Бастапқы қалдықтарды шоттар бойынша енгізу
Бухгалтерлік есепті 1С:Бухгалтерия программасымен жүргізуді жаңа тоқсаннан бастау ұсынылады.
Бастапқы қалдықты енгізбес бұрын мынадай амалдарды орындау керек:
1. Кәсіпорында қолданылатын шоттарды анықтау.
2. Субконто түрін және субконтоның өзін анықтау.
3. Талдамалы, сандық, валюталық есеп жүргізу белгілерін қою.
4. Есепті кезенді анықтау (ай, тоқсан, жыл). Қалдық өткен кезеңге (жыл болса өткен жылдың соғы айына, тоқсан болса өткен тоқсанның соңғы айына, ай болса өткен айдың сонғы күніне) енгізіледі.
5. Операциялардың көріну аралығын анықтау.
6. Қалдықты енгізу күнін (датасын) анықтау. Қалдықты енгізу күні үшін әдетте айдың соңғы күні алынады.
Көру аралығы
Көру аралығы журналды қарап шығу барысында нақты уақыт аралығында құжаттардың көрінуін анықтайды. Журналдағы жазулардың көріну аралығын қою үшін программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пунктіндегі "Аралық (Интервал)" бөлімін немесе журналдағы құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз. Экранға "Журналдың параметрлері (Параметры журнала)" диалогы шығады. Сәйкес өріске құжаттардың көріну аралығының бастапқы және соңғы күнін теріңіз. Журналда осы көрсетілген күнге байланысты ғана құжаттар, операциялар, проводкалар шығады.
Қалдықтың дұрыстығын тексеру
Қалдықтарды журналға енгізіп болғаннан кейін оның дұрыстығы тексеріледі. Ол үшін "Қалдық-айналым ведомосын" қарап шығу жеткілікті. Егер қалдық дұрыс енгізілсе, 00 шоты бойынша соңғы Дебеттік және Кредиттік қадықтар нөлге тең болуы керек. Қалдык-айналым ведомосының дұрыстығын тексергеннен кейін қалдық бойынша Баланс алынады. Одан кейін кәсіпорынның шаруашылық қызметі басталады. Бұл кезеңде күнделікті кәсіпорында болған шаруашылық операциялары проводка немесе құжат түрінде Журналға енгізіледі және осы енгізілген проводкалар мен құжаттар негізінде керекті есеп беру құжаттары алынады.
Енгізілген проводкалар негізінде нәтижені тоқсан, жыл, ай және кез келген кезенде алуға болады. Нәтижені есептегеннен кейін программа мынадай тізімдемелерді береді:
- жиынтық проводкалар;
- қалдық-айналым ведомосы;
- талдамалы есеп объектісі бойынша қалдық-айналым ведомосы;
- карточка-шоттары;
- талдамалы есеп объектісінің нақты объектісі бойынша карточка-шоттары;
- шоттарды талдау (күні бойынша, талдамалы есеп объектісі бойынша);
- барлық шоттар бойынша талдау есебінің объектісіне талдау жасау;
- барлық шоттар бойынша талдау есебі объектісінің карточкасы;
- журнал-ордерлер;
- шоттарды талдау;
- бас кітап;
- шахматка;
- ведомостар және тағы басқалар.
Журналдарда деректер жыл бойына сақталады, яғни бұрынғы проводкаларға түзету енгізуге, қарауға және тағы басқа да деректерге қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |