Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Қызметі Персоногенездегі ойлаудың дамуы



бет22/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
ПCХ НЕГ Лекция

Қызметі

Персоногенездегі ойлаудың дамуы

Ойлау функциясы- танымның шекарасын, сезімдік қабылдаудан тыс шығару жолы арқылы кеңейеді. Ойлау - заттар арасындағы байланыстар-ды айқындайды және бұл байланыстарды кездейсоқ ұқсастықтан бөліп қарас-тырады.

Интеллектуалды дамудың сатылары:
көрнекі- деректік, көрнекі-бейнелік, сөздік- логикалық

  • Адамның ойлауының дамуы біртіндеп жүзеге асады;

  • Бала қоғамдық тәжірибиені игереді, араласады, осылайша көрнекі әрекеттік ойлау балаларда сөйлеуді меңгергенге дейін, өмірінің екінші жылында байқалады;

  • Ойлау дамуында екі кезеңнен өтеді- түсінікке дейінгі (баланың ойлауының бастапқы даму кезеңі) және түсініктен кейінгі (түсінікті ойлаудың қалыптасу үрдісі оны жетілдіру үрдісіне өтеді).

Ойлану процесінің жүзеге асу шартына адамның бұрынғы тәжірибесі, бағыттылығы, ойлануға итермелеуші мотивтері жатады. Осыған сай ойлаудың стильдері:





Ойлаудың синтетикалық стилі - адамның жаңа нәрсені шығару үшін, ой арқылы эксперимент жүргізуге бейімділігі

Ойлаудың идеалистік стилі - адамның мәселені шешуде фактілерге сүйенетін бөлшектеп талдаудан интуитивтік талдауға бейімділігі

Ойлаудың прагматикалық стилі - адамның өзіндік тәжірибеге сүйене отырып тез шешім табу қабілеттілігі

Ойлаудың аналитикалық стилі - адамның сұрақтарды обьективті түрде қарастыруға, мәселені шешу жолын логикалық ойлау тұрғысынан шешуге бейімділігі

Ойлаудың реалистік стилі - адамның тек қана фактілерді мойындауға бейімділігі

Ойлау әрекетіндегі айырмашылықтар ақылдың сапаларында көрініс береді:



Ақылдың кеңдігі, ол адамның танымдық іс-әрекетін көрініс береді, іс-әрекеттің әр түрлі салаларын қамтиды.

Ақылдың тереңдігі-зерттелініп жатқан фактінің мәнді жақтарын ашуға және оның өзіне белгілі басқа құбылыстармен жан-жақты байланысын жасауға көмектеседі, ол білімқұмарлықпен ұштасады.

Білімқұмарлық - адамның өмірде кездесетін жаңа нәрсені білуге ұмтылысы.

Іздемпаздық - затты білуге, әлі таныс емес құбылыстар мен байқаған фактілерінің негізгілерінің мәніне жетуіне бағытталады, жаңа нәрсені білу, ұғыну қажеттілігінен пайда болады

Ақылдың икемділігі мен оралымдылығы - бар тәжірибені адамның бұрын орныққан байланыстардан назарын басқа жаққа тез аударуға, жаңа үйлесімдер жасауға,таныс ұжым, бейне, байланыс, заңды жаңа қатынастарды енгізуге, затқа жаңа, әдеттен тыс тұрғыдан қарауға, елеусіз болып көрінетін фактілерді салыстырып, тиісті қорытындылар жасауға да қабілеттілік.

Ақылдың дәлелдігі мен сыншылдығы - адам танымының ең жоғарғы сатысы алдында тұрған мәселені дұрыс шешуге жеткенде ғана емес, өз шешкендерін негіздей білгенде көтеріледі, басқаларды да нандыра алатын шағында ие болады.

Ақылдың логикалылығы - ой процесінің барысын сипаттайды және алдымен талдау - синтездеу арақатысымен анықталады. Ойлау процесінің бағытының айқындығы, бірізділігі, қойылған мәселеге сай келушілігі, барлық ірі және ұсақ бөліктерді салыстыра білушілік адамға болашақ (немес бұрын болған) құбылыстың барысын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ертең болатын шайқастың барысын жоспарлайтын қолбасшы, жаңа формула шығаратын математик, оқушы мен сынып ерекшелігін жақсы білетін педагог осы сапаға ие.

Адамның танымдық процестерін интеллект анықтайды. Бұл түсінік терең және жан-жақты. Интеллектіні бағалау:





Интеллект «интеллект коэффиценті» немесе IQ арқылы өлшенеді.

IQ-дің орта мағынасы 100, максималдысы -200, минималдысы -0 балл.

IQ 10 және 84 балл аралығы болса ақыл есі кешеуілдегендер қатарын құрайды.

85 және 116 балл аралығындағы адам орташа интеллект тобына жатады.

117-180 балл алған адам жоғары интеллект деңгейінде болады.

Лекция №9. Тақырыбы: Қиял


Жоспары:
1.Қиял түрлері
2.Қиялдың механизмдері, әдістері
3.Қиялдың эмоционалды және танымдық процестермен байланысы
1.Қиял түрлері
Адам бұрын өзi көрiп бiлмеген нәрселерiнiң бейнесiн көз алдына елестетiп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны бейнелер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял-тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял-адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процесстердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның бiлiм қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негiзделедi. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерiнде бiр ғана процестің дараланып жеке кездесуi мүмкiн емес. Ондай процестер бiр бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың iшiнен адам әрекетiнде бiр-екеуi жетекшілiк қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегенiмiз-бiздi қоршаған сыртқы дүниедегi заттар мен құбылыстардың образдарын жанғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, адамға тән психикалық процесс. Қиял түрлері: активті - ырықты, пассивті - ырықсыз, продуктивті, репродуктивті, түс көрушілік, елестетушілік, қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиялы, арман және мұң.
Пассивті (ырықсыз) қиял – қиял бейнелері кездейсоқ түрде адам еркі және тілегінен туындайды. Яғни, адамның алдына мақсат қоймай-ақ, басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ойлау кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қисынсыз шым-шытырық болатыны да – осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағылып өтіп жатуы. Осы екі мысалдардың бірінші жағдайында – қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда – сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес – қиялдың пассив түрі.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі – ырықты (активті) қиял. Активті қиял – адам өзінің тілегімен және еркімен өзінде сәйкес бейнелер тудыра алады. Бұл – адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, мұғалім т.б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын ала көз алдарына елестетеді. Оларды орындауға қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді.
Адам қиялының ерекше бір түрі – арман. Бұл – актив әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат-мүддемізді іс жүзінде асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман – келешектегі әрекеттерге арналған қиял. Ол – шығармашылық қиял емес, бірақ, соған дайындықтың бастапқы сатысы. Арманды бағалауда ескеретін жайттар: арманның әрекетке қатысы; шындықпен жанасуы; оның келешек үшін мәні.
Қайта жасау қиялы адамның өткен тәжірибесіндегі болған образдарды қайта елестетіп, сөз тітіркендіргіштеріне байланысты туындайды. Қайта жасау қиялының психологиялық құрылысы екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші сигналдық образға айналдырумен негізделеді. Қайта жасау қиялының міндеті – жаңа объекті жасау емес, табиғаттағы бар затты нақты қабылдамағанмен, сол қалпында қайта елестету. Қайта жасау қиялы – адамның дүниетаным өрісін кеңейту үшін керекті психикалық процесс.
Қиялдың ең жоғарғы түрі – шығармашылық қиял. Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа заттарды беруде көрінетін қиялды айтады. Шығармашылық қиял қайта жасау қиялына қарағанда әрі күрделі, әрі қиын. Шығармашылық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, әртістердің, сол сияқты өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Адамның шығармашылық әрекеті жалғыз шығармашылық қиялдың қатысуымен болмайды. Шығармашылық өнім жасау жұмысына тұрақты зейін, ойлау әдістері, ерік процестері және басқа да әрекеттер қатысады. Бірақ ырықты қиял жетекші рөл атқарып, барлығына жөн сілтейді. Шығармашылықтың дамуына керекті шарт – адам идеясының және дүниеге көзқарасының қалыптасуы.
Арман деп келешекке әрекеттенген, болашағына бағытталған қиялды айтады. Мұның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман – өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман – шығармашылық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол шығармашылық қиялдың бірінші дайындық сатысы. Арман өмір жолында кездескен қиыншылықтарды адамның жеңуіне итермелейді, рухтандырады, шабыттандырады, қуаттандырады. Арман бос қиялдаумен еш жанаспайды. Қиялдың бос түрінің өмірмен еш байланысы жоқ. Қиялдың бұл ұнамсыз түрі адамды тілеген мақсатына жетектемейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет