Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін



бет33/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Оқытудың техникалық құралдары: проектор
Лекция өткiзу тәртібі:
1. Жеке жұмыс 2. Өзекті материалдар 3. Қортындылау 4. Бағалау
Бақылау сұрақтары:

  1. Әмір Темір қай тайпадан шыққан?

  2. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің ғажайып туындысы?

  3. Темірдің билік құрған кезінде Ақ орданы кім жаулап алды?

Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

  1. Темірдің көрші мемелекеттерге жасаған жорықтары.

  2. Империяның құрылуы және ішкі саясаты.

  3. Мемлекеттің сыртқы саясаты. Алтын Орда және Моғолстанмен байланыстары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Оссон. От Чингизхана до Тамерлана. А., 1996

  2. Қинаятұлы З. Шыңғыс хан және Қазак мемлекеті. Т. 1: Шыңғыс хан.:- Алматы, «Арда», 2008.- 430 б.

  3. Юлагы А. Шыңғыс хан және XIII ғ. Орта Азия: Қарақұрымнан Тебризге дейін. Түркістан
    2004.



Лекция №23
Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғғ. экономикасы
Жоспар:
1. Мал шаруашылығы және оның түрлері. Егіншіліктің дамуы.
2. ХІҮ-ХҮ ғғ. қалалар, қалалық және селолық қоныстар.
3. Қолөнер мен сауданың дамуы.
4. ХІҮ-ХҮ ғғ. керуен жолдары және ақша айналымы.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: ХІІІ ғасырдың ортасында монғол шапқыншылығынан кейін қала мәдениетінің жандануының негізін айқындау.
Лекция мазмұны: ХІV-ХV ғасырларда Қазақстан жеріндегі халықтардың өмірінде бір хандықтар тарап, екінші хандықтар кұрылып, шексіз өзгерістср болып жатқанына қарамастан, халық ертеден келе жаткан ата кәсібі - мал шаруашылығымен дәйекті шүғылданған. Оның отырықшы, көшпелі және жартылай көшпелі түрлері болды. Отырықшы мал шаруашылығы оңтүстікте, Сыр бойының күнгей беттерінде күшті дамыды. Маңғыстау, Арал аймақтарын мекендеген ел бүкіл жыл бойы жайылымнан жайылымға үздіксіз көшіп жүрген. Мал шаруашылығының кең тараған дәстүрлі түрі жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан шаруалар ішінара егін егіп, малдың қысқы азығын дайындауды әдетке айналдырды. Олардың қыстауға арналған тұрақты орындары болды. Көп жерлерде қой мен жылқы өсіру басты орын алса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы отырықшылық жерлерде табындап мүйізді ірі қара өсірілді.
Қазақстанның саяси орталығының елдің оңтүстігіне ауысуы егіншіліктің дамуына жол ашқанын айту керек. Бұл жерлерде ел билеушілер егіншілік ошақтарын қалпына келтіруге күш салды. Егіншілік, әсіресе, қала маңдарында қатты дамыды. XIV ғасырда Сырдарияның орта ағысындагы егіншіліктің күшті дамыған жері - Сығанақ қаласы. Қала түрғындары суармалы учаскелерде бау-бакша мен көкөніс өсірді, дәнді дакылдар егілетін суармалы және тәлімі жерлер олардан алысырақ орналастырылды.
Егіншіліктің, екінші бір орталығы - Ясы каласының маңы. Бүл араның түрғындары астык және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерімен тек өз мүктаждықтарын қамта-масыз стіп қоймай, сонымен қатар астықты базарға шығарып отырды. Егіншіліктің ірі ошактары Отырар, Сауран және Сайрам, сондай-ақ Тараз, Сауыр, Қорған, Аспара қалаларының маңында көптеген егін шаруашылығы дақылдары өсірілді. Іле алқабында дәнді дақылдар, атап айтқанда, бидай мен арпа өсірілгені туралы дерек бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет