Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Эмоциялар мен сезімдер жайлы түсінік



бет25/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
ПCХ НЕГ Лекция

1.Эмоциялар мен сезімдер жайлы түсінік
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін сезім деп атаймыз.Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады. Мысалы: шаттану, мұң, үрей, қорқу, масаттану, өкіну, шошыну, іш пысу, зерігу, абыржу тағы басқалары. Эмоциялар мен сезімдер бірнеше қызмет атқарады:
1.Реттегіштік- ол көңіл-күй тұрақтылығы мен мінез-құлығымызға бағыт беріп отырады.
2.Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі: адамда шынайы немесе жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты.
3.Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады.
4.Эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер етуімен байланысты.
Сезімдер – өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. Сезім- тікелей ми қабығы жартышарларының жұмысы болса, эмоциялар - көбінде ми қабығы астындағы аймақ пен ми бағанасы бөліктерінің (сопақша, ортаңғы аралық) қызметінен туындайды. Сезімдер мен эмоциялар мазмұнын қоғамдық болмыс белгілейді. Жануарлар эмоциясы- биологиялық реакциялардың жиынтығы, рефлекстер тізбегі, инстинктер кешені болып табылады. Сезімдер мен эмоцияларға бірнеше ерекшеліктер тән. Олардан қарама-қарсы полярлық сапаларды (сүйсіну-сүйсінбеу, шаттық-уайым), жігерлі, жігерсіз, қозу және кернеуден босану, яғни шешілу, т.б. сиякты көріністерді байқауға болады. Сезімдерден адамның дүниетанымы, өмір позициясы жақсы аңғарылады. Алға қойған мақсат жолында, өмір үшін күресте күшті, жігерлі сезімдерсіз табысқа жету қиын. Тыныс-тіршілігі солғын, селсоқ адамдардың көздеген мақсаттарына жетуі қиын. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, ал ұнамсыз нәрселерді барынша жек көріп отыруы қажет.
Шерер моделі бойынша эмоцияның шешуші бес элементі бар. Эмоционалды тәжірибе осы процестердің барлығын бағалау процестеріне сүйене отырып, қысқа уақыт аралығында үйлестіруді және синхрондауды талап етеді. Элементтер:
-Когнитивті бағалау: оқиғалар мен объектілерді бағалау. Мысалы, қызға күшік беріледі және оны өте әдемі деп ойлайды (бағалайды);
-Дене белгілері: эмоционалды тәжірибенің физиологиялық компоненті;.
-Іс-әрекет тенденциялары: моторлық реакцияларды дайындау мен бағыттауға арналған мотивациялық компонент. Қыз күшікті ойнап, сипап өзін ұстайды;
-Экспрессия: тұлғаның және дауыстың көрінісі әрдайым іс-әрекеттің реакциясы мен ниетін білдіру үшін эмоционалды күймен бірге жүреді. Қыз жымиды;
-Сезімдер: эмоционалды жағдайдың пайда болғаннан кейінгі субъективті тәжірибесі. Қыз субъективті түрде қуаныш сезінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет