Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Еріктің физиологиялық негіздері



бет28/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
ПCХ НЕГ Лекция

Еріктің физиологиялық негіздері
Ерік дегеніміз адамның қойылған мақсатқа жетуде өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын саналы реттей алу қабілеті. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Ерік- іс - әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - әрекетті орындау тұлғаның іс-әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Еріктік іс - әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік қалаумен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс-әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған. Еріктік іс-әрекеттің анатомиялық- физиологиялық негізі мидың барлық бөліктерінің, үлкен жарты шар қабығының маңдай бөлігінің жетекші рөлі негізіндегі рефлекторлық іс - әрекеті болып табылады.
Еріктің атқаратын қызметі:
- Түрткілер мен мақсаттарды таңдау;
- Мотивацияның жетіспеушілігінен немесе көптігі кезінде әрекетке итермелеуді реттеу;
- Адам орындайтын адекватты әрекеттер жүйесіне психикалық процестерді ұйымдастыру;
- Қойылған мақсатқа жетуде кедергілерді жеңуге бағытталған психикалық және физикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.
Еріктік іс- әрекеттердің құрылымы
- Саналы мақсаттардың қойылуы (құмарлық, тілек, талпыныс);
- Шешім қабылдау (мотивтер күресі, басқа талпыныстардың пайда болуы);
- Жоспарлау және ұйымдастыру (тәсілдер мен құралдарды таңдау, орындаудың бірізділігін орнату, ішкі және сыртқы кедергілерді есепке алу), орындау.
- Мотивтердің ішкі күресі еріктік акттің пайда болуы мен іске асу шарты ретінде көрінеді.
Еріктің амал кезеңдері:
1). Мақсат және оған жетуге ұмтылу (дайындық кезеңі)
2). Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну (мақсат қою)
3). Ниет тілектердің пайда болуы
4). Ниеттер тартысы және оның біреуін қалау
5).Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің біреуін қалау
6). Тоқтамға келген шешімді орындау.
Ерік сапалары (Р.Ассаджиоли бойынша) ерік сапалары:
1) қуаттылық – динамикалық күш –қарқындылық; бұл сапа мақсатқа жетудің күрделігімен анықталады;
2) шеберлік – бақылау - тәртіптілік. Бұл сапа ерік пен басқа психикалық функциялардың реттелуі және бақылануы;
3) шоғырлану – жұмылу – зейін, бұл сапаның объектіге әсер етуде және тартымсыздығында маңызы ерекше;
4) шешімділік – жылдамдық – ептілік шешім қабылдауда көрінеді;
5) табандылық – беріктілік – шыдамдылық;
6) бастамашылдық – ерлік – шешілу; бұл тәуекелге бел буу;
7) ұйымдасқан – ықпалдастық – жинақтау. Ерік бұл жерде міндетті шешудегі барлық құралдарды ұйымдастырушы.
Қазіргі психология ғылымында келесі ерік сапаларын жіктейді: мақсатқа ұмтылыс; принциптілік; дербестік; бастамашылдық; шешім қабылдағыштық; табандылық; ұйымдасқандық; батылдық; тәртіптілік.
Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгіленген мақсатқа жету жолында, ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, бойын кернеген сезімді тежеп отыратынын, шаттық пе қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде адам еркі көрініс береді.
Сонымен ерік мінез-құлықтың реттегіші ретінде өмір мен іс-әрекет процесінде қалыптасады. Адам өз еркін ұжым ішінде бола отырып және еңбек, оқу, ойынмен шұғылдана жүріп тәрбиелейді. Іс-әрекеттің қай түрінде болсын, қызығу, көтеріңкі жағымды эмоциялық күй туғызатын элеметтер болады. Бірақ еңбек, оқу және тіпті ойынның өзінде бірсарынды, еш қызықсыз, эмоциялық тартымдылығы жоқ, алайда маңызды, қажетті болып саналатын жайттар да аз кездеспейді. Адам белгілі іс-әрекетпен шұғылдана отырып, субъективтік және объективтік қиындықтарды да жеңеді, бастаған істі әрі қарай жалғастырып, аяқтап шығуға өзін-өзі күштеп көндіреді. Нақ осындай жағдайда, мінез-құлықты саналы түрде реттеу қажет болатын қиын шақта адамның еркі нығайып, шынығып отырады.
Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент). Адам өз ойлары мен әрекеттерінде оң өзгерістерді қалыптастыруды, жеке және кәсіби тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін өзгерістерді бақылауды үйрене алады. Бір нәрсені дұрыс істеу үшін осы мақсаттарға қол жеткізудің тәсілдері мен құралдарын дұрыс таңдау қажет. Адамның өзін-өзі жақсартуына тек өзі ғана көмектесе алады.
Өзін-өзі жетілдіру келесі қадамдарды қамтиды:
1. Өзінің күшті және әлсіз жақтарын білу.
2. Өзіңіздің дәл қазіргі болмысыңызды қабылдау.
3. Өз ойыңыз бен мінез-құлқыңыздың өзіңізге және басқаларға қалай әсер ететінін түсіну.
4. Өзіңізді жетілдіру және мінез-құлқыңызды өзгерту үшін әрекеттер жоспарын жасауға бел буу.
Алдымен, өзін-өзі жетілдіруге қажетті күш-жігерді қайда бағыттау керектігін анықтау керек. Не ойлайтыныңыз бен қалай әрекет ететініңіз өзара байланысты болуға тиіс. Ойларыңыз Сіздің қандай адам екеніңізді сипаттап, Өз өміріңізді қалыптастырады. Ал өз мінез-құлқыңызды түсінбес бұрын, оны тудыратын сезімдер мен ойларды зерттеу керек.
Өзін-өзі жетілдірудің көптеген әдістері психологиядан туындайды. Сондықтан, өзін-өзі жетілдіру үшін психологияны түсінудің мәні бар. Шындығында, өзін-өзі жетілдіруді үйрететін көптеген тәлімгерлердің психологиядан қандай да бір хабары бар және олардың ықпалымен адамдар өз өміріндегі оң өзгерістерді көре алады. Өзін-өзі жетілдірудің әдістері:
1. Когнитивті. Бұл әдіс адамның өзі айтып тұрған нәрсесін қайтадан ой елегінен өткізуді үйренуге мүмкіндік береді. Осы әдісті қолданып, адам айналасындағы дүние жайлы түсінігін өзгертіп, сол арқылы өзі пайдаланбай келген көптеген мүмкіндіктерге ие болады.
2. Қорғану механизмі. Бұл əдіс əр адамда бар. Бұл механизм – өмірде болатын барлық күйзелістер мен қысымдармен күресу әдісі. Ол біздің сәтсіздіктерден ұдайы арылтып отыруымызға көмектеседі. Алайда, бұл механизм дұрыс пайдаланылмаса, адамға көптеген қиындықтар тудыруы мүмкін, себебі ол, түптің түбінде, шындықты бұрмалап көрсетеді. Сондықтан, адамның түрлі қорғану механизмдерін қалай қолдану керектігін білгендіктен, ол оны өз мүддесі үшін пайдалануы мүмкін.
3. Таңдамалы қабылдау. Ол сананың қоршаған ортадан тек адамға пайдалы түрткілерді ғана қабылдауына кепілдік береді. Адамның қоршаған ортасы түрлі түрткілерге толы және бұл адамды мақсатқа жету жолынан оңай тайдыруы мүмкін. Демек, таңдамалы қабылдау адамға өз мақсаттарына жетуге көмектесетін түрткілерге ғана көңіл аударып, ден қоюды үйретеді.
4. Өзіндік тиімділік теориясы. Бұл теорияны Альберт Бандура (канадалық психолог) шығарған. Осы теорияға сәйкес, адамда өзіндік тиімділіктің жоғары деңгейі болса, оның қабілеттері мен таланттары қандай болғанына қарамастан, нақты бір мақсатта табысқа жетуге әлдеқайда жоғары мүмкіндігі бар. Жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін адам өзіне сенуге, сондай-ақ өзін жоғары бағалауға тиіс.
5. Өзін-өзі сынау — бұл адамдардың өзін-өзі жетілдіру үшін қолдануға тиіс психологияның тағы бір құралы. Әлсіз және күшті жақтарына қатысты өзіне адал бола отырып, адам қалағанына қол жеткізу үшін тек күшті жақтарына ғана назар аударуы керек. Егер адам өзінің әлсіз жақтарына ғана көңіл аударатын болса, бұл өмірлік мақсаттарға жету жолында кедергілер тудырады. Адам әлсіздіктерін азайтудың жолдарын іздеп, сонымен бірге, күшті жақтарының әбден жетілуін қамтамасыз етуі керек.
Өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс жеке және кәсіби өмірде зор қуанышқа жетуге, қызметте өрлеуге қажетті мүмкіндіктерді арттыруға, отбасымен, достармен және әріптестермен қарым-қатынасты жақсартуға, жұмыс өнімділігін арттырып, еңбек өнімінің сапасын жақсартуға, күйзелістен туындайтын сырқаттарды мейлінше азайтуға, өзін-өзі жақсырақ бағалауға және басқа да көптеген нәрселерге себеп болуы мүмкін.

Лекция №13


Тақырыбы: Тұлға психологиясы.
Жоспары:
1. Тұлға және оның құрылымы
2. «Индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарының арақатынасы.
3.Тұлға теориясы.
4.Тұлға бағыттылығы, бағыттылық формалары: қалаулар, қызығушылықтар, мұраттар, дүниетанымдар, сенімдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет