Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін



бет21/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы

4. Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, слайдтар, презентациялар
5. Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: проблемалық лекция, проблемалық оқыту технологиясы.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі) және оларды бағалаудағы ұпайдардың үлестірілуі:
1-деңгейдің сұрақтары (1-5 ұпай)
1. Жібек Жолының тармақтары?
2. Ұлы Жібек жолының Сырдария, Жайық, Еділ бойы, Кавказ, Қара теңізге өтетін тармақтарын қай тайпа өз бақылауында ұстаған?
2-деңгейдің сұрақтары (1-7 ұпай)
1. VІ-Х ғасырларда Қазақстанда жазудың дамуы.
2. VІІІ-ІХ ғасырларға жататын әдеби шығармалар “Қорқыт ата” кітабы мен “Оғызнама” дастаны.
3-деңгейдің сұрақтары (1-8 ұпай)
1. VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар.
2. Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы.
7. СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайдардың үлестері (1-15 ұпай): Жібек жолының тармақтарымен танысып, картаға түсіру. "Жібек жолы сауда жолы ғана емес, көшпелі, отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы" тақырыбында эссе жазу.
8. Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштері.- Алматы, 1990.
2. Ақселеу Сейдімбек. Қазақ әлемі.- Алматы, 2000.
3. Аманжолов А. Түрік филологиясы және жазу тарихы.- Алматы, 1996.
4. Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан.- Алматы, 1992.
Лекция №16:
Түрік дәуірі (Түрік, Батыс-Түрік, Түркеш, Қарлұқ қағанаттары)
Жоспар:
1. ІІІ-Ү ғғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай.
2. «Түрік» этнонимі және Түрік этногенезі туралы зерттеулер.
3. Түркеш және Қарлұқ қағанаттары.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттердің құрылу, даму және күйреу процесстерін ашу, бұл мемлекеттердің қоғамдық құрылысын, шаруашылығын қарастыру.
Лекция мазмұны. Халықтардың Ұлы қоныс аудару дәуірі Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Еуропаның этниқалық және саяси картасын айтарлықтай өзгертті. V ғасырға
қарай солтүстік Монғолиядан Орта Азияның Амудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жерлерін бәрінде түріктілдес тайпалар мекен етті.
«Түрік» деген сөз тұңғыш рет қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлықтар түріктерді ғұндардың ұрпағы ретінде санаған. VI ғасырдың бірінші жартысына дейін түркілер Монғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварлардың қол астында болған. 546 жылы түркілерге Алтайда теле деген тайпаның 50 мың үйі келіп қосылады, осы себептен олар кәдімгідей күшейеді.
552 ж. көктемінде түріктердің билеушісі – Бумын басқаруымен аварларға қарсы шығып, оларды жеңіп, өз мемлекетін құрады. Тарихқа бұл мемлекет Түрік қағанаты атымен кіреді, ал негізін қалаушысы Бумын-қаған атағына ие болады.
Өз мемлекетін нығайту үшін, аталастарын топтастыру үшін, Бумын-қаған көршілес мемлекеттерге жорықтар жасап, түрік ақсүйектерге сол жорықтардан тапқан табыстарды бөліп отырған. Бумын-қаған 553 ж. қаза табады. Оның мұрагері Мұқан-қаған (553-572 жж.) билік құрған жылдары Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке ие болады. Түріктер Мұқан-қаған тұсында бірнеше көршілес тайпаларды бағындырады, соның ішінде: Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, ал Солтүстік Қытай мемлекеті оларға алым-салық төлеп тұрады.
Жоғары айтып кеткен тайпаларды бағындырғаннан кейін, түріктер Орта Азияға қарай ұмтылады. Бұл арада олар эфталиттер деген тайпалармен кездеседі. Олардың жерлері Каспий теңізінен Шығыс Түркістанға дейін созылған. 561-563 жж. Мұқан-қаған Иранмен эфталиттерге қарсы одақ құрып, олардың негізгі күшінің күл-талқанын шығарады. Осы оқиғалардан кейін, түріктер Орта Азияда саяси билікке үстем болады. Сонан соң, түріктер Византиямен екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы әскери шарт жасайды. Парсылар Византия мен Түрік қағанатының өзара одақ құруына мейлінше қарсы болады. Бірақ, 568-589 жж. Түріктер Иранға қарсы бір неше жорықтар жасап, көптеген бай қалаларды басып алады. Енді Иран түріктерге жыл сайын 46 мың алтын теңге салық төлеп тұруды және олардың сауда-саттығына кедергі жасамауды міндетіне алады.
Сонымен бірге, өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар, қағанатты қатты әлсіретеді оның ыдырауына себеп болады. Сонымен, 603 ж. Түрік қағанаты екі дербес қағанаттарына – Батыс және Шығыс қағанатына бөлінеді.
Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйтқысы – «он оқ будун» - «он тайпа » болды. Астанасы – Суяб қаласы болды, ал қағанның жазғы ордасы – Мың-бүлақ еді. Жегуй-қаған (610-618 жж.) мен оның інісі – Тоң-жабғы (618-630 жж.) билеген кезде қағанаттың күш-қуаты гүлдене түседі. Көршілес мемлекеттерге (Ауғаныстанға, Кавказға, Пакистанға) жасалған жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжытып кеңейтеді.
Батыс түрік қағанаттың халығы мал және егін шаруашылығымен шұғылданған, мал шаруашылығына байланысты көшіп-қонып жүрген. Жетісу бойында олардың қалалары өркендей бастады (Шу алқабында VI-VIII ғғ. 18 ірі-ірі қалалар болған).
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда қағанат бір жағынан, ақсүйек топтар, екінші жағынан, оларға бағынышты топтар болып бөлінді, оларды «қара будун» деп атаған.
Қағанат ішінде өзара тартыстар жүріп, билеушілер жиі-жиі ауысып жатты, бұл жағдай ыдыраушылықты асқындырып жіберді. 16 жылға (640-657 жж.) созылған тайпалар арасындағы соғыс пен әулеттік ішкі қырқыстар Жетісуға Тан империясы әскерінің кіруіне әкеліп соқты. Алайда түріктердің Қытай басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізілген тынымсыз күресі түркештердің күшейіп көтерілуіне себеп болды. Түргештер – Батыс түрік қағанатының батыс бөлігін мекендеген көп сан тайпалар болған.
Сонымен, Батыс түрік қағанаты 704 ж. ыдырап, оның орнына Түргеш қағанаты бой көтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет