Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Б) Қосалқы зертеу әдістері



бет7/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
ПCХ НЕГ Лекция

Б) Қосалқы зертеу әдістері:
Тест-Тестілеу жүз жылдан астам уақыт бойы психология ғылымында пайдаланылуда.
Егер зерттеу әдістерінің барлығы психология ғылымын байытушы әлдебір жаңа мәлімет алу үшін қажет болса, тест-негізінен бұрын анықталған психикалық нормалар мен стандарттарға сәйкестігін сынауға бағытталған.Тестке қойылатын негізгі талаптар:



1.Валидтілік (жарамдылығы)

Қызықтыратын психикалық құбылыс пен оны өлшеу әдісі арасындағы сәйкестілікті орнату

2.Сенімділік

Тұрақтылық (қайталап тестілеу кезінде нәтиженің тұрақты, орнықты болуы)

3.Стандарттау

Көптеген сыналушыларға тестіні көп қайтара тексеру мүмкіндігі

4.Барлық сыналушыларға бірдей мүмкіндіктер болуы

Сыналушылардың психикалық ерекшеліктерін анықтауда біркелкі тапсырмалардың болуы.

5.Тест нормасы мен интерпретациясы

Жас ерекшеліктік, топтық нормалар, олардың салыстырмалылығы, стандартты көрсеткіштері

Тестілеудің негізгі аясы:


1. Білім беру саласы (оқу мезгілінің ұзақтығы мен оқу бағдарламаларына байланысты)
2. Кәсіби дайындық пен іріктеуде (өндірістің күрделенуіне байланысты)
3. Психологиялық кеңес беруде.
Тест түрлері: интеллект, қабілет деңгейін анықтау, жетістік, жеке тұлға және проектілеу тестілері. Тестілеу үрдісі үш кезеңге бөлінеді:
1. Тестті таңдау - тестілеудің мақсаты мен шынайылық дәрежесі және сенімділігі анықталады.
2. Тестті өткізу - тестінің нұсқауымен анықталады.
3. Нәтижелерді өңдеу - берілген кілт, белгілер бойынша жүргізіледі.
Сауалнама - сұрақтар көмегімен зерттелетін берілгендерді жинақтау әдісі. Сауалнама жоғары бағаланса, қызығушылық жоғары болады. Сұрақтар қызметіне қарай негізгі (зерттелетін құбылыстың мазмұны жөнінде ақпарат жинау), негізгі емес (електен өткізу, тексеру сұрақтары), ашық (жауап еркін формада берілетін сұрақтар), жабық, тура ( сұраққа зерттеушіні қызықтыратын мәселе енгізіледі) жанама (сұраққа елестегі, қиялдағы оқиға енгізілуі мүмкін сұрақтар) болып жіктеледі.
Социометрия - «социо» - әлеумет, «метрия» - өлшеу деген мағына береді. Оны 1978 жылы Дж.Морено ашқан, яғни топ арасында өзара қатынас дәрежесін, өзара симпатия және антипатия деңгейін анықтауға арналған. Социометрия - адамның өз тобындағы әлеуметтік-эмоциялық құрылымда атқаратын рөлдеріне байланысты тұлғааралық қарым-қатынастар мен сезімдерді сандық және сапалық тұрғыдан бағалайтын эмпирикалық әдіс. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің негізгі әдіснамалық құралы - таңдау болып табылады. Таңдаудың критерийі болып біреумен бірлесіп іс орындау тілегі жатады. Социометрияға көрнекілік сипат беру үшін социограмма қолданады. Социометрия- график, сурет, диаграмма түрінде көрсетіледі:
1. Мишень - дөңгелек ішінде топ мүшелерін көп дауыс алғандар, дауыс біршама жақсы алғандар, орташа дауыс алғандар, дауыс алмағандар ретінде белгілеу.
2. Топтау-таңдау дәрежесін арақашықтық деңгейі бойынша белгілеу.


Әңгімелесу дегеніміз - арнайы құрылған бағдарлама бойынша жеке тілдесу (қарым - қатынас жасау ) барысында психикалық құбылыстар жөнінде мәлімет (факт) жинау әдісі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет