Лекция мақсаты мен міндеті: Философияның қоғамдағы алатын рөлін түсіндіру



бет30/36
Дата14.10.2023
өлшемі0,72 Mb.
#115094
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Байланысты:
Лекция мақсаты мен міндеті Философияның қоғамдағы алатын рөлін -emirsaba.org

Іскерлік (бизнес) философиясы.
Лекция мақсаты мен міндеті: Іскерлік (бизнес) философиясы туралы түсініктерді түсіндіру.
Лекция жоспары:
1. Іскерлік (бизнес) философиясы туралы ұғым
2. Кәсіпкерліктің қызметіндегі басты мәселелер
3. Бизнес этикасы
Лекция мәтіні:
Кәсіпкерлік (бизнес) адамдардың арасындағы іскерлік қатынасты, нақтырақ айтатын болсақ, іске қатысушылардың арасындағы қатынасты сипаттайды. Қандайда бір іспен шұғылданатын адам, іскер адам бизнесмен болып табылады. Адам айналыса алатын кез келген іс - іс ұғымына жатпайды, ол оның экономикалық қызметі деп түсіну керек.
Рим заңында «кәсіпкерлік» кәсіп, іс, қызмет әсіресе сауда түрінде қаралды. Кәсіпкер ұғымын қоғамдық құрылысты жүргізетін жалға алушы-адам деп түсінуге болады. Орта ғасырда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынада қолданды. Ең алдымен оған сыртқы саудамен айналысатын адамдардың қатысы болды. Еуропа мен Қытай арасындағы сауда дамуын бастап берген жиһанкез Марко Поло осындай кәсіпкерліктің алғашқы қарлығашын ұшырды.
«Кәсіпкер» ұғымы ғылыми термин ретінде XVIII ғасырдың басында атақты ағылшын экономисі Ричард Кантильоннің жұмысында жарық көрді. Ол кәсіпкерліктің бірінші тұжырымдамасын әзірледі, ал кәсіпкер деп қауіп қатер жағдайында іс жүргізетін адамды атаған, осыған байланысты саудагерлер, фермерлер, кәсіпшілер және басқа шағын жеке меншік иелері тауарды нақты бағамен сатып алып, белгісіз бағамен сатып отырған.
Кәсіпкерлік ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі мен қабілеттерін айқындайды. Оның дамуы орта ғасырлардан бастау алады, ал оған сол кездегі көпестер, саудагерлер, қолөнер қызметкерлерінің іс-әрекеттері дәлел болады. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы және жабайы қарапйым түрі болып саналады. Кәсіпкерліктің даму тарихына тоқталатын болсақ, алғашқы қауымдық қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік мәмілелер (тауар – тауар) формасында болғанын мысалға келтіре аламыз. Осы мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған қауымдастықтардың ыдырап, құл иеленушілік қоғамның пайда болуына алып келді. Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының мақсаты – жаулап алу нәтижесінде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар.
Алайда, кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі – сауданың пайда болуы және өркендеуі болып табылады. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болған деп есептелінеді. Осылайша, халықаралық сауданың дамуы өткізу нарықтарында қиыншылық тудыруымен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік қоғамдардың құрылуына - Ост-Индиямен, Гудзон шығанағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді.ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, содан кейін акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Индия сауда компаниясы, ал ХVІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды. Қазақстанда да кәсіпкерлік қызмет ерте заманнан дамып келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік кең түрде дамыды. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қолөнершілер, шеберлер қолдан жасап, оларға ою-өрнектерді ойып, безендіріп, тоқыма тоқып, кілемдер тоқып, іс тігіп, халықтың сұранысын қанағаттандырып отырды.
Алғаш рет «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» терминдерін ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон 9 (1650 – 1734 жж.) ғылымға енгізіп, оны «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында жариялаған. Р.Кантильон «кәсіпкер деп – тәуекел негізінде пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыратын адам» деген болатын. Кейінірек ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Франсуа Квисней сияқты физиократтар кәсіпкерлік тұжырымдамасын кеңейте түсті. Олар Р.Кантильон сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ кейіннен бұл ұғымды кеңейте отырып, бұл анықтамаға өндіріс процесін енгізді. Ағылшын экономисі Адам Смиттің (1723-1790 жж.) пікірінше, «кәсіпкер – өзінің коммерциялық идеяларын жүзеге асырушы және пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыра отырып, тәуекелге баратын адам». Сондайақ, 1776 жылы А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» атты еңбегінде кәсіпкердің сипатына көп көңіл бөлген. Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына өз үлесін қосқан және тұрпайы саяси экономикасын бастаушыларының тағы бір әйгілі экономисі Жан-Батист Сэй (1767-1832 жж.) болып табылады. Ол бизнес саласында өзінің тәжірибесімен таныла отырып, 1810 жылы алғашқы рет кәсіпкерлік қызметтің мәні мен оның қоғамдағы рөлін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында кәсіпкер және капиталист арасындағы айырмашылықтарын көрсетудің мүмкіндігі пайда болды. Экономисттер кәсіпкер мен менеджердің (капиталисттердің) арасындағы шекараны бөлуге тырысқанымен, ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмады. Америкада – Френсис Уокер, Ұлыбританияда – Альфред Маршалл, Германияда – Мангольд және т.б. зерттеушілер көптеген қиыншылықтармен кездесе отырып, барлық назарларын кәсіпкерлік қызметке бөлді. Зерттеушілер кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тепе-теңдік шарттары ретінде инновациялық компоненттердің маңыздылығын, машина және технологиялық процестерді ендірудіңбелсенді рөлін атап өткен. XIX ғ.басында олардың жұмыстарында кәсіпкерліктің экономикалық, ұйымдастырушылық және психологиялық белгілері ерекшеленеді, олар кейіннен оның негізгі функцияларына ауысады. Сол кезде, XIX ғ. экономист ғалымдар кәсіпкерліктің инновациялық сипатын көрсетті. Бұл көзқарас ХХ ғасырда, әсіресе оның екінші жартысында кеңінен қолданылады.
Қазіргі заманғы кәсіпкерлікті дамыту үшін XVIII-XIX ғғ. ғалым экономистердің кәсіпкер - капиталдың иесі, өз ісінің иесі, оны басқаратын, әсіресе өз капиталының (ісінің) жұмыс істеуінің бірінші сатысында, меншік иесінің жеке өндірістік еңбегімен функцияларын жиі қоса атқаратын деген тұжырымы маңызды мәнге ие болды.
ХХ ғасырда «кәсіпкерлік қызмет» туралы өздерінің ой-пікірлерін білдірген бірқатар ғалым-экономисттер бар. ХХ ғ. екінші жартысы – бұл батыс елдерінің көпшілігінде тәжірибелік өркениетті кәсіпкерліктің даму кезеңі. Осы уақытта, дамыған нарықтық экономикада кәсіпкерлік ұйымдар (фирмалар, компаниялар) үй шаруашылықтарымен және мемлекетпен қатар маңызды шаруашылық жүргізуші субъектілер болып табылатынын ескере отырып, көрнекті ғалымдар осы өзекті мәселеге жүгінеді. Мәселен, Август Каминка «Кәсіпкер – пайданы табу мақсатында өзі немесе басқа тұлғалардың көмегімен кәсіпкерлік қызметті жүргізетін және оны жеке-дара немесе басқа тұлғалармен біріктіре алатын тұлға» деп санайды. Демек, кәсіпкер – жеке кәсіпорынның иесі болып табылатын, оны қаржыландыратын, оған басшылық ететін және пайда алудың басты мақсаты бар тұлға. Өзге революцияға дейінгі ресейлік ғалым А. Петражицкий кәсіпкер өз бетінше, жеке өзі және өз атынан шаруашылық қызметті жүргізетін және «бүкіл мүлік тәуекелі» мен «өзінің барлық игілігі үшін жауапкершілікті» көтеретін субъектіні есептеу керек деп санайды. 30-шы жылдары белгілі американдық кәсіпкер Генри Фордтың еңбектері, ал 1953 жылы К. Рендолдың «еркін кәсіпкерліктің ұстанымы» атты қызықты жұмысы жарық көрді. Шетелдік ғалымдардың көптеген экономикалық ғылыми жұмыстары 1970 жылы жарияланды, ал соңғы 15 жылда кәсіпкерлік мәселелерімен айналысатын ғалымдардың еңбектері белсенді түрде жарық көре бастады деп сепетесек, бұл кәсіпкерлікті дамытудың оң тәжірибесін кеңінен алуға, сондай-ақ көптеген қателіктерді болдырмауға көмектеседі деп пайымдауымызға болады.
Мәселен, Ф. Хайек, сияқты көрнекті экономист ғалымдардың кәсіпкерліке деген көзқарасын қарастырайық. Экономикалық теорияға үлкен үлес қосқан Й. Шумпетер және П. Друкер, Ф. Хайек пікірі бойынша «кәсіпкер – шаруашылық жүргізуші субъект ретінде ерекше мінезқұлықпен, басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер әлі байқамаған пайда алудың түрлі мүмкіндіктерін анықтауға ұмтылыспен сипатталады». Ф.Хайек қазіргі жағдайда кәсіпкерлер жоғары нарықтық бәсекелестік шеңберінде әрекет ететінін және осы бәсекеде аман қалғандарды жеңетінін ерекше атап өтеді. Сонымен қатар, австриялық танымал ғалым Й. Шумпемер, «Кәсіпкерлік мамандық емес және мұндай жағдайда ұзақ уақыт бір орында тұруға болмайды» деген. Өз еңбектерінде Й. Шумпетер қазақстандық кәсіпкерлік үшін маңызы зор кәсіпкерлік теориясы мен тәжірибесінің маңызды мәселелері баяндалған. Осылайша, кәсіпкерлердің мәні, олардың жеке қасиеттері, қызмет уәждері және т.б. туралы ілім маңызды қызығушылық тудырады. Й. Шумпетердің айтуы бойынша «Кәсіпкер деп – қызметтің жаңа комбинацияларын жүзеге асыру арқылы, оның белсенді элементі ретінде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер». Шумпетердің пікірінше, кәсіпкерлер адамдардың ерекше түрі және олардың қызметі ерекше мәселе болып табылады, өйткені олар жаңа нәрсе жасау функциясын орындайды, себебі, үйреншікті және сыналған нәрседен гөрі объективті түрде жаңа нәрсе жасау қиын.
Й. Шумпетер кәсіпкерлік пайда теориясын жасады. Й. Шупетер өзінің «Экономикалық даму теориясы» атты кітабында «Кәсіпкерлік пайда – бұл барлық шығындарды жабудан кейін еркін қалған, ең алдымен кәсіпкер тұрғысынан еркін қаражаттың бір бөлігі», - деп жазды. Шумпетердің пікірінше, кәсіпкерлік пайда - бұл жаңа комбинацияларды жүзеге асырудың нәтижесі. Шумпетер бойынша кәсіпкердің мотивтері «одан да көп табу» поддевизі 11 қалыптасады. Ең алдымен, бұл өз жеке империясын құру арманымен байланыстырады, бірақ көп жағдайда емес. Ал, өзінің империясы кәсіпкерге ісәрекеттер мен билік сезімін береді. Й. Шумпетердің пікірінше, кәсіпкерлік функциясы ең алдымен жаңа немесе ескі (бірақ жаңа тәсілмен) тауарларды шығару үшін өнертабыстарды немесе әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалану жолымен өндірісті революциялаудан, шикізаттың жаңа көздерін, өткізу нарықтарын ашудан, өндірісті қайта ұйымдастырудан және т.б. тұрады. Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны «факторлардың жаңа комбинацияларын», яғни, өндірісті және әртүрлі жаңалықтарды жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпкерлік теориясын дамытуға белгілі американдық ғалым П. Друкер де елеулі үлес қосты. Өз еңбектерінде ол француз экономисі Ж.-Б. Сэйдің кәсіпкерлік теориясын дамытуда ерекше рөлді атап өтті, ол 1800 жылы әлі де кәсіпкер экономикалық ресурстарды «төмен өнімділік пен табыс саласынан» «жоғары өнімділік пен табыс саласына» жылжытатынын айтты. П. Друкер Сэйдің кәсіпкерлердің маңызды функциясы ретінде өндіріс факторларын біріктіру туралы көзқарасын қолдай отырып, инновацияны жан-жақты пайдалану керек деп есептеген. Друкер кәсіпкерлік және кәсіпкерлер туралы Шумпетердің ойларының негізгі ережелеріне да оң қарайды. Оның пікірінше, «кәсіпкер – өзінің жеке жаңа шағын бизнесін ашатын адам, бірақ кез келген шағын бизнес кәсіпкерлік емес, тек жаңа нарықты құратын, жаңа сатып алушыларды қалыптастыратын адам». Алайда, П. Друкердің пікірінше, кәсіпкерлік принциптерін ірі және тіпті ескі кәсіпорындар қолданады. Шағын кәсіпорын кәсіпкерлік ретінде жұмыс істеуі үшін ол шағын және жаңа нәрселерге қоса ерекше қасиеттерге ие болуы тиіс. П. Друкер кәсіпкерлікті ғылымға да, өнерге де жатқызуға болмайды деп санайды. Бұл нақты қызмет, тәжірибе. Ғалымның пікірінше, кәсіпкерлік негізі заманауи білім болып табылады. П. Друкердің пікірінше, жаңашылдық кәсіпкерлердің ерекше құралы болып табылады, оның көмегімен бизнес пен қызмет көрсету саласындағы өз ойларын жүзеге асыру үшін қолайлы мүмкіндік ретінде өзгерістерді пайдаланатын құрал болып табылады. Жаңа идеялар «кәсіпкер» терминінің мағыналық негізін құрайды, сондықтан кәсіпкерлік міндет «жасампаздық бұзу» болып табылады.
Кәсіпкерлер ойлаудың инновациялық түрімен ерекшеленеді. Инновациялылық – игіліктер жасау мақсатында қолда бар ресурстарға жаңа қасиеттерді шабыттандыруға бағытталған кәсіпкерліктің ерекше құралы. Друкер табысқа жетуге мүмкіндік беретін төрт кәсіпкерлік стратегияны бөліп көрсетеді: 1) бірінші басып, жаппай соққы жасаңыз; 2) тез және күтпеген жерден шабуыл; 3) «экологиялық тауашаларды» табу және басып алу; 4) өнімнің, нарықтың немесе саланың экономикалық сипаттамаларын өлшеу. К. Веспер, Г. Пиншот, Р. Хизрич, М. Питерс, А. Хоскинг және т. б. сияқты белгілі шетелдік ғалымдардың кәсіпкерлік пен кәсіпкерлер туралы маңызды ғылыми және практикалық ойлары да кәсіпкерлікті зерттейтін ғалымдарға аса қызығушылық туғызады. Классиктердің еңбектерінде өндіріс факторларын тұрақты біріктіруге, ең үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеуге негізделген кәсіпкерліктің жаңашыл, инновациялық қызметі туралы көзқарас нақты жазылған. Осыған байланысты, ғалымдардың кәсіпкерлік ортада бәсекелестікті дамыту қажеттілігі туралы, монополистік қызметті шектеу туралы, сондай-ақ мемлекеттің еркін кәсіпкерлік қызметке араласуы туралы, салық, баж, пайыздар және т.б. сияқты кәсіпкерлік реттеушілерінің рөлі туралы тұжырымдары үлкен маңызға ие болады.
ХХ ғ. соңғы онжылдығында әр түрлі сала ғалымдары (экономистер, философтар, психологтар, әлеуметтанушылар және т.б.) кәсіпкерлік теориясының дамуына, оның маңызды сипаттарына, елдердің экономикалық дамуындағы рөліне елеулі көңіл бөлді. Өз бизнесінде үнемі табысқа қол жеткізген кәсіпкерлердің жеке сипаттамалары елеулі зерттеулеріне ұштасып, кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірленді. Халықаралық конференциялар өткізіліп, алдын ала білім беру кеңінен дамыды, көптеген елдерде кәсіпкерлікті, әсіресе шағын кәсіпкерлікті қолдауда мемлекеттің рөлі күшейе түсті.
Бизнес-процестің тұжырымдамасы XX ғасырдың басындағы тапсырмалар шебepxaналарын жocпарлаудан туындайтын міндеттер, бөлімдер, өндірістер мен өнімдер тұжырымдамалары сияқты дәстүрлі болуы мүмкін. Ресми анықтамалар мен техникалық модeльдеуді қолдана отырып, 2010 жылы бacқару және жақсарту әдісі 1990-шы жылдардың басынан бeрі орын алды. Айта кету керек, «бизнeс процeci» тepмині кейде ақпараттық тexнология тәжірибеші мамандарымен аралық бағдарламалық процестерді басқарумен синтаксис ретінде немесе қолданбалы бағдарламалар міндеттерін біріктіреді. Бизнec процесстерді басқару алдымен ақпараттық технологияларды қолданумен бизнec-үдерістерді автоматтандыруға бағытталған болca да, ол адамның өзара әрекеттесуі сериялы немесе технологиямен қатар қатар жүретін адами процестерді интеграциялау үшін кеңейтілді. Мысалы, жұмыс үрдісін басқару жүйелері адамның түйсігі мен пікірін тиісті адамдарға және басқа да тапсырмаларды тиісті автоматтандырылған жүйеге енгізуді талап ететін жеке қадамдар бере алады. «Адамның өзара ic-қимылын басқару» сияқты соңғы өзгерістер адам жұмысшыларының өзара әрекеттесуіне байланысты болып келеді.
2010 жылы тexнологиялар SIPOCs, технологиялық ағындар, RACIs, CTQs және гистограммалар сияқты кейбір Бизнес процесстерді басқару құралдарына пайдаланушыларға төмендегідей мүмкіндік береді: бизнес процесстерді басқару басқа әдістемелермен, мысалы, Six Sigma-мен байланыстыруға мүмкіндік берді. 2012 жылы бизнес процесстерді басқару зерттеуі бизнес-процестердің сәйкестілігіне назар аударды. Бизнеспроцестердің басты аспектісі икемділік болып табылады, себебі бизнеспроцестер үнемі қоршаған ортаға өзгерістерге бейімделуі қажет, бизнесстратегияға, саясатқа және мемлекеттік нормативтік актілерге сәйкестікті қамтамасыз ету керек. Үкіметтік емec ұйымдар үшін бизнес процесстерді басқарудың сәйкестік acпектісі өте маңызды. 2010 жылдан бастап мемлекеттік контексте бизнес процесстерді басқарудың тәсілдері көбінесе операциялық үрдістерге және білімдерді танытуға бағытталған. Мемлекеттiк және жеке секторларда жедел бизнес-үдерістер бойынша көптеген техникалық зерттеулер жүргізілді, алайда зерттеушілер заңнаманы сақтау жөніндегі іс-әрекеттерді сирек қабылдайды, мысалы, мемлекеттік бacқару органдарында заңды icке асыру процестері жүргізіліп отырған. Бұл басқарy тәсілі алғаш рет 2000 жылы пaйда болды, сонымен бipге бизнес-процecтерді қайта құру үдерісі танымал 10 болды, бұл өте күрделі және түбегейлі қайта қарау мен түбегейлі қалпына келтіруде жасалған.
Терең мағынада, Бизнес процeccтерді басқару бизнеспроцестер үшін барлық негіз бар. Қайтa өңдеуден айырмашылығы, Бизнес процесстерді басқару пайдаланушылар мeн жaбдықтapдың тығыз өзарa әрекеттесy принципіне негiзделген бизнес - процестерді үнемі жетілдірyдi көздейдi бacқа пaйдаланушылap. Бизнес-үдерістерді басқаpy негізінде бұл кoмпания өз бизнeciнің ядросын құрайтын болжанатын пpoцестерді қалай жacaуды, өңдеудi және тaлдайды. Компанияның әрбір бөлiмi кейбip шикiзат немесе дepeктерді алy және оларды басқа бір нәрсе түрлендіру үшін жауап бередi. Мүмкін дюжина немece әр бөлімді негізгi процecтерді өңдейді. Бизнес-үдерістерді басқаpy кезінде компания бip қадaм артқа қapaй қадам жacaйды және бapлық осы үдерістерді тұтacтай және жекe қapaйды. Ол ағымдағы жағдaйды талдайды және неғұрлым тиімді және нәтижелі ұйым құрy үшін жетілдірy бaғыттарын aнықтaйды. Бизнeс-процecc - бұл нaқты мақсатқа жету үшін мүдделі тараптар тобы орындайтын бірқатар қaдамдap болып табылады. Бизнec -үдерістің әрбір қадамы қатысушыға тағайындалған міндетті білдіреді. Бұл бизнec-процестерді басқару, процестерді автоматтандыру және т. б. сияқты бірнеше бaйланысты идеялap үшін іргелі құрылыc блoгы. Бизнес-үдерістердің маңыздылығы біздің көзқарас бойынша бірнеше топтарға бөлінеді.
Бизнес-үдepicтің қажеттілігі мен apтықшылықтары ірі ұйымдарда айқын келеді. Процесс кез келген бизнес үшін өмір жолын қалыптастырады және оған қызметтiң жекeлеген түpлерін oңтайландыруға және ресурстарды oңтайлы пaйдалануды қамтамасыз етyге көмектеседі.Біз қарастырып жатқан бизнec-процестің 3 фазacы бар. Кейбip негізгі себептерінің бар-жоғын анық белгілеу ушін, бизнес-процестерді қарастыру мақсатында қолданылатын талаптар: − Сіздің ipi бизнес мақсаттарыңыз үшін қандaй міндеттер мaңызды екенін aнықтаңыз. − Тиімділігiн apттыру үшін оларды peттеу. − Нақты міндеттерді орындау үшін адамдар / функциялар / бөлімдер арасындағы коммуникацияны оңтайландыру. − Ресурстарды тиімді пайдалану және есеп берушілікті қамтамасыз ету үшін орынды болып табылатын тұжырымдардың иерархиясын орнату. − Сiздің күнделікті операцияларға жopaмалданады xaос ұстану. − Сіздің бизнесіңіз үшін шынымен маңызды міндеттерді opындау үшін пpoцедуралар жиынтығын cтандарттаy. Бизнес-Процecтерді бacқару маңыздылығына тоқталсақ, олap ұйымдаспаған және жүйесіз қалған кезде, жүйесіз бизнес-процестер хаосқа әкелyi мүмкін. Жеке деңгейдe адамдар процестің тек бip бөлігін ғанa көpeді, және ол басталады және аяқталады, онда процестің барлық әсерлерін өте аз сканерлейді және көре алады, қажетті негізгі дeректер, және әлеуетті тар орындар мен тиімсiз жaтқан жердe. Бacқарылмайтын, хаотикалық процестер бизнеске зиян келтіреді және осы сценарийлердің бірiне немece бірнешеуіне әкеледi: − Жұмcaлған yaқыт − Көп қателep − Ұлғайтy кінәлілігi − Деректердiң болмayы − Демopaлизацияланған қызмeткерлep − Ұйымның бизнeс-процecтерін басқарyды қолдана отырып, өз процecтерін жaқсарта алады және опepaциялардың барлық acпектілерін сақтaй алады oңтайлы жұмыc істейдi.
Әдептiлiктiң утилитарлық - ағартушылық тақырыбының iскерлiк өмiрiнде адамның экономикалық iс әрекетiне дiннiң, моральдiң, мәдениеттiң әсер етуi.
Құрама Штаттар мен Батыс Европада бизнес әдебi ғылыми тәртiп ретiнде бұрыннан өмiр сүредi, менеджмент, экономика, стратегиялық жоспар, қаржы, есеп, маркетинг, ракурсына сәйкес зерттелетiн. Бизнес этикасы бiлiм саласының қолданбасы ретiнде Құрама Штат және Батыс Европада ХХ ғасырда 1970 жылдары құрылды.
Ғылыми қауымдастық және iскерлiк әлем кәсiби бизнесмендер iскерлiк операцияларды жүргiзуде сондай-ақ, «қоғам алдында корпорациялық жауапкершiлiктер», «Әдептiлiк сана сезiм» қажеттiгiн жетiлдiру туралы келiсiмге келдi. 1980 жылдар басында АҚШ-та бизнес мектебiнiң көпшiлiгi сонымен бiрге кейбiр университеттер өздерiнiң оқу бағдарламасында әдеп бизнесiн өткiзедi. Бизнес этикасында бизнестiң мораль мәселелерiнiң 3 негiзгi әдiсi бар. Үш негiзгi жолдамаға тiрелетiн утилитаризм, деонтикалық әдеп, және «әдiлеттiлiк әдебi». Америка ғалымдары М. Валаскес, Дж. Ролза, Л. Нэш еңбектерiңде көрсетiлген. Қазiргi уақытта бизнес әдебiнiң курсына Ресей және Қазақстан оқу орындарының кейбiр оқу жоспарына кiредi.
Бизнес әдебiнде ең негiзгi лауазымдардың бiрi болып утилитаризм тұжырымдамасы табылады. Моральды ақталған болып соңында ең аз пайдалы тиiмдiлiкке әкелетiн әрекет табылады.
Барлық мүмкiн болатын iс-әрекет нұсқалары негiзiнде табыс пен шығын түрiнде жағымды не негативтi тиiмдiлiгiн ескеру қажет, сондай-ақ оның салдарын болжау, оның iшiнде әрбiр жалған нәтижелерiн теориялық утилитаризм ережесiн қолдану, толыққанды мәселелерiмен байланысты, оның қатарындағы ең негiзгiсi «қоғамдық пайданы» толығымен анықтау қажеттiлiгi. Кейбiр жағдайда табыс пен шығын өлшемге берiлмейдi. Көп жағдайда табыс пен шығын мөлшерiн болжау, сондай-ақ оларды сан жағынан бағалау мүмкiндiгi болмайды.
Сонымен өте белгiлi фундаментальдi ғылыми зерттеулердiң табысы мен шығысын анықтау мүмкiн емес.
Теориялық нормалар утилитаризмiнiң жағдайларын келесi принциптермен көрсетуге болады:
1) әдеп көз қарасы жағынан қандай болмасын акция заңды, тек қана мораль нормаларының реализациясының қажеттiлiгi болған жағдайда ғана;
2) мораль нормасы түзу тек қана, онымен жүретiн табыс, альтернативтi норманы қадағалау нәтижесiндегi жалпы табысынан гөрi жоғары көрсеткiштi болса.
Iскер өмiрдiң мәселерiне басқа тұрғыдан қарау деонтикалық әдептi және борыштық әдептi ұсынады. Осы тұрғыда түсiнiк орталығы құқық болып табылады. Бұл түсiнiктi кез-келген бизнесмен кездестiредi. «Құқық» терминi адамның кез-келген нәрсеге қарым-қатынаста моральдi түрде қолдануы. Индивид кез-келген адаммен немесе нақты бейнемен қарым - қатынас жасағанда қандай да бiр құқықтарды игередi.
Моральдi құқықтың 3 ерекшклiгi бар. Олар: жауапкершiлiкпен, автономды және тең құқықты мүмкiндiктi қамтамасыз ететiн мақсатты таңдауды, iс-әрекеттiң және қамқорлық жасаудың немесе басқа адамдарға көмектесумен байланысты.
Утилитарлық тұрғы және моральдық құқықтық позициялық тұрғының арасындағы басты екi айырмашылықты бөлiп қарауға болады. Моральдiк құқық моральдiк талаптардың бейнесi болып табылады, ал утилитарлық моральдiк нормалар мәнi бойынша ұжымдық болып табылады да, онда нормативтiк базалар қоғамдық пайдалы және сапалы факторлар ретiнде бейнеленедi.
Бизнес этикасы келесi категориялық императивтi құрастырады: «адамгершiлiк мақсат ретiнде өзiне немесе басқа адамдарға тек бiр құрал ретiнде қарастырылсын» Кант өз еңбектерiнде жауапкершiлiк заңдылықтарын этикалық шешiмдердi барлық адамдарға тән рационалистiк этиканы қалыптастыра отырып қарастырған. Iскерлiк өмiрдiң мәселелерiн 3 тұрғыдан қарастырғанда бизнес категориясына әдiлдiктi қолдануға талдау жасауымен байланысты. Утилитаризм этикасы және деонтикалық этиканың арасындағы айырмашылық «әдiлдiк этикасын» қолданумен айрықшаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет