Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Түйсіктердің негізгі қасиеттері: сапа, қарқындылық, шиеленіс



бет14/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
ПCХ НЕГ Лекция

3. Түйсіктердің негізгі қасиеттері: сапа, қарқындылық, шиеленіс.
Сезгіштік және түйсік табалдырықтары. Түйсіктер белгілі бір қарқынды тітіркендіргіштер әсер еткенде пайда болады екен. Түйсік қарқыны мен тітіркендіргіштер күші арасындағы психологиялық тәуелділік сипаты түйсік табалдырығы немесе сезгіштік табалдырығы деген ұғым білдіреді. Түйсіктердің күші немесе сапасында сол ғана айырмашылық туғызатын әсер етуші тітіркендіргіш күшіне қосылған аз ғана қосымша - айыру сезгіштігінің табалдырығы деп аталады.
Психофизиологияда абсолюттік сезгіштік табалдырығы және айыру сезгіштігінің табалдырығы деп табалдырықтың екі түрін бөліп көрсетеді. Айыру табалдырығы, бұл - түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің минималдық айырмасы. Айыру сезгіштігі деп рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындағы азғантай ғана болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Абсолюттік табалдырық күші неғұрлым аз болса, абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары болады.
Адаптация. Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуін адаптация (бейімделу) деп атайды. Сезім мүшелерінің бейімделінуі түйсіктің кез келген түрінде кездеседі. Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну ағзаның қалыпты жұмысының ауытқуын, оның биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация - үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да бейімделе алатындығын байқатады.
Сенсибилизация (түйсіктердің өзара әсері) - талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай сезгіштіктің артуын көрсететін құбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Психологиялық зерттеулердің көпшілігінде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы анықталған.
Түйсіктердің қарама-қарсылығы (контрастылығы). Контраст дегеніміз - ілгері немесе қосарланған тітіркендіргіш әсеріне қарай түйсіктердің қарқыны, және сапасының өзгеруі. Суықтан соң жай ғана жылы тітіркендіргіштің өзі ыстық сияқтанады.
Синестезия дегеніміз - пайда болған бір түйсіктің басқа түйсікті қоздыруы. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін.
Бір ізді бейнелер. Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамастан, түйсіктің аз ғана уақыт болса да өз күшінде қалатын кездерін бір ізді бейнелер деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм, тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі.
Лекция №6.
Тақырыбы: Қабылдау
Жоспары:
1. Қабылдаудың жалпы сипаттамасы
2. Қабылдаудың негізгі тәсілдері мен теориялары
3. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұрақтылығы, тұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалылығы, мағыналылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет