Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін



бет14/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы

4. Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, слайдтар, презентациялар.
5. Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: ақпаратты лекция, проблемалық оқыту технологиясы.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі) және оларды бағалаудағы ұпайдардың үлестірілуі:
1-деңгейдің сұрақтары(1-5 ұпай)

  1. Сақ тиграхаудалардың басты этнографиялық ерекшеліктері қандай болды?

  2. Тиграхауда сақтары қай жерді мекендеді?

2-деңгейдің сұрақтары (1-7 ұпай)
1. Парсы патшасы Кир мен сақтар арасында кімге қарсы әскери одақ құрылды?
2. Дарий І сақтарға қай жылы жорыққа аттанды ?
3-деңгейдің сұрақтары (1-8 ұпай)
1. Шырақтың ерлігі туралы қай грек тарихшысы әңгімелейді?
2. Савроматтар қай өңірді мекендеді?
3. Сақ дәуіріндегі күймелер туралы мәлімет кімнің шығармаларында сақталған?
7. СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын
ұпайдардың үлестері(1-15 ұпай): Сақ қоғамы әлеуметтік жағынан сипаттама беру.
8. Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Акишев К.А. Культура саков и усуней долины Или. – А-А., 1981.
2. Акишев К.А. Курган «Иссык». Исскуство саков Казахстана. – М., 1978.
3. Смирнов К.Ф. Савроматы. Ранняя история и культура савромат. – М., 1964.
Лекция №10.
Сақтар, скифтер: «Алтын адам» .


2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Сақтардың мәдениеті туралы нақты мәліметті Есік қорғаннан табылған «Алтын киім» киген жауынгер туралы мәлімет беру.
3. Лекция мазмұны. Сақ заманы тайпалары мәдени шығармашылығының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнері ерекше орын алды. Соның ішінде аң стилді бейнелеу шығармашылығы ерекше аталды. Онда бұғы, қой, түйе, жолбарыс, барыс, қыран т.б. аңдардың бейнесі сомдалып жасалды. Аң стиліндегі өнер хайуандар бейнелерін нақты бейнеленген. Сонымен қатар аң стиліндегі жасалған өнері мазмұны жағынан мифологиялық өнер болды. Сақ тайпаларының мәдениеті сол кездегі көшпелілердің идеологиялық көзқарасында көрсете білді. Сақтардың мәдениеті туралы нақты мәліметті Есік қорғаннан табылған «Алтын киім» киген жауынгерлердің бейнесінен көруге болады, алтынмен жасалған ою-өрнек, тағы басқа бейнелер қаз қалпында сақталған. Ал сақтардың басқадай қолданбалы маңызды түрі ою-өрнектері болды, ол аң стилі өнерімен байланыста дамыды. Көркемдік металға қарағанда ою-өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталатыны мәлім, өйткені ою-өрнек салынатын органикалық негіз /тері, киіз, ағаш, жүн, металдар/ тез шіріп кетеді. Сондықтан да ою-өрнектердің кейбір ерекше түрлері /алтын, күміс, металл/ ғана сақталған. Сондай-ақ, сақ заманының көркемдік шығармашылығын жартастардағы суреттер толықтыра түседі. Мысалы, «Таңбалы тас» /Алматы облысы/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет