Лекция мазмұны:
Арнаулы салық режімі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары-шағын бизнестің субьектілері, шаруа қожалықтары,заңды тұлғалар-ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекеленген түрлерін есептеу мен төлеудің,сондайақ ол бойынша салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Төлеушілердің жеке топтарына жеке салықтарды есептеп шығарудың және төлеудің жеңілдетілген тәртібі мен олар бойынша есептілікті көздейтін арнайы салық режимі анықталған.
Арнаулы салық режимдері келесідей субъектілерге қатысты пайдаланылады:
шағын бизнестің субъектілеріне;
шаруашылықтарға қожалықтарға;
заңды тұлғаларға – тек қана ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін;
кәсіпкерлік қызметтің басқа да түрлеріне;
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есптеп шығару мен төлеудің және де олар бойынша есептілікті алудың бір ғана тәртібін өз бетінше таңдауға құқықты. Олар келесідей: жалпылай бекітілген тәртіп; бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі; патент негізіндегі арнаулы салық режимі; оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
1.Шағын бизнес субьектілеріне салықты есептеу оңайлатылған тәртібі:
Патент 2. Декларация
Патент негізндегі арнаулы салық режимі. Бұл режимді қызметтерін алдын ала анықталған шарттарға сәйкес келетін жеке кәсіпкерлер қолданады. Олар:
жалдамалы жұмыс күшін қолданбайтын;
іс-әрекетін жеке кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын;
жылдық табысы 2.0 млн. теңгеден аспайды;
2009 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер үшін патенттік тәртіпті пайдалану шегі 1.0 млн – 2.0 млн. теңгеге дейін көтерілді. Патент жеке кәсіпкерлерге бір календарлық жылдың шегіндегі бір айлық мерзімге беріледі.
Патенттің құны жеке кәсіпкерлердің табысынан салық ставкасы 2 көлемінде есептеліп шығарылады. Оның сомасы бюджетке жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық сияқты бірдей бөлімдермен төленеді.
Патент негізінде АСР Қолдану шарттары:
Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді
Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді
Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Бұл режимді төмендегідей шарттарға сәйкес келетін шағын бизнестің субъектілері қолданады:
Дара кәсіпкерлер үшін:
салық мерзіміндегі жұмыскерлердің орта саны кәсіпкердің өзін қосқанда 25 адамды құрайды; салық мерзіміндегі шекті табыс – 10 млн теңге құрайды;
заңды тұлғалар үшін:
салық мерзіміндегі жұмыскерлердің орта саны елу адамды құрайды;
салық мерзіміндегі шекті табыс- 25 млн мың теңге құрайды;
Жалпылай бекітілген тәртіпті қолдану барысында арнаулы салық режиміне ауысу тек қана осы тәртіпті қолданудың екі жылдық мерзімі біткеннен кейін ғана мүмкін.
Арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ субъектілер:
филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалар;
филиалдар мен өкілдіктердің өзі;
заңды тұлғалардың еншілес ұйымдары мен тәуелді акционерлік қоғамдар;
басқа да құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер;
2009 жылы ҚР-ның салық режиміне өзгерістер енгізілген: лицензияланатын іс-әрекет түрлерінің тізімі ұзартылды (30-ға жуық).
Салықтарды төлеу арнаулы салық режимінде бір жолғы талон негізнде, патент негізнде, оңайлатылған декларация негізінде орындалады.
Бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі. Бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін іс-әрекетін жылына 90 күннен аспайтындай мерзімде жүзеге асыратын жеке тұлғалар қолданады. Бұл тұлғалар өздерінің қызметін жүргізуде жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбаса, олар жеке кәспкерлер ретінде әлеуметтік салық пен мемлекеттік тіркеуден босатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |