Лекция мақсаты: Бастапқы қалдықтар түсінігі және оны операциялар журналына енгізуді үйрету.
1. Операциялар, проводкалар, құжаттар журналының қызметі және форматы. Журналдар параметрі және оны орнату. 2. Журналдармен орындалатын операциялар. 3. Бастапқы қалдықтарды шоттар бойынша енгізу. Талдамалы, жинақтамалы, валюталық және сандық есеп қалдықтарын енгізу 4. Қалдықтардың дұрыстығын тексеру. Қателердің түрлері. Қалдық айналым ведомосы. Шоттар карточкасы. 5. Қалдықтар бойынша Кіріспе Баланс.
Проводкалар журналы Проводкалар журналы енгізілген операцияларды бухгалтерлік проводкалар тізімі түрінде қарауға мүмкіндік береді. Әр операция бір немесе бірнеше проводкалардан тұруы мүмкін.
Проводкалар журналын шақыру үшін программаның "Амалдар (Операции)" басты менюінің "Журналдар)" бөлімін таңдаңыз немесе құралдар тақтасынан кнопкасын басыңыз. Проводкалар журналы әр жолы проводкалардың корреспонденцияларынан тұратын кесте түрінде бейнеленеді. Проводка журналының бағаналарында проводкаға, сондайақ операцияға тиісті проводкаларға байланысты мәліметтер көрсетіледі. Төменде проводка журналының бағаналарының атаулары және оның құрамы келтірілген. Бағана атаулары нақты конфигурацияға байланысты болады.
"Уақыты" - операция (құжат) уақыты;
"Құжат" - осы операцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы "Операция" түріне жатады.
Нөмер-операция нөмірі.
"Түсініктеме" - операцияның түсініктемесі.
"Операция сомасы" - операция сомасы. Берілген мәнді пайдаланушы көрсетеді немесе операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады.
"Проводка нөмірі" - операцияға тиісті проводканың реттік нөмірі. Егер проводкалар журналының жолы проводкалардың корреспонденциясынан, яғни, оның бөлігінен тұрса, онда корреспонденция нөмірін екі жолдан тұрады.
"Шоттар жоспары" - проводканың дебеттік және кредиттік шоттарын анықтайтын шоттар жоспарының атауы.
"Дебет шоты" - проводканың дебеттік шоты.
"Кредит шоты" - проводканың кредиттік шоты.
"Субконта" – проводка субконтосы.
"Валюта" - проводкадағы валюта атауы. Егер конфигурацияда анықгалған болса, валюталық есеп жүгізу үшін қолданады.