Бейнелік ес - бұл бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың есте сақталуы және жаңғыртылуы. Оның түрлері: көру, есту, дәм сезу.
Сөздік-логикалық ес - бұл сөздік қалыптасуда түсінікті, ойды есте сақтайды, ұстайды және жаңғыртады. Бұл жануарларда болмайды, тек адамға ғана тән.
Қимыл (моторлық) есі- қозғалыс және жүйені есте сақтауда және жаңғыртуда пайда болады, ол қозғалыс дағдысының қалыптасуы және өңделуі (жүру, жазу, еңбек және шеберлік дағды).
Эмоциялық ес - сезіммен байланысты ес. Адамның басынан өткен эмоция түпкілікті жоғалмайды, олар эмоциялық естің көмегімен есте қалады. Эмоциялық ес жеке тұлғаның қалыптасуында өте маңызды. Ес - адамның рухани дамуындағы маңызды шарттылық.
Ес механизмдерін психологиялык зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден ертерек басталған. Солардың ең алғашқысы естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты «топталған не тізбектелген» қалыпта жүруінде. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі- уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар Аристотель, Д. Джеймс, Спенсер, И М. Сеченов, И П. Павлов.
Есті зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті «материяның жалпы қасиеті» деуден аспады. Кейінгі 30 жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді.
Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л.С. Выготский есімімен байланысты. Ол 20-жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметгік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді. Ұлы ғалымның ізбасарлары А.А.Смирнов және П.И.Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы жөніндегі жаңа, әрі мәнді заңдарын ашып, есте қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп-әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.
Естiңфизиологиялық теориясын жасаған И.П.Павлов және П.К.Анохин зерттеулерi бойынша жүйкелiк импульстар нейрон арқылы өткенде, өзiнiң iзiн қалдырады – бұны нейрондық модель теориясы деп те атайды. Жүйке жасушаларынан таралатын аксондар басқа жасушалардағы дендриттермен жанасады немесе өзiнiң жасуша денесiне қайта оралады. Жүйке жасушаларында осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болады. Сөйтiп, жасушалардың өз-өзiнен жанауы iске асады. Мұндай құбылыстар жүйесiн iздердiң сақталып қалудың физиологиялық субстраты деп есептейдi
Естi жүйке жасушаларының iшiндегi биохимиялық реакциялармен түсiндiретiн ХХ ғасырда терең зерттелiне басталған биохимиялық теория. Еске сақтау екi сатылы сипатта болады деген жорамал бар. Сонда алғашқы сатыда тiтiргендiргiштер тiкелей әсер еткеннен кейiн мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болады. Олар нейронда физиологиялық өзгерiстерге әкеледi. Екiншi сатыда, бiрiншi реакциядан кейiн жаңа белоктiк заттар (протейiндер) пайда болады. Бiрiншi сатыдағы реакция секунттар мен минуттарға созылады содан оны қысқа мерзiмдi естiң физиологиялық механизiмi деп есептейдi. Ал екiншi кезеңдегi жасушада болатын химиялық өзгерiстердi ұзақ мерзiмдi естiң механизiмi деп есептейдi. Бұны атжалмандарға өткiзiлген эсперименттерде тексерген және адамдардан байқаған. Мысалы, егер адамға бiр әсерден кейiн мидағы электрохимиялық iзi биохимиялық өзгерiстерге айналмай тұрғанда (10 секунттың iшiнде) бұл әрекет үзiлсе (мысалы, есiнен танып қалғанда, эпилепсия жағдайында), онда соңғы әсердi адам есiне түсiре алмайды.
Естiң зерттеулерiнiң iшiнде кибернетикалық модельдеу де бар. Бұл арқылы естiң биокибернетикалық теориясы пайда болады. Әр түрлi ЭВМнiң (электро-есеп машина) iшiндегi мәлiметтердi сақтау және солармен жұмыс iстеудi ойластырған кезiнде, адам есiнiң механизмдерiне сүйенген. Сонда бұл теория бойынша адамның миының әрекеттерi бағдарламалардан (алгоритмдердiң жиынтығынан) түрады деген. Сөйтiп адам миын, сонымен бiрге естi де, кибернетикалық модельдеу арқылы зерттейдi. Бұл бағытта копьютерлердiң электронды есте сақтауларын, қайта жаңғыртуын қарастырады. Естi психологиялық зерттеудiң табыстарына қарамастан iздердiң есте қалуының физиологиялық механизмдерi мен естiң табиғаты толығымен зерттелмеген.
Немiс психологы Г.Эббингауз ойлау iс-әрекетiнен тәуелсiз «таза» естiң заңдарын зерттеуге болатын әдiстi ұсынды.Ол мағынасыз буындарды жаттау әдiсi едi. Ол өз зерттеулерiнiң негiзiнде материалды есте сақтаудың негiзгi қисықтарын тапты және ассоциациалардың пайда болу механизмдерiнiң кейбiр ерекшелiктерiн ашты. Г.Эббингауздың маңызды жетiстiктерiнiң бiрi ұмытудың заңдылықтарын ашу болды. Бұл заңдылық мағынасыз үш әрiптен тұратын буынды есте қалдыру тәжiрибесi негiзiнде ашылды. Алғашқы 1 сағаттан соң алынған ақпараттың 60% ұмытылады, ал алты күннен кейiн бастапқыда да жатталғандардың 20%-дан аз бөлiгi ғана есте сақталады екен.