3. Ес процесіндегі ассоциацияның рөлі.
Біздің заманымызға дейін-ақ алғаш рет Аристотель ұсынған, бiрақ өзiнiң көкейтестiлiгiн осы күнге дейiн әлi де жоғалтпаған ассоциация мәселесі. Ежелгі гректер естің мәні заттар мен құбылыстардың арасында байланыстар жасау екенін білген. Бұл байланыстар ассоциациялар (ассоциация – лат. assotiatio- қосу, байланыс деген мағынаны білдіреді) деп аталатын болды. Ассоциацияның үш түpi бар:
а) шектестігіне (немесе уақытына) қарай. Мысалы, туған үйім туралы ойлағанда, мен онымен көршілес бау-бақшаны eciмe түcipeмін. Белгілі бip окиғаны еске түcipгенде сол кезде болған баска бip факттер ойыңа түседі;
б) ұксастығына қарай;
в) контрастылығына карай.
Бұлай eтin жіктеуді ежелгі грек философы Аристотель көрсеткен болатын. Аристотель бiздiң елестерiмiздiң бiр-бiрiмен байланысуына мүмкiндiк беретiн принциптердi табуға тырысқан, олар:
1. Iргелес ассоциациялар. Қабылдау бейнелерi немесе қандай да бiр елестер бұрын солармен бiрге немесе олардан соң бастан кешiрген елестердi туғызады. Мысалы, « таң ату» дегенде қораздың дауысын, «қоңырау»' дегенде сабақтың басталуын немесе аяқталуын есiмiзге аламыз.
2. Ұқсастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi бiр елестер бiздiң санамызда осыларға қандай да бiр белгiлерi бойынша ұқсас елестердi шақырады. Бұларға мысалды келтiретiн болсақ, «дөңгелек» десек шарды және допты, «асқар» десек тауды, «ақ»' дегенде ақ қарды немесе сүттi еске түсiремiз. Мысалы бiз қандай да бiр затты көрсек ол бiр адамды немесе құбылысты еске түсiруi мүмкiн.
3. Контрасттық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi елестер бiздiң санамызда бiр белгiсi бойынша қарама-қарсы елестер туғызады. Мысалы, «ыстық» дегенде суықты, «су» дегенде отты еске түсiремiз. Осы ассоциациялық байланыстарды жарнама жасаушылар әр кезде қолданып жатады. Мысалы, «тазалықты» бiлдiргiлерi келгенде суды, ақ немесе көк түстердi және жуынғанды көрсетедi. Осылардың әсерiнен ми қабығында есте сақтау мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негiзi болып саналатын уақытша байланыстар пайда болады.
Ассоциация принципiнiң нағыз ғылыми негiздемесi мен олардың заңдылықтарын ашқан И.М.Сеченов пен И.П.Павлов болды. Павлов бойынша ассоциациялар дегенiмiз бiр немесе бiрнеше тiтiркендiргiштердiң бiр уақытта немесе бiрiнiң артынан бiрi әрекет етуiнен пайда болатын уақытша байланыс. Қазiргi кезде көптеген зерттеулер ассоциацияларды естiң негiзгi емес, бiр ғана феноменi деп қарастырады.
Лекция №8
Тақырыбы: Ойлау және сөйлеу
Жоспары:
1.Ойлау түрлері, формалары және қасиеттері
2.Ойлау жөніндегі теориялар
3.Адам ойлауының жануарлардың құлқынан айырмашылықтары
4.Ақыл-ой операцияларының түрлері
5.Сөйлеу түрлері мен функциялары
Дүниені танып білу үшін түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз. Барлық танымдық процестердің арасында ой ең күрделісі болып есептеледі.Ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметті өңдейді.
Ой - сыртқы дүниені бейнелендірудің ең жоғарғы формасы, сөз-ой жеткізу құралы. Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында олар бірінің білмегенін бірі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адамға ғана тән психикалық процесс. Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен не бірдемені тану, түсіну керектігінен басталады. Бұл ойлау әрекетінің бірінші кезеңі. Ол адамның түрлі рухани және материалдық қажеттіліктерінен тұруы мүмкін. Ойлау процесінің пайда болуы үшін қажетті шарт-жаңа, әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу және жаңа, бейтаныс нәрсені, тануға, түсінуге ұмтылу, яғни ойлау процесінің пайда болуында белгісіздікке қызығу маңызды.
Ойлау процесінің келесі кезеңі-мәселені шешу. Мәселе шешудің кез-келген процесі құбылысты бөлшектеп бөлуден (анализ) және байланыстар мен қатынастар орнатудан (синтез) тұрады. Анализ-бүтінді бөлшектеу, ажырату болса, синтез-бөлшектерді топтау, жалпылау, біріктіру. Салыстыру әртүрлі заттарды өзара дәл және әржақты салыстыра қарау құралы. Салыстыру - зат құбылыс, оқиғаларды ойша топтаудың негізі.Топтау-салыстырудан барып шығатын күрделі операция. Басты және ұқсас қосалқы белгілер негізінде заттар, класс, түр сияқты топтарға бөлінеді. Топтастыру үшін тиісті құбылыс топтарын білдіретін белгілі бір терминдерді білу қажет. Абстракция - бір мәнді заттардың, құбылыстардың мәнді қасиеттері мен белгілерін бір мезетте мәнсіз қасиеттер мен белгілерден ойша бөліп алу. Жүйелеу - бұл да топтастыру, бірақ топтастыру белгілі бір түр, топқа жататын заттарға тән негізгі белгілердің ұқсастығына қарай ғана жүргізілмейді. Жүйелеу арқылы топтың ішінен одан да кіші топтар мен бөліктер сараланады. Жалпылау - ұқсас заттарды олардың кездейсоқ ортақ белгісіне қарай біріктіру. Нақтылау - жалпыланған білімді нақтылы жеке жағдайда қолдану, бұл үшін осы жеке жағдайды тағы талдап, оның белгілі ережеге, ұғым, заңға сай келетін белгілерін айрықшалау. Жалпылау - абстракциялау процесі барысында бөлінетін, ортақ және мәнді белгілеріне қарай заттарды және құбылыстарды ойша топтарға біріктіру. Аталмыш ұғымдар ойлау операциялары деп аталады.
Сәтті аяқталған ой процесі адамды жаңалық ашуға, яғни бұрын игермеген жаңа білімге ие болуға әкеледі. Оның тәжірибесі молайып, тағы да жаңа, күрделірек міндеттер қойып, шешуге мүмкіндік алады. Жалпы ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Адам кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң ереже ұғымдарды пайдаланып отырады. Ойлауды зерттейтін ғылымдар-логика мен психология болып табылады. Олардың қарастыратын мәселелері бір жағынан ерекшеленсе, бір жағынан бірін-бірі толықтырып тұрады. Логика ойлаудың жемісті болу жолдарын іздестірсе, психология сол процестердің даму заңдылықтарын зерттейді.
Ойлаудың физиологиялық негізі. И.П. Павловтың 1-ші және 2-ші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлауды зерттеуде вюрцбург мектебінің өкілдері (О.Кюльпе, К.Бюллер,О.Зельц) көп ұсыныстар жасады. К. Коффка ойлау теориясын гештальтпсихология тұрғысынан түсіндірді. А.Е. Леоньтев ойлауды зерттеуде іргелі мәселелерді психологиядағы іс-әрекет теориясымен байланыстырды. С.Л.Рубинштейн өз еңбектерінде ойлау процесін зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдарын бөліп, ойлау операцияларының негізін көрсетті. П.Я. Гальперин ойлау даму кезеңдері мен түрлерін қарастырды. Сонымен қатар қазіргі психологиядағы ой сапасы мен түрлерін кең көлемде зерттеп, өз терминдерін ұсынғандар- А.Р.Лурия, Е.Блейлер, Г.Майер, Б.М. Теплов. Ойлаудың интеллектуалдық ерекшеліктерін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекете көрінетініне Б.М. Теплов тоқталды. Л.С.Выготский «Ойлау мен сөйлеу» атты еңбегінде онтонегездегі сөз бен ойға қатысты сын ерекшелігін айтты.
Ойлаудың сөзге қатысы, мәселелігі, жалпыламалығы мен жанамалылығы ойлаудың ерекшеліктеріне жатады. Ойлаудың сөзге деген қатысын түрліше психологиялық мектептер мен ағымдардың өкілдері түрліше қарастырып келді және әлі де солай қарастыруда. Өткен дәуірде идеалистік ойлау сөйлеуге тәуелсіз, ол сөз ойлауға бағынышсыз деп есептеді. Бұл тұжырымды олар былай дәлелдеді: адам іштей ойлана отырып, біреумен сөйлесе және дәл сол сәтте басқа бір нәрселер ойлай береді. Ой алуан түрде айтылады, демек ойлау мен сөйлеу бір-біріне тәуелсіз бола беретін тәрізді. Психологияның мінез-құлықтық ағымының өкілдері керісінше ойлау мен сөйлеуді ұқсас құбылыс деп есептеді. Бихевиористер іштей ойланып отырғанның өзінде сөйлеу аппаратының жұмыстары жасырын жүріп жататындығын, ойлау дегеніміз дыбыссыз сөйлеу,ал сөйлеу дауыстап ойлау екенін айтты. Ал қазіргі кезде ойлау мен сөйлеу бірлікте деген қағида расталады, яғни олар бір-біріне ұқсас та емес, бөлек те емес. Екінші сигнал жүйесінің ерекшеліктерін зерттеушілер сөзбен тітіркендіргенде байланыстың 1-ші сигналдық байланыстарға қарағанда тезірек жасалатынын, әлдеқайда берік болатынын атады.
Ойлау формалары: пікір, ұғым, ой қорытындылары. Пікір дегеніміз -құбылыстар арасында байланыс орнату немесе бір зат туралы мақұлдау не бекерге шығаруда көрінетін ойлау формасы. Мыс, Астана - ҚР-ның астанасы десек бұл шындыққа сай ақиқат пікір. Атом - заттың бөлінбейтін және өзгермейтін бөлшегі десек бұл жалған пікір. Пікір екі түрлі тәсілмен жасалады: тікелей қабылдау арқылы құралатын пікір, жанама - ой қорытындысы, ой толқыны арқылы жасалатын пікірлер.Ұғым дегеніміз - нәрселер мен құбылыстардың жалпы, мәнді және өзіндік белгілі қасиеттерін бейнелеу. Ұғым дара және жалпы болып екіге бөлінеді. Ой қорытындылары дегеніміз - бірнеше пікірден жаңа пікір шығару тәсілі. Оның үш түрі бар: индукция, дедукция, традукция. Индукция дегеніміз - ойдың жекеден жалпыға қарай өрбуі. Дедукция дегеніміз - жалпыдан жекеге қарай жүруі. Традукция дегеніміз - аналогия ұқсастық бойынша ой қорытынды шығару.
Ойлау практикалық, нақтылы бейнелі, теориялық ойлау болып бөлінеді. Практикалық ойлау-міндеттің көрнекті, нақтылы түрде беруімен сипатталады. Оны шешудің жолы-практикалық әрекет, ол іс-әрекет пен қимыл-қозғалыс түрлерімен ұштасады. Нақтылы бейнелі ойлау - мәселені шеше отырып адам өзінде бар көрнекі бейнелерді пайдаланса - нақтылы бейнелі ойлау көрініс береді. Ойша жасалған пайымдаулар практикалық қызметте тексеріліп, түзетіліп, өзгертіліп отырады. Теориялық ойлауда міндеттерді шешу үшін абстракциялық ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдалану талап етіледі. Теориялық ойлаудың жоғарғы формалары заңдар ашу, ғылыми болжам жасауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |