беру тәсілдері тропизмдер немесе таксис деп аталады. Органикалық материяның кейінгі даму сатыларында жаңа қасиет – сезгіштік пайда болды. Сезгіштік дегеніміз ағзаның түйсіне білу қабілеті, яғни ағзаға әсер еткен заттар мен құбылыстарды бейнелей білу қасиеті.
Жәндіктерге тән психикалық бейнелеу психика дамуының сенсорлық кезеңі деп аталады. Орталық жүйке жүйесінің пайда болуымен психикалық бейнелеудің жаңа түрі –психика дамуының перцептивтік кезеңі пайда болды. Бұл кезеңде жануарлар үшін бірнеше тітіркендіргіштерді бір мезгілде бейнелеуге болады. Жануарлардың мінезінің туа біткен түрлері және өмірге келгеннен кейін қалыптасқан түрлері кездеседі. Бірақ туа біткен және өмірге келгеннен кейін қалыптасқан мінез түрлерін бір біріне қарсы қоюға болмайды. Жануарлар психикасының туа біткен басты түрі инстинктер (соқыр сезім) болып табылады.