Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


А). Психология ғылымындағы негізгі зерттеу әдістері



бет6/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
ПCХ НЕГ Лекция

А). Психология ғылымындағы негізгі зерттеу әдістері
Бақылау әдісі арқылы байқалған фактілер мен құбылыстардың табиғаты психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Өмір тәжірибесінде әдеттегі бақылаудан ғылыми бақылаудың негізгі айырмашылығы-құбылыстардың себеп-салдар принципі бойынша әр нәрсенің сыры ашылады. Ғылыми бақылау мақсат, міндет, шарттары болады. Бақылауда қажетті техникалық дайындық:

  • тіркеу қағаздарын дайындау (бланкілер);

  • тіркеп жазу формасын анықтап алу;

  • жазу құралдарының бар екендігіне көз жеткізу;

  • бақылауға араласу, алдын - ала біліп алу;

  • көріп бақылауға болатын орынды айқындап алу;

Қарапайым бақылау кезінде тура және жанама бақылау түрлері қолданылады. Тура бақылау-адамның тітіркендіргіштерге жауап реакциясын бақылау. Ол белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Бірнеше қайталана берудің арқасында тұрмыстық бақылаулар мақал, мәтел, жаңылтпаштарға айналдырылып айтылып кетеді. Жанама бақылау- тура бақылауға келмейтін психикалық процестерді обьективті әдістер арқылы зерттеу қажет болған жағдайда жүргізіледі. мысалы, шаршау немесе кернеу деңгейін анықтау үшін бір әрекет не іспен айналысу, орындау барысын бақылау. Бақылау әдісі сонымен қатар басқа да сипаттарына сай жіктеледі:



Бақылаудың жіктелуі

Бақылаудың сипаты

Қатынас жасау сипатына қарай

Бақылау, бақылаушы мен бақылау обьектісі тікелей қатынаста немесе әрекетте болады

Зерттеуші бақыланатын субъектілермен жанама, қосымша түрде - арнайы ұйымдастырылған құжаттарға жауап беру түрінде. - анкета биография, аудио және бейнежазба т.б.

Бақылау жүргізілу жағдайына қарай

Далалық бақылау, күнделікті өмір ағымында, оқу немесе жұмыс барысында жүргізілетін бақылау

Лабораториялық бақылау, субъект немесе топ қолдан жасалған арнайы ұйымдастырылған жағдайда жүргізіледі

Обьектілер-мен әрекеттесу сипатына қарай

Қосылған бақылау, зерттеушінің топ мүшесі болуы, ал оның қатысуы мен қылығы бақыланатын жағдайдың бөлігі

Қосылмаған бақылау зерттелетін адаммен не топпен өзара әрекетсіз немесе қатынас орнатпай сырттай бақылау

Ашық бақылау, зерттеуші бақыланушыға өзінің рөлін, міндетін ашу арқылы ұйымдастырылады

Жасырын (инкогнито) бақылау жеке адамға не топ мүшелеріне бақылаушының қатысуы айтылмаған жағдай

Бақылау мақсатына қарай

Мақсаты бағытталған бақылау - өз шарттары бойынша тәжірибеге ұқсас, айырмашылығы бақыланушы субъект әрекетінде еркіндік шектелмейді

Кездейсоқ бақылау - іздемпаз сипатқа ие, еш ережеге бағынбайтын, нақтылы мақсаты жоқ бақылау

Психологиядағы зерттеулердің басты әдісі эксперимент. Эксперимент - бақыланушының әрекетіне белсенді араласып жағдай жасау арқылы психологиялық факт шығару әдісі. Бұл әдіс арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап, дәл зерттеуге болады. Эксперимент- себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті, оның мәні:
- эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады;
- эксперимент нәтижелерін бірнеше рет шығаруға мүмкіндік болады;
- математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.
Лабораториялық эксперимент зерттелінетін құбылыстардың тереңірек бағалау үшін жасанды жағдаяттар әзірлейді. Неміс ғалымы В.Вундт психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты. Бақыланушы өзінің экспериментке қатысатынын біледі, бірақ эксперименттің маңызын толық білмейді. Психикалық процестерді зерттеуде аспаптар қолданылады. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшандығын өлшеу үшін- хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін- эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін- тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін- аудиометр, бұлшық ет жұмысын тіркеп отыру үшін- эргографты пайдаланады.
Табиғи эксперимент қалыпты өмір жағдайында жасалынады. Экспериментатор эксперимент барысында араласпайды, оның өтілу барысын сол қалпында белгілейді. Табиғи экспериментті қолданысқа енгізген орыс ғалымы А.Ф.Лазурский болып табылады. Нәтижесі кейде қатаң бақылау болмағандықтан, толық болмауы мүмкін.Қатысушылар эксперимент жөнінде білмейді. Ол көп өткізілмейді, өйткені ақпарат алуға көп көмек тигізбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет