Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін



бет16/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы

4. Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, слайдтар, презентациялар.
5. Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: “Миға шабуыл” лекциясы.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі) және оларды бағалаудағы ұпайдардың үлестірілуі:
1-деңгейдің сұрақтары (1-5 ұпай)
1. Қай деректерде алғаш рет хунну (сюнну) тайпалық одақтары туралы мәлімет кездеседі?
2. Қытай деректерінде ғұндардың билеушілерін қалай атаған?
3. б.з.д. 206 ж. ғұн тайпаларының басшысы кім болды?
2-деңгейдің сұрақтары (1-7 ұпай)
1. «Бейбіт және туыстық келісімінің» шарттары қандай болды?
2. б.з.д. 177 ж. ғұндардың әскери жорықтары туралы не белгілі?
3-деңгейдің сұрақтары (1-8 ұпай)
1. Солтүстік ғұндарды кім басқарды?
2. Ғұндардың оңтүстік және солтүстік болып бөлінуі қай уақытта болды?
7. СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайдардың үлестері (1-15 ұпай): б.з.д. 32 ғғ. саяси оқиғалар хронологиясын орнату қажет. Ғұндар мен Хань династиясы арасындағы қарым-қатынас кезеңдерін анықтау қажет. Ғұндардың күшею алғышарттары мен Хань династиясының жеңілу себептерін анықтау керек. Аталмыш оқиғалардың ежелгі Қазақстан тұрғындары тарихындағы алатын орнын анықтау.
8. Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. – М., 1964.
2. Кляшторный С.Г. История Центральной Азии и памятники рунического письма. – С-П., 2003.
3. Гумилев Л.Н. Хунны. – А., 2004.


Лекция №12.
Үйсіндер, қоныстану аймағы, әскери-саяси құрылымы, шаруашылығы,
археологиялық ескерткіштері.


Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Үйсін тайпалар одағының территориясы, әскери-саяси ұйымдасуы , шаруашылығы, қоғамдық құрылысы туралы талдау жасау.
Лекция мазмұны: Үйсін мемлекеті - б.з.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі '''үйсіндер''' мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II-I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", - деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет