Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы


ДНҚ молекуласының 3 реттік құрылысы ретінде



Pdf көрінісі
бет5/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
ДНҚ молекуласының 3 реттік құрылысы ретінде оның ақуыздармен (гистондық ақуызармен ) 
байланысын айтуға болады.
Хромосома ақуыздарының 60-80% негіздік және гидрофобтық аминқышқылдар (аргенин, лизин, валин, 
т.б.) көптеп кездесетін гистондық ақуыздар құрайды. Гистондық ақуыздар ДНҚ –мен негіздік радикалдар 
көмегімен, ал өзара гидрофобтық радикалдар арқылы әрекетеседі. 
Хромосомаларда ДНҚ молекуласы гистондық ақуыздармен байланысып нуклеогистон құрайды, ол 
хроматин жіпшесі ретінде белгілі. Хроматин жіпшесінің тірегін нуклеосома денешіктері құрайды. Ол 4 
түрлі гистондық ақуыздардың – гистон Н

, гистон Н

, гистон 3, гистон 4 – (Н

, Н

, Н
3
, Н
4

қосмолекуласынан құралған.
Осындай әр бір денешікті ДНҚ молекуласы екі рет ширатылып оралады және оның ұзындығы 140н.ж. тең. 
Нуклеосома денешіктері бір – бірімен тығыз жабысып орналаспай біршама алшақтау орналасқан.
Нуклеосома денешіктерінің аралығындағы ДНҚ учаскелерін линкерлік (жалғаушы) учаске деп атайды, 
ал әрбір линкерлік учаскемен гистондық ақуыздың 5-ші түрі Н1 байланысқан. Хроматин жіпшесінде ДНҚ 
өте көп, 600,000 –ға жуық, нуклеосома денешіктерін түзеді. Ұзындығы 190см жететін ДНҚ молекуласының 
өлшемі жағынан микроскопиялық, бірнеше микрометрге -180 мкм. тең, 46 хромосомаларда тығыздалып, 
ширатылып орналасуына нуклеосома денешіктері мүмкіндік береді.
Жасуша ядросының барлық хромасомаларында орналасқан ДНҚ ұзындығы 190см.тең, ал нуклеосома 
жіпшесінің ұзындығы ДНҚ ұзындығынан 6,2 есе кем.
Нуклеосома жіпшелері әрі қарай ширатылып хроматин жіпшелеріне айналады. Хроматин жіпшелерінің 
ұзындығы нуклеосома жішелерінің ұзындығынан 18 есе кем, ал ДНҚ молекуласының ұзындығынан 
6,2х18=100 есеге кем.
Хроматин жіпшелері митоз кезінде әрі қарай ширатылып, қатпарланып, тығыздалып митоздық 
хромосомаларды туғызады. Митоздық хромосомада хроматин жіпшелері хромосоманың ұзынына бойына 
көптеген рет қатпарлар пайда етеді (кейбір деректер бойынша 100 ретке дейін), осының нәтижесінде барлық 
хромосомалардың ұзындығы (180мкм) ДНҚ молекуласының ұзындығынан 100.000 есеге кем болады.
Сонымен қатар нуклеосомалар құрылымдық (хроматин тірегі), ретттеуші қызметтерді де атқарады.
ДНҚ молекуласының бойында тұқым қуалаушылық ақпарат жазылған, ол негізінен (95%) ядрода, ал 5% 
цитоплазмада – митохондрияларда, хлоропластарда шоғырланған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет