Лекция мақсаты : 1С: Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру


Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу (түзету)



бет11/29
Дата15.12.2022
өлшемі264,98 Kb.
#57482
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу (түзету)
Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу барысында операция реквизиттерін дұрыс толтыру, операция проводкаларының тізімін құру және оны дұрыс толтыру ережелері көрсетіледі. Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу арнайы түзету терезесінде орындалады. Түзету терезесін шақыру үшін типтік операция тізімінен керекті операцияны таңдап келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
- Типтік операция терезесіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын немесе
-F5 пернесін
немесе
- Менюдің "Әрекет (Действия)" пунктінен "Түзету (Редактировать)" командасын таңдаңыз.
Бір немесе бірнеше проводкалардан тұратын бір шаруашылық операциясына тиісті үлгі типтік операция үлгісі деп аталады. Типтік операциямен жұмыс екі режимде жүргізіледі:
=> типтік операция үлгісін құру;
=> дайын үлгіні қолдану.
Типтік операция үлгісіне мыналар жатады
- операция деректемелерін(реквизиттерін) толтыру ережелері: күні, нөмірі, сомасы және түсініктемесі;
- қосымша деректемелерді толтыру ережелері, егер ол операция үлгісінде көрсетілген болса;
- операция проводкаларының тізімі;
- проводка деректемелерін толтыру ережелері - шоттар корреспонденциясы, сомасы, субконто, саны, валюта және валюта сомасы;
- проводка сомасын есептейтін формула.
Экранға типтік операция үлгісін құру терезесі шығады.
Терезе екі бөліктен тұрады. Терезенің төменгі бөлігіне операция түрі қолмен енгізіледі. Онда операцияның күні, нөмірі, сомасы және қысқаша түсініктемесі, сонымен бірге операцияның бухгалтерлік проводкалары жазылады. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында 1С:Бухгалтерия жүйесінде талдамалы, сандық, валюталық есеп жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Сондықтан проводкалар тізіміне сәйкес талдамалы есеп объектісі (субконто), саны, валюта түрі және валюта сомасы сияқты деректемелер көрсетіледі. Терезенің жоғарғы бөлігіне проводка сомасын есептеу формуласы жазылады. Бір терезеден екіншісіне өту маустың немесе Shift+F6 пернелерінің қосындысын басу арқылы орыңдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет