Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін


Лекцияның оқыту тәртібі, әдістері мен түрлері



бет19/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы

5. Лекцияның оқыту тәртібі, әдістері мен түрлері: : проблемалық лекция, проблемалық оқыту технологиясы.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі) және оларды бағалаудағы ұпайдардың үлестірілуі:
1-деңгейдің сұрақтары (1-5 ұпай)
1. Қаңлы халқы туралы қытай деректері не айтады?
2. Қаңлы билеушісінің басты ордасы қайда орналасты?
2-деңгейдің сұрақтары (1-7 ұпай)
1. Қаңлылар қалдырып кеткен ескеркіштер қандай мәдениетке жатады?
2. Қаңлылардың зерттелген археологиялық ескерткіштерін атаңыз.
3-деңгейдің сұрақтары (1-8 ұпай)
1. Көк Мардан қаласы қайдан табылды?
2. . Қаңлыларда сауданың болғандығына не дәлел?
3. Қаңлыларда дамыған қолөнер түрі?
7. СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайдардың үлестері (1-15 ұпай): Қаңлылардың тарихын зерттеуде жауабын таппаған сұрақтар көп. Солардың қатарында қаңлылардың шығу тегіне қатысты мәселені зерттеу.
8. Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.
2. Байбатша.Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы. «Санат» баспасы, Алматы 1998.

Лекция №14.
Ғұндар, үйсіндер, қаңлылардың көшпенділер және отырықшы өркениеттің қарым-қатынастары мен материалдық және рухани мәдениеттері.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Ғұндар, үйсіндер, қаңлылардың көшпенділер және отырықшы өркениеттің қарым-қатынасы, материалдық және рухани мәдениеті, діни сенімдері, бейнелеу өнерінің ерекшеліктері және мыңызын ашып көрсету.
Лекция мазмұны. Ғұн, үйсін, қаңлы сияқты үш мемлекеттің бір-бірін жақын тартатындығы, байланыстарын үзбейтіндігі мәлім. Шаруашылығы мен тұрмыс-салтының ұксас болуы да олардың этникалық жағынан да жақын, туыскан екендігін аңғартады. Қаңлылар біздің заманымызға дейін I ғасырда гүлденді. Өзінің тәуелсіздігін сақтап, Кытайға аманат ретінде адам жіберуден бас тартқан. Алайда қаңлылар ғұндармен жақындасып одақ құрды. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып бөлінгенде, солтүстік ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді қолдады. Чжи-Чжи бастаған елге өз жеріне қоныстануға жағдай жасады. Қаңлы билеушісі Чжи-Чжиге өз қызын әйелдікке берді. Ал Чжи-Чжи өз кезегінде күш жинап, қаңлыларды менсінбеуге айналды. Орталық Азиядағы үстемдікке ұмтылды. Ғұндар қаңлы мен үйсіндер арасындағы соғысқа араласты. Ал үйсіндерді Хань империясы колдап отырды. Біздің заманымызға дейін 42 жылы ғұндар мен қаңлылардың біріккен күштері үйсіндердің астанасын (Ыстықкөл жағасындағы "Қызылаңғар қаласын") талқандайды. Ферғаналықтарға жорық жасайды. Чжи-Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына қорған салдырып, оған каңлы, Ферғана, Бактриялықтарды шақырды. Қытайға қарсы күресте көрші елдерден көмек іздестіре бастайды. Бұл Қытайдың сыртқы саясатына қарама-қайшы келді. Батыс өңірде үстемдік орнатуға кедергі болып отырған Чжи-Чжи тәңірқұтының көзін жою кезек күттірмейтін мәселеге айналды. "Чжи-Чжидің бүгінде күш-құдіреті, айбаты асқақтап, атағы алысқа тарады. Үйсін Ферғананы өзіне бағындырғалы жүр. Егер ол осы екі елді бағындырып алатын болса, онда қалалық елдерге қауіп төндіреді. Оның үстіне, адамдары сом денелі, батыр, соғыста әбден шыңдалған. Егер осылай күшейіп кете беретін болса, Батыс өңірге лаң салуы мүмкін". Жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскерлері Чжи-Чжиға қарсы жорыққа шықты. Әскердің бір бөлігі оңтүстіктен Памир арқылы Ферғана бағытын ұстаса, қалған бөлігі солтүстіктен үйсіндердің жері арқылы қаңлылардың Ыстықкөл маңындағы шекарасына бет алды. Біздің заманымызға дейін 36 жылы Чжи-Чжи мен Қытай әскерлерінің арасындағы шайқас Талас қорғанында екі күнге созылды. Л. Гумилев: "Бұл шайқасқа римдік легионерлер қaтысты", — деп көрсетеді. "Ғұндардың бір бөлігі Батысқа қоныс аударып, Талас өзенінің бойындағы далаға орын теуіп, парфиялықтармен одақ құрды. Олар ғұндарға көмек көрсету үшін римдік әскери тұтқындардың жасағын жіберді". Ал қытай жылнамашысы Чжи-Чжидің соңғы демі таусылғанша қалай жанқиярлықпен шайқасқанын былайша баяндайды: "Тәңірқұты өзі сауыт киіп, қамалдың мұнарасына шықты. Әйелдер де қолдарына садақ алып, қорғанға ұмтылған әскерлерді ата бастады. Тәңірқұтына оқ тиді. Әйелдер де түгелдей оққа ұшты. 1518 адамның басын алып, 145 адам тірідей ұсталып, 1000 адам тұтқындалды". Қаңлылар өз тараптарынан Қытай басқыншылығына қарсы тұруға ұмтылды. Өз жерін қорғап, ғұндарға көмекке келгенімен, бұл ұмтылыс сәтсіз аяқталды. Қаңлы мемлекеті біздің заманымдың III ғасырына дейін өмір сүрді. Мемлекеттің ыдырауына экономикалық әлсіздігі себепші болды. Оңтүстіктегі отырықшылықпен айналысатын аудандардың солтүстіктегі көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын аудандармен байланысы нашар болды. Мұның өзі біртұтас елге айналу жолында кедергі келтірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет