Лекция жоспары: 1. Аксиология мәселесі
2. Құндылық ұғымы
3. Рухани құндылықтың ұлттық негіздері
Лекция мақсаты: Құндылықтардың қоғамдығы орны мен рөлі, олардың адамдар дағдарыстарынан алып шығатын рухани күші туралы түсініктеме жасау.
Лекция мәтіні: Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетке өзіндік сипатымен айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда, жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни, тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау — К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады.
Құндылықтар әлемі – кең мағынада мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының басымдылықтарының сапасы. Әрбір мәдениеттің өз құндылықтар кешені бар. Құндылықтар адамға қоршаған шындықты тануға мүмкіндік беретін мағыналар жүйесін толығымен қайта құрып отырады. Әлемнің барлық алуан түрлілігінің құндылық сипаттамаларының бастаулары, қайырымдылық, өмір, сұлулық болып келеді. Сондай-ақ, әлем өзінің байлығымен және алуан тіршілігімен ерешеленеді. Әлемді рухани практикалық игеру үрдісі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады.
Адамзаттық құндылықтар мыңдаған жылдар бойы жинақталып келеді. Бірақ өркениет тереңдеген сайын сол құндылықтарды ұмытумен қатар, бағалай білуден алшақ кете бастадық. Ал осы құндылықтарды ашуда адамның көптеген мүмкіндіктері бар. Бүгінгі таңда қоғамды және оның мүшелерін яғни, адамзат баласын сақтап қалатын тетік адамгершілік – рухани құндылықтар болып отыр.
Руханилық-ізгі ақылдың шешімі. Руханилық- жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші. Демек, жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы-руханилық болып табылады. Рухани дамыған тұлға-адамзат санасынан туындаған дүниелік құндылықтарды бойына жинақтап, сол арқылы дүниеге тұлғалық мәндегі обьект деп қарайды. Ғалым Б.Г.Гершунский пікірін-ше: «Адамгершілік, рухани құндылықтың сапалық деңгейінің төмендеуі, өркениет пен дүниетанымның тұйыққа тірелуі, ХХІ-ғасыр қарсаңындағы және үш мыңыншы жылдықтағы жүйелі тоқырау қоғамдық өмірдің үш жүйесін:білім, ғылым, дінді қамтитындығын көрсетеді. Келешекте білім беру арқылы Білім мен Сенімнің арасындағы алшақтықты жоюға болатындығын және білім арқылы материалдық және рухани әлемді тану көзделетіндігі” айтылады. Мұнан біз нарық заманында адамзат баласы тек материалдықпен ғана шектелмей, сонымен бірге рухани бай тұрғыда берілген тәрбиенің маңызы өте зор екендігін көреміз. Демек, руханилық-бұл жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші. Бүгінгі күні рухани құндылықтардың қалыптасуында теориялық, сонымен бірге практикалық жағынан жан-жақты зерттеле бастағандығын көруімізге болады. Адамды адам еткен басты қасиет - рухани даму. Яғни адам бойындағы агрессия-ол рухани мешеуліктің көрінісі. Нәпсіп-құмарлық, мансапқорлық, пайдакүнемдік тағы басқа адамның шынайы табиғатына жат келетін қасиеттер қазіргі кезде адамның болмысын билеп алған. Міне, осылардан арылуға тырысқан адам-рухани дамудың алғашқы қадамдарын жасауға талаптанған жан. Рухани даму-ол күнделікті өмірлік асулардан адам деген ардақты атына лайықты түрде өте білу. Сондықтан адам өзін үнемі жетілдіріп отыруы шарт. “Адам әр бір күннің әрекетімен қайта-қайта жаңғырып отырады деген ойға үйрену оңай емес. Біздің қалыптасуымыз-түкке тұрмаушылықтан ұлылыққа дейінгі жолдан қайта-қайта өтуден тұрады. Қайта-қайта құлдырау мен асқақтау. Мұндай қалыптасусыз біз тірі емеспіз”. Руханилықтың басты келбеті-адамның өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы, Яғни ақыл-ойын, дарыны, қабілетін, ішкі нұрын, жүрек жылуын адамдарға, табиғатқа тіпті ғаламға беруге ұмтылысы. Руханилық-адами қасиеттерді аша білу кілті. Егер адам руханилық қасиетінен айырылса, онда әмоция мен сезімнен, ақ ниет пен пәк пейілінен айырылады, жалаң рационализм мен прагматизмнің құлына айналуы әбден мұмкін.
Адам өзін-өзі жетілдіру барысында негізгі құндылықтар мыналар болып табылады:
Өмірдің ақиқатын табу. Мұнда адамзат баласы алған білімнің орны бөлек рухани мазмұнмен толықсып жеке тұлғаның өзіндік танымның жетілуінің құралы да білімге негізделеді. Білім ақыл-ойды ғана дамытуды көздеп қоймай, сонымен бірге жүректі аялап, сезімді тәрбиелейді. Абайдың айтуынша: «Жүректі негізінен әмоциялық сезімнің адамгершілік, адамшылық негізіндегі рақым-шапағаттың қайнар көзі ретінде таниды».
Мінез-құлық адамгершілік қасиеттерге толы болуы қажет. Әл-Фараби: «Жаман мінез-құлық – рухани кесел», деп орынды айтқан. Яғни, адамның мінез-құлқынан оның сыртқы келбетін көруге болады. Ал, жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінде не тұр? Сыртқы келбетіне қарап, оның ішкі жан дүниесін айту өте қиын. Дегенмен, ішкі рухани байлықпен сыртқы келбет арасында өзара үйлесімділік болуы шарт. Руханиылық –ізгі ақылдың шешімі. Ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші.
Әлемді тану. Адам өмір сүру барысында қорашаған ортаны тани отырып, оның мәнін
өзін-өзі тануы арқылы ғана әлемді танитындығына көз жеткізе білді.
Махаббат – адам бойындағы негізгі адами құндылықтардың бәрін танып, біліп, құрметтеу, жақсы мінез-құлық сүюден туындайды. Махаббат ұғымы өте кең, ауқымды, көлемді ұғым. Себебі махаббат сөзі ежелгі дәуірден қастерлі де қадірлінетін сезім.
Жеке тұлға үйлесімділігі. Әрбір адамның ақыл-ой адамгершілік, рухани, дене дамуы, жан мен тәннің бірлігі - жеке тұлға үйлесімінің негізі екені танып біледі.
Азаматтық. Әрбір жеке тұлға өзінің отанына, отбасына, қоршаған ортаға, халқына деген ыстық және патриоттық сезімі басым болуы тиіс. Азаматтық қоғамдағы азаматтардың қарым-қатынасы негізінде шынайы мейірімділік, өзара түсінушілік пен бейбіт келісім, төзімділікте жатыр.
Адам өмір сүруі барысында өз мұраттарына жету жоғарыда атап өткен барлық адами негізгі құндылықтарды меңгерудің нәтижесі.
Сонымен, адамның құндылығы – ең сирек кездесетін, жаратылысы арқылы анықталады. Адам әлемі – бұл құндылықтар әлемі. Ал құндылықтар әлемі – адамның объективті шындыққа қатынасын көрсетеді. Әлемді рухани-практикалық игеру барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның сезімдеріне, ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше әмоционалды реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды, үдерістерді қайырымдылық, әділет-тілік, сұлулық, пайдалылық т.б. тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастырумен сипатталады. Бұл құндылықтық сананың танымдық санадан ерекшелігі заттың өзі не екеніне қызықпайды, ол заттың біз үшін қандай маңызы бар, құндылығы неде екенін негізге алады. Қысқасы, бұл әлемге құндылықтық көзқарас, қатынастан басқа ешнәрсе емес.
Құндылықтық қатынас әрқашанда субъектінің бойында белгілі бір әмоцияларды – қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. туғызады. Оның ішіндегі ең жоғарғысы табыну. Яғни белгілі бір нәрселерге табыну тән болып келеді адамға. Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет ғұрыптары мен салт дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.
Құндылықтық сананың қайнар бұлағы адамның өзінде, оның мәдениетті, өркениетті қалыптастыруға, дамытуға талаптанған іс-әрекетінде.
Құндылықтар мәселесі ғылыми объект ретінде ХІХ ғасырдың орта-сынан бастап жан-жақты зерттеле бастады. Әрине оған дейін құнды-лықтарға ғылыми мәселе ретінде назар аударылмай келді деп айта алмаймыз. Афины демократиясының дағдарысы кезінде Сократ құнды-лықтар мәселесіне қойылатын сұрақ «Игілік дегеніміз не ?» деген сауалды алға тарса, объективті идеализмді ұстанған Платон мен Гегель құнды-лықтық мәселер мен онтологиялық мәселелерді сәйкестендіріп келді. Ал Аристотельдің әрбір шығармасында құндылық мәселесінің бөліктеріне жеке-жеке жауаптар берілген. «Органон» да ақиқат құндылығына, «Никомахова әтикасында» ахлаққа, «Әкономика» да үнемділікке, «Поәтика» мен «Риторика» да адам құндылықтарына орын береді. Ал тарихтың соңғы ғасырларында философтар мәселенің жігін ашып, құндылықтар теориясының өзіндік ерекшелігі бар екеніне тоқтала бастады. Әсіресе, Канттың ізбасарлары жаңа кантшылдар трансцендентті рефлексия анықтайтын таза сананың құндылық – қалыптың компоненттері туралы айта бастады. Мәселен, В.Виндельбанд пен Г.Риккерт үшін құндылық идеалды болмыс нормасы ретінде қарастырылды. Әкзистенциализмді М.Хайдеггер, Сартр сияқты зерттеушілер құныдылықтардың қоғамдық маңызына мән беру қажеттілігіне шақырды. Витгенштейн құндылықтың сананың лингвистикалық аспектілерін зерттесе, Гадамер құндылықтарды герменивтикамен байланыстырды.
Сөйтіп, құндылық – бұл құнды нәрсе. Алайда, адам үшін не құнды және неге құнды? «Біздің талдайтынымыз барлық уақытта игілік. Бірақ ол барлық адамдар үшін игілік бола алмайды» - дейді Сартр. Яғни кейде біреу үшін құнды нәрселер өзгелер үшін құнсыз болатын да кездері кездеседі. Бірақ онымен ешкімнің келіскісі келмейді және әрқайсысы өзі үшін құнды нәрсені нағыз құндылық деп есептейді. Бұл мәселелерді құндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тілінде «ахіа» құндылық және «logos» - ілім) шешуге ұмтылады. Аксиология құндылықтардың мәні мен табиғаты, олардың пайда болу мен жіктелуі, адам мен қоғамның бағдарлагуындағы орны, бағалау және т.б. мәселерді зерттейді. Философиялық білімнің арнайы бөлімі ретінде аксиология ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана қалыптасты.
Құндылықтарды анықтау үшін алдымен, субъект оны (құбылысты) бағалау кезеңінен өткізу керек. Адамның дүниеге қатынасы онтологиялық қатынас. Олай болса, барлық категорияларда адаманан сыртқы дүниегің оған тәуелсіз болмысы мен мазмұны адамның болмыс тұрғысынан бағалаумен ұштасады. Онсыз адам сыртқы дүниені объективтік тұрғыдан көре де, бағалай де алмас еді. Сыртқы дүниеге өзіндік тұрғыдан да, сыртқы дүниенің адамға тәуелсіз мазмұны жағынан да қарай алмас еді. Бағалаушылық қатынас қана адамды сыртқы дүниеде жоғалып кетпеуге мүмкіндік береді, оған өзгеше сырт көзқараспен қарауға негіз болады, ал тек сырт көзқарастың тұрғысынан ғана біз басқа дүниенің не екенін, өзгеше қандай екенін, яғни оның бізден өзгеше, біршама басқа дүние екенін аңдай алмаймыз, сезінеміз. Ақиқат, көркемдік немесе жалпы адамзаттық құндылық. Құндылықтардың жалпы азамттық мазмұны адам болмысының бүтіндігі, оның әрекеттерінде басшылыққа алатын құндылықтар жүйесінің ортақтығымен анықталады. Жалпы адамзаттық құндылықтардың болуы ұлттық ерешелігіне сай қалыптасқан құндылықтардың мазмұнын төмендетпейді. Керісінше, оның мағынасын толықтыра түседі. Міне ұлттардың жалпы адамзаттық мағынаға ие болуы осы жерден келіп шығады. Құндылықтық қатынастардың қалыптасуы үш әлементті құрылымның негізінде жүзеге асады:
Құндылықтар субъектісі – адам, әлеуметтік топтар;
Құндылықтар мағынасы – рухани санаттық атауға ие болуы, тұжырымдамалардың жасалуы.
Қалыптасқан құндылықтардың жіктелуінде әртүрлі көзқарастар мен тұрғылар бар.
Кез келген құндылықтарды олардың типіне және деңгейіне қарап классификациялау әрқашан да белгілі бір шартқа байланысты, өйткені оларға әлеуметтік және мәдени мәндер енеді. Алайда оған қарамастан құндылықтарды мына реттілікпен жіктеуге болады:
1. Витальдық құндылықтар:өмір, денсаулық, қауіпсіздік, тұрмыс халі, адамдардың хал-жағдайы, күш-қуат, төзімділік, өмірдің сапасы,пысықтық, тұтынудың деңгейі және т.б.
2. Әлеуметтік құндылықтар: әлеуметтік орны, дәрежесі, еңбекқорлық, байлық, мамандық, от басы, патриотизм, сабырлылық, кәсіпқойлық, әлеуметтік теңдік, қол жеткізе білу қабілеттілігі, т.б.
3. Саяси құндылықтар: сөз еркіндігі, азаматтық, бейбітшілік.
4. Моральдық құндылықтар: жақсылық, берілгендік, үлкенге ізеттілік, кішіге ілтипат.
5. Діни құндылықтар: құдайға сену, құтқару, ритуал, мешіт.
6. Эстетикалық құндылықтар: әсемдік, идеал, стиль, үйлесімдік, дәстүрге бағыну, жаңалық, ерекше мәдениет, сырттан енгізілген модаға еліктеу.
Мысал үшін осы құндылықтардың кейбіреуіне ғана тоқталайық, өйткені оларды кеңінен қарастыратын аксиология ілімі бар. Аксиология (гр. т.-құндылықтардың ақиқаттағы орны туралы құндылықтар әлемінің құрылымын, яғни әртүрлі құндылықтардың өзара байланысын, сонымен қатар, әлеуметтік, мәдени факторлармен және жеке тұлғаның құрылымымен байланысын қарастыратын құндылықтар табиғаты туралы философиялық ілім).
Басқа құндылық бағалары қалыптасқан адамдар, практицизмді витальдық және әлеуметтік құндылық ретінде негативті тұрғыда қабылдайды. Практицизм шаруашылық және қаржылық қарекеттермен байланысты болғандықтан, әрдайым жан жағына ықпал жасайтын зор бағыт-бағдар сілтеуші болды.
Жалпы алғанда құндылықтар әралуан болып келеді, бірақ оның барлығы екі үлкен топқа бөледі: материалдық және рухани. Құндылықтардың мұндай етіп бөлінуі адамның екі жақты табиғатына негізделген. Әлемдегі заттар мен құбылыстар адам үшін оның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру құралы қызметін атқаруына қарай құндылық түсінігін иеленеді. Алайда адам тек қана материалдық жан дүниесі емес, ол өзінің биологиялық қажеттіліктеріне бақылау жасап, оны өзіне бағындарғанда ғана адам болып қалады. Басқаша айтқанда, адамның адам болып қалыптасуы оның рухани өмірінің, рухани мәдениетінің қалыптасуы. Адамда рухани қажеттіліктер де бар, яғни, әдебиет оқу, табиғатты тану, музыка және т.б. жатқызуға болады. Рухани құндылықтар – адамның рухани өмірінің негізі және бұл қатынаста құндылықтық сана адам қалыптасуының үлкен стимулы.
Ал, құндылықтық сана дүниетаным ықпалымен қалыптасады, өйткені адам әрқашан өзінің әлеуметтік тәжірбиесі барсыныда әр алауан көзқарастарды білуге ұмтылуда. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, норма мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді.
Жоғарыда қарастырған құндылықтар, рухани құндылықтар, құнды-лықтық сана адамның рухани өмірін, оның қалыптасуын білідіретіндігін атап өттік. Ал енді сол рухани дүние дегеніміз не, оның қалыптасуындағы құндылықтардың мәніне тоқталайық.
Бізді табиғат, заттар мен құбылыстар әлемі қоршап тұр. Бұл әлем материалды әлем, өйткені ол бізге алуан түрлі формалары мен түр сипаттары арқылы кеістік қатынаста түсінікке ие болады. Материалды әлемнің әрбір заты мен құбылыстары өзара бацланыс негізінде біздің санамызбен ойлауымызда сөздік, тілдік көріністер арқылы бейнеленген. Сонымен қатар, басқа әлем – адамзаттың рухының әлемі, рухани әлем өмір сүреді. Бұл әлем туралы біздегі бар жалпы түсінік оныі ішкі жанымыздың, Меніміздің дүниесі деп атауға дағдыланған. Ойлау, сезім, эмоция, қайғыру, бағалау, пікір, көзқарас,қоршаған ортаны тану, өзін-өзі тану және әлемдегі орнын білу, әдемілік, жақсылық пн жамандылық идеалы, әгоизм түсінігі, Отанға деген сүйіспеншілік, ата-анаға, бауырларыңа, туысқандарына мейрімділік сияқты қасиеттер рухани дүниені құрайды.
Кеңес дәурінде рухани дүниені біздерге материалдық дүниеден кейінгі немесе оның дамуының жалғасы, жақсара түскен материалдық жағдайдың әрі қарай дамуының жемісі деп танытты. Философиялық және басқа да сөздіктерде бұл дүниенің бастаулары жан мен рух ұғымдарына теориялық негізделген анықтама берілмей келді.
Адамның адами қасиеттерінің басты құндылығы болып отырған қазынамыздың көзі – адамшылық негізінде жатыр. С.Нұрмұратов моральдық немесе тағылымдық негіз, адамның адами қасиеттерін білідіретін ұстанымдар мен іс- қимылдар жүйесі деп көрсете отырып, мораль дегеніміз – діни және ұлттық құндылықтарды, өзара байланыс-тыратын құбылыс деп анықтама береді. Ол: «Моральдық сана осы құндылықтар жүйесінің іргелі тұғырына негізделіп, қоғамды реттеуші факторға айналғанда, әлеуметтік ахуал тұлғаның рухани дамуыүшін үйлесімді өмір сүруі үшін барынша қолайлы болуына мүмкіндіктер ашады», - деп тұжырымдайды. Адамның өмір жолы сан қилы. Ол жол екінші бір жолды қиындатады, параллель жатады немесе басқа жолға орын беруге тура келіпжатады. Қиындықтарға, қақтығыстарға ұшырап жатуымызда осыда. Шиеленісті болдырмаудың болған жағдайда оның шешудің әртүрлі тәсілдерімен жолдары бар. Солардың бірі – мораль. Мораль – социумдағы ара қатынастың негізі. Ол – адамның одан өзін-өзі ұстау ережесінің жиынтығы. Мораль ненің жақсы, ненің жаман немесе қай жағдайда ұят, не болмаса ұят емес екенін анықтайды. Моральға халықтың қалыптасқан салт-санасы, мәдени дәстүрлері, әдет-ғұрпы әсер етеді. Құндылықтар жүйесі де осыдан бастау алады. Қазақ мақалында айтылғандай «50 жылда ел жаңа», - дегені өте орынды.
Сонымен біз руханилықты қалыптастырушы маңызыды әлементтің бірі – құндылықтар жүйесі дей аламыз. Құндылық – адамның тілегін, қажетін, және мүддесін қанағаттандыратын зат пен құбылыс сипаты. Құндылық – адамның тілегін, қажетін және мүддесін қанағаттандыратын зат пен құбылыс сиапты. Құндылық субъектінің өз қажетін қоршаған дүние заттарын өзіне сәйкес ұғыну салдарынан қалыптасады. Әлеуметтік ортада өмір сүретін субъектінің рухани құныдылықтарына мыналар жатады: а) Өмірлік мәнділіктер – ізгілік пен зұлымдық, бақыт пен мақсат және өмірдің мәні туралы ұғым, б) Кешенді құндылықтар: өмір, денсаулық, жеке бастың қауіпсіздігі, отбасы, тұрмыс күйі, туысқандар, білім, мамандық, құқықтық тәртіп т.б. в) Қоғамдық тану (еңбек сүйгіштік, әлеуметтік күйі т.б. г) Бір-бірімен қатынас ( адалдық, мейрімділік), д) Демократиялық (сөз бен ар бостандығы, еркіндік), Аталған құндылықтар түсінігіне сәйкес адам ортасын өзгертуге, өзін де өзгертуге әрекет жасайды.
Адамның рухани дүниесінің қалыптасып, дамуы үшін қажетті рухани құндылықтарды әр заманның ақындары мен жазушылары, философ, ғалымдары көрсетіп беріп отырады.
Тағы да кететін мәселе адамның рухани дүниесі қалыптасуы үшін әтикалық құндылықтардың маңызы зор. Ал мұндай құндылықтардың өмір сүру формасы тіл, дін, салт-дәстүр, халық ауыз әдебиеті негізіде жатады.
Сонымен, біз рухани құндылықтық бағдардың қайта бағаланып жатқан өзегрістер дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Әдетте құндылықтардың алмасу кезеңі ұзаққа созылады. Себебі руханилық бір жылдың жемісі емес, бірнеше жыл бойы халықтың мұрасын сіңіру болып табылады.
Халық тарихи тәжірбие жинау процесінде құндылықтарға, маңыз-дылықтарға, бағалыларға көңіл аударып, олардың сол заманда ғана емес, болашақта да өзектілігі зор екенін атап көрсетіп, шығармашылығында бейнелі түрде айқындап отырды. Сондай халықтардың бірі – қазақ халқы. Оның мол тарихи тәжірбиесі мен бай шығармашылық мұрасы бар. Бүгінде қазақ халқы өзінің болашағын айқындап, тәуелсіздік туын желбіретіп, өркениетті елдер қатарында өмір сүруге ниет білдіріп, табандылықпен іс-қимылдар жүргізіп келеді. Оңы мен солын, жақсы мен жаманды, дос пен дұпанды, жоғалтқан мен жаңаны, кеткен кемшіліктер мен ұтқан ұпайымызды саралайтын, оларға шынайы баға беретін кез келді. Күн тәртібінде қандай рухани құндылықтарға бағларланамыз, ұлт санасын жаңа өмір талабына бейімдей аламыз ба? Дәстүрлі ұлттық дүниетанымда қалыптасқан құндылықтар мен жаңадан туындаған құндылықтар арасындағы қайшылықтар қандай? Деген сұрақтар қазақ зиялыларын толғандыра бастады. Бүгінгі қоғамдағы экологиялық қауіп-қатерлердің бір себебінде осы рухани саланың жұтаңдауынан іздеу керек. Терроризм, діни әкстремизм, фанатизм, коррупция т.б. да осының салдары. Міне осының барлығы адамның руханилығын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын рухани рухани құндылықтардың ұлттық негіздерін философиялық тұрғыдан талдауды қажет етіп отыр.
Рухани құндылықтың ұлттық негіздерімен қаруланған әрбір адам өзгелердің қайғы, қуанышына ортақтасудың, қысылғанда қол ұшын беріп, демеп жіберудің, өзгелердің жақсы әдеттері мен істерін өз басына сіңірудің, өмірдегі ең асыл да игілікті дегендерді күнделікті тұрмысқа енгізудің үлгісі бола алады. Бүгінгі күн тәрбие беруде адамды жан-жақты дамыту, рухани құндылықтардың шынайы бейнесін түсіндіруге үлкен көңіл бөлініп, мол мүмкіндіктер туғыза білуіміз керек.Бұл жерде оның қандай принциптерге негізделгендігінің мәнін ашу үлкен септігін тигізері анық. Себебі, қазақтың қадір тұтқан төзімділік, сабырлылық, батырлылық, парасаттылық, өзара көмек, ар-намыс, ұят, имандылық, адалдық, қарапайымдылық еркіндік, адамның адамгершілік қасиеттерін бағалау, өзара сыйластық, қайырымдылық сияқты рухани құндылықтары адамды кемелденуге ғана жетелейді. Бұл жерде ұлы тұлғамыз М.Әуезовтың «философия – адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстайтын шамшырақ» – деген сөзі шынайы рухани тірек болуы керек.
Сонымен, бұл тақырыптағы басты ерекшелік – адам өмірін басты құндылық ретінде қаралуы. Яғни, адам – кең ұғым ауқымындағы және қайталанбайтын тұтастай бір әлем. Әр бір адам өз тұрпаты, өмірдегі орны арқылы қызғылықты да, қызықты да, өз бетінше бағалы. Себебі ол дүниенің тірі тұтқасы.