Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»



бет10/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
2. Психика және ми
Адамның жүйке жүйесі аса күрделілігімен ерекшеленеді. Орталық жүйке жүйесі-жұлыннан және мидан тұрады. Жұлын – омыртқа жотасының қуысында орналасқан және жүйке тіндерінен тұратын жуан жіп түрінде болады. Жұлынды көлденең кесіп көретін болсақ, оның шеттерінде ақ зат орналасқан, ал іш жағынан – сұр зат.
Бас ми бас сүйегінің қуысында орналасқан. Адамның бас миы ең жоғары сатыдағы жануарлардың, адам тәріздес маймылдардың миымен салыстырғанда өте күрделі болып табылады. Бас ми бір-бірімен байланысты бірнеше бөлімдерден тұрады. Осы бөлімдердің ішіндегі негізгілері төмендегілер: сопақша, артқы ми, ортаңғы ми, аралық ми және соңғы ми. Артқы мидың негізгі бөлімдеріне көпір және мишық жатады.
Сопақша ми – бұл жұлынның жалғасы. Оның адам ағзасының өмір сүруі үшін ерекше мәні зор. Онда тыныс алуды, жүрек қызметін, қан тамырларының қызметін реттеп отыратын орталықтар орналасқан.
Мишық – ерікті қозғалысты реттеп отыратын мүше. Мишықтың жұмысы бұзылғанда адам тұра алмайды және үздіксіз қозғалыс жасай алмайды, тепе-теңдікті сақтамайды, тез шаршайды, қозғалу мүмкіншілігінен айырылады.
Ортаңғы ми - сопақша мимен бірге кеңістікте денені ұстауын, бағыт-бағдарын басқарады. Ортаңғы мидың қызметіне жарыққа, дыбысқа және басқа да тітіркендіргіштерге бағдарлы рефлекстер жатады. Ортаңғы мидан жоғары аралық ми орналасқан, оның негізгі бөлігіне көру бөгеттері мен бөгеттердің қосымша саласы жатады. Мидың барлық бөлімдері өзара бір-бірімен байланысты және бірыңғай тұтас жүйені құрайды. Бірақ олардың қызметінде мидың төменгі бөлімдерінің жоғары бөлімдеріне бағыныштылығы қатаң сақталады. Оларға үлкен жарты шарлар үстемдік етеді. Ми екі үлкен жарты шарға бөлінеді: оң және сол жағы. Сыртынан үлкен жарты шарлар бірнеше миллиметр қалыңдығы бар сұр түсті затпен қапталған. Бұл сұр түсті зат – үлкен жартышарлар қабығы. Әрбір жартышар 5 бөлікке бөлінеді: маңдай, шүйде, самай, шеке және аралша.
Перифериялық жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесінен ажырамай біртұтас болып келеді. Орталық жүйке жүйесінен шығатын және өз тармақтарымен бүкіл ағзаға тарайтын жүйкелер перифериялық жүйке жүйесін құрайды, сонымен қатар ағзаның әрбір бөлімін орталық жүйке жүйесімен байланыстырады. Бас мидан 12 жұп, ал жұлыннан осы жүйкелердің 31 жұбы тарайды.
Сезгіштік жүйкелер тітіркендіргіштерден пайда болған қозуларды орталыққа, демек аралық ми мен бас миға жеткізеді. Осы жүйкелердің көмегімен біз қоршаған дүниені түйсінеміз және қабылдаймыз. Бұл жүйкелер, басқаша айтқанда рецепторлық (рецепторлық) орталыққа баратын немесе афференттік жүйкелер деп аталады.
Қозғалыс жүйкелер орталықтан келген импульстарды бұлшық еттерге немесе бездерге беріп отырады. Осы жүйкелердің көмегімен біздің бұлшықеттеріміз қозғалысқа келеді, әртүрлі іс әрекеттер жасайды, осы жүйкелердің көмегімен әртүрлі бездердің қызметі реттеледі. Бұл жүйкелер орталықтан келетін немесе эфференттік жүйкелер деп аталады.
Вегетативтік жүйке жүйесі ми мен одан тыс орналасқан жүйке жолдарының ерекше біріккен және қиылысқан жүйке жолдарын құрайды. Вегетативтік жүйке жүйесінің жекелеген жүйке клеткалары мен жүйке жолдары ас қорыту, қан айналым, тыныс алу және т.б. мүшелерде орналасқан. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтан келетін талшықтары барлық сезім мүшелері мен тері жасушаларында болады. Осы талшықтар арқылы вегетативтік жүйке жүйесі сезім мүшелеріне әсерін тигізеді. Ол белгілі дәрежеде адаптацияға, сезім мүшелерінің бейімделуіне әсер етеді.
Рефлекс дегеніміз тітіркендіргіштерге ағзаның кері жауабы, іс-әрекеті болып табылады. Ағзаның рефлекторлық әрекеті сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштердің әсерімен пайда болады. Рефлексте жүйке қозуы өтетін жолды рефлекторлық доға деп атайды. Рефлекторлық доға 5 түрлі бөлімнен тұрады:
-рецептор;
-сезгіштік немесе афференттік, ол арқылы тітіркендіргіш аймақтардан орталыққа беріледі;
-орталық бөлім қозуды сезгіштік жүйкеден қозғалыс жүйкесінің жасушаларына береді;
-қозғалыс немесе эфференттік бөлім қозуды орталықтан орындаушы мүшеге береді;
-орындаушы мүше бұлшықеттер мен бездерге жатады.
Рефлекстер – жүйке физиологиялық қызметтері көмегімен жануарлар ағзасының сыртқы ортаға бейімделуі және оның ортамен байланысы іске асады. Шартсыз рефлекстер – бұл туа біткен рефлекстер. Шартты рефлекстер – шартсыз рефлекстердің негізінде қалыптасады. Шартты рефлекстер әдісін пайдалана отырып, И.П.Павлов бас ми жартышарларының қызметі сыртқы ортадан жүйке жүйесіне және сонымен қатар ағзаның өзінен әсер ететін көптеген тітіркендіргіштердің талдау және жинақтау үрдістерінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет