Лекция Липидтер алмасуы. Сіңірілуі, липидтер алмасуындағы тіндер мен мүшелердің ролі. ДӘріс жоспары: Тағам липидтері және қорытылуы


Липидтер алмасуындағы өкпенің ролі



бет5/6
Дата20.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75532
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
89793c2ca0f7eb35be3c262dc9917c2d

Липидтер алмасуындағы өкпенің ролі.
1.Өкпе ХМ қатысты бөгеттік немесе қор жинау ролін атқарады. Астың қорытылуы кезінде ХМ көп түседі, сол кезде өкпе оларды ұстап қалып, қорға жинайды, ал артерия қанындағы ХМ деңгейі азайғанда өкпе өзінде қорға жиналған ХМ береді.
2.ХМ-ң біраз бөлігі өкпеде ыдырап, оның құрамындағы ТАГ глицерин және БМҚ-на дейін гидролизденеді. Ал олар тотығып, энергия бөледі, бұл энергия дем алғанда жұтылған ауаны жылытуға жұмсалады. Сонымен қатар АТФ түрінде жиналған энергия өкпедегі анаболикалық реакцияларға және механикалық жұмысқа пайдаланылады.
Бауырдың ролі.
Липидтер бауырға 2 түрлі жолмен 10%-ы қақпа венасы арқылы, 90%-ы бауыр артериясы арқылы түседі. Бауырда липидтер алмасуының барлық реакциялары дерлік өтеді:
А) Анаболикалық:
1. Келесі заттардың синтезі:
  • 80% ХС;
  • 100% ХС эфирі;
  • 80% ФЛ;
  • 100% ЛП;
  • 100% ЛП-ң апобелоктары;
  • 100% кетон денелері;

  • 2. Липогенез (фосфатид қышқылы арқылы аз мөлшерде ТАГ) синтезі.
    3. Липонеогенез.
    4. БМҚ синтезі.

Б) Катаболикалық реакциялар:
  • Глицериннің тотығуы.
  • Май қышқылдарының β-тотығуы.
  • ХС-ң өт қышқылдарына дейін тотығуы (100%).
  • Липолиз.
  • Майда еритін витаминдер мен стероидты гормондардың метаболизмі.

Липопротеиндердің (ЛП) құрылысы, құрамы
ЛП – белокпен байланысқан ерекше липидтік комплекс, липидтердің тасымалдану формасы. Олардың ХМ-нан ерекшелігі белоктары мен фосфолипидтері көбірек, сондықтан ЛП тұрақтылау және көлемі кішірек болып келеді.
Барлық ЛП-да суда ерімейтін
  • гидрофобты ядросы (ТАГ, ХЭ);
  • сыртын қоршап тұрған гидрофильді қабаты (ФЛ, бос ХС, Б) болады.

  • ЛП құрамына кіретін белоктарды апопротеин (апобелок) деп атайды. Апобелоктың А, В, Е, С, Д түрі бар.

ЛП 3 ТҮРІ БАР:
1. ТЫҒЫЗДЫҒЫ ӨТЕ ТӨМЕН ЛИПОПРОТЕИН (ТӨТЛП) – пре-β-ЛП;
2. ТЫҒЫЗДЫҒЫ ТӨМЕН ЛИПОПРОТЕИН (ТТЛП) – β-ЛП;
3.ТЫҒЫЗДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ЛИПОПРОТЕИН (ТЖЛП) – α-ЛП.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет