4 лекция. Көне шумер мәдениеті мен жазу түрлері Давид Дирингер «Алфавит» Издание третье. М,. 2008.С.59 шумерлік жазу жөнінде : «...это великое изобретение было сделано шумерийцами –народом, который говорил не семитском или индоевропейском, а на особом агглютинативном языке. Эническая и лингвистическая принадлежность шумерийцев до сих пор не поддается определению. Впрочем, некоторые ученые начинают задумываться над тем, справдливо ли приписы это достожение шумерийцам. Мы также не можем решать, где было изобретена клинописная система –в Месопотами или каком –либодругом месте, последние предложения кажется нам даже более вероятным».
Осындай жайларды ежелгі арийлер туралы да айтуға болады. Ресми тарих арийлердің үнді жеріне басқа жақтан ауып келгенін, Үнді жазығындағы ғажайып мәдениетті осы сырттан келгендер жасағанын айтады. Олардың ежелгі Му континенті Тынық мұхитының астына кеткенде сол апаттан аман қалғандарының бір бөлігі Бирма жері арқылы Индияға өткенін тастақтайшалардағы жазулар дерегі арқылы дәлелдеген ағылшын Джеймс Черчвардтың пікірі де ескерусіз қалып келеді.( Джеймс Черчвард Древний континент Му. Прародина человечества. М.,2012). Олар арийлерді үнді жеріне терістік батыстан, яғни Орта Азиядан шыққандар деп пайымдайды.
Адамзат тілінің пайда болу кезеңі. Алғашқы адамдардың пайда болу мекені жөніндегі болжам. Тілдердің ежелде бір тілден (праязыктен) шыққандығы, тарағандығы жөнінде ностратикалық теория. Оған дәлел мыңдаған жылдар бойы өзгермей келе жатқан негізгі сөздік қордың көптеген тілдерге ортақ болып шығуы. Тайпа атаулары мен жер-су атауларының этимологиясындағы ұғым-түсінікті білдіретін тарихи деректер. Бір тілден басқа тілге ауыспайтын сөзжасамдық және морфологиялық жүйенің ортақтығы.
Ностратикалық теорияның біздің елімізде алпысыншы жылдардың аяғында пайда болғандығы. Орал-алтай, индоевропа-орал, орал-дравид, индоевропа-семито-хамит, алтай-дравид, семито-хамит-картвел, семитохамит-дравид, дравид-индоевропа тілдеріндегі ұқсастықты, ту-ыстықты совет және шетел ғалымдарының осы теория пайда болмастан бұрын байқағандығы. Жоғарыдағы аталған алты семья тілдеріндегі лексика, фонетика және морфологиядағы ұқсастықты зерттей келе В. М. Иллич-Свитычтың осы семьяларға кіретін тілдерді бір тілден (ностратикалық праязыктен) шығарғандығы. Тілдердің бірлігі жайындағы Қ.Жұбановтың пікірі.
Шумерлер мен түркілердің арасында байланыс бар екендігін олардың мәдениеті мен әдет-ғұрыптарынан көруге болады. Шумерлерде негізінен мал шаруашылығы негізгі шаруашылық болып есептелінді. Олар әрбір малдың иесі бар деп есептеген, олардың бейнесін құдаймен теңестіріп, тас кітаптарға бейнелеп отырған. Қазіргі қазақтардағы төрт түлік малдың пірлері- Қамбар ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба, Шопан ата тәрізді ұғым-түсініктің тарихи тамыры сол жақта жатқандығы дау туғызбайды ғой деймін. Археологиялық қазба жұмыстары Месопотамия тұрғындарының құдайға садақа бергендігін, құдайға садақа ретінде мал мен балықты бергендігін көрсеткен. Балық нені білдіреді деп ойлансақ, оның мәнісі мынада тәрізді: шумерлердің көшіп-қонуы теңіз арқылы жүзеге асқан. Теңізде жүзу ісінің барлық қыр-сырын жетік білген. Осыған назар аударған ғалымдар бастапқы кезде шумерлердің Парсы шығанағынан, кейін Қызыл Теңіз жағалауынан келгендігін, мүмкін Оңтүстік Белуджистанның Кулли мәдениетін өздерімен бірге ала Индиядан келгенін немесе Оңтүстік-Шығыс Азияның қандай да бір өлкесінің мәдениетін әкелгенін айтып, болжамдар жасады. Көшпенді халықтың бұғаз арқылы Америкаға өтіп кеткендігін де тарих жоққа шығармайды. Осы жерде М.Белицкийдің мынадай тұжырымын айтпасқа болмайды: «Шумерлер келген ел Азияда, олар таулы өлкеден келген, бірақ тұрғындары теңізде жүзу өнерін білген. Шумерлердің таулы мекеннен келгендігін олардың храмдарды тұрғызу тәсілінен көруге болады. Шумерлер тұрғызған храмдар жасанды үйінді топырақтан немесе кірпіштен, төбе балшықтарының қосындысынан тұрғызылған. Таулы өлкеден келгендігін дәлелдейтін тағы бір факт: шумер тілінде ел және тау деген сөздер бірдей жазылады» [1,12б.]. Шумерлер тұрғызған үйдің материалдарын қазақтар осы күнге дейін ауылдық жерде пайдаланады. Қарапайым технологиямен – тақтайдан жасаған қалыпқа малдың қиын араластырып балшық құю ісі, яғни балшықтан кірпіш жасау ХХ ғасырдың 80-90 жылдарына дейін жалғасты. Шумерлердің наным-сенімдері мен әдет-ғұрпындағы құдайға садақа беру ісі Тамғалы тастағы суретті бедерден де көрінеді. Жазудың сына жазу жүйесі шумерлерге тән. Бүгінде ең ежелгі жазу ретінде қазбалардан табылған. Урук дәуіріне қатысты алғашқы пиктографиялық жазулары бар табличкалар Эрмитажда пиктографиялық таңбалармен жазылған ең ежелгі ескерткіш сақталған. Совет ғалымдары оған 2900 жыл б.ғ.д. болғандығын айтады. Европа,Азия және Америкада 250 мыңдай шумерлердің тақтайшалары музейлерде сақтаулы тұр. Алғашқы суреттер, яғни заттардың суреттері күрделі ұғымды білдірген де, кейін олар дыбыстық тілді бейнелейтін таңбалармен ауыстырылған. Осылайша фонетикалық жазу пайда болған. Ертедегі Урук қабатында табылған тақтайшалар адамды, адамның дене мүшелерін, құрал-саймандарын бейнелеген пиктограммалар болған. Шумерлер дәуірінде-өте ежелгі дәуірде адамдар енді-енді ойлауға қабілетті бола бастаған кезде, бір нәрсе жайында айтқысы келгенде, басынан кешкен оқиғалары мен ойына келген идеяларын жазып қалдырғысы келгенде, өзі мекендеген жерлердегі тау-тастарға, үңгірлерге суреттер салған. Тастағы бейне суреттер арқылы оқиға, іс-әрекеттің мағынасын жеткізуге тырысты. Аң аулау оқиғасын әңгімелеу үшін аңдарды, ағаштарды, шөптерді тасқа бейнеледі, жабайы малдарды қолға үйрету тәсілін білдіру үшін адам мен малдардың бейнесін сюжет үстінде бейнеледі. Философиялық тұрғыдан ойлай бастаған кезде су, от, әйел, еркек, билеу, жүгіру т.б. бейнелерді тасқа қашап жазды. Осылайша жазудың алғашқы түрі- пиктографиялық немесе суретті жазу пайда болды.
Американдық индейцтердің кейбір тайпалары 19 ғасырға дейін пиктограммалық жазуды пайдаланды. Пиктограммалық жазу сауатсыз адамға да түсінікті жазу болып саналады. Пиктографияның ең алғашқы жүйесі б.э.д. 3000 жылдары Қосөзеннің оңтүстігінде шумерлерде пайда болды, кейін 2900-2800 жылдары Африканың солтүстік-батысында египтяндарда болды. Египет пиктограммасы шумерлердің пиктограммасымен ұқсас. Әрбір символ бейнелеп отырған затқа ұқсас шағын бейнені білдіреді. Пиктограммалық жазу алғашқы адамдардың жазуы болып есептеледі, мұндай суретті жазудың Қазақстан жерінен табылуы да кездейсоқ емес. Қазақ жері де алғашқы адамдардың пайда болған төрт нүктенің бірі. Пиктограмманың кемшілігі жазумен айналысатын адамдарға біліне бастады: пиктограмма затты ғана бейнелейді, іс-әрекетті де адам мен заттың сұлбасының көмегімен білдіруге болады. Мысалы, садақ не шоқпар ұстаған адам және жабайы қабандар; аңдарды қоршаған адамдардың тізбегі немесе көзінен жасы аққан адамның бейнесі т.б. Ал түсті, абстрактылы ұғымдарды, кісі есімдерін пиктограммамен қалай беруге болады?
Жазумен айналысқан адамдарға символдарды жетілдіруге тура келді.Символдың формалары енді суреттен таңбаларға көшкенде,жазу жаңа сатыға көшті.
Кейін пиктограммалар идеограммалармен ауыстырыла бастаған. Иероглифтер сөзді білдірген. Мысалы, аяқтың таңбасы тек аяқты ғана емес, аяққа қатысты әртүрлі қимылдарды білдірген. Яғни бір таңбамен түбірлес сөздерді беретін болған. Иероглифтер үшке бөлінеді: бірінші топ-логограммдар немесе идеограммдар, яғни таңбалар белгілі бір ұғым-түсінікті білдірген. Екінші түрі-фонетикалық принципке негізделген фонограмма. Фонограммалар шумер, көнеегипет, қытай жазуларында пайдаланған. Абстрактылы ұғымдар, етістіктер, сын есімдер, географиялық атаулар мен кісі аттары фонограммалармен берілген. Символдардың үшінші түрі-детерминативтер, бұлар оқырмандарға сөздің мағынасын айыруға көмектесетін белгілер. Мысалы, шумерлердің сынажазуында ер адамның атының алдында тік сызық түріндегі детерминатив қолданылған. Жекелеген детерминативтер патша, патшайым аттарының алдында, қала, ел, өзен атауларының алдында қолданылған. Мысалы, ағаштан жасалған бұйымдарды немесе ағаштың түрлерін білдіргісі келгенде, ағаштың символы тұрады, суға қатысты түсінікті білдіру үшін су белгісі көптеген иероглифтерде бар, мысалы өзен, мұз. Шумерлерде де , көнеегипет жазуында да детерминативтер сан жағынан көп болған және сөзден кейін қойылып отырған.
Иероглифтер адамдарға мыңдаған таңба-белгілерді есте сақтауды мәжбүрлеген. Кейін жазумен айналысатын адамдар таңба-белгілердің санын қысқартуға тырысқан. Адамдардың көбісі сауатты бола бастаған кезде, логограммдар өз қажеттілігін жоя бастады да, фонетикалық белгілер керісінше көбейді. Мысалы, шумерлердің сына жазуының мұрагерлері кейінгі ассириялық сынажазуында Арбела қаласы былайша жазылған: Αґba´ilu (қала), осының құрамында «қала» дегеннің детерминативі -ІІІІ белгісі (Αґbau деп оқылған) және ilu таңбасы «құдай» дегенді білдірген. «Бір таңба-бір сөз» делінетін жазудың жүйесі біртіндеп «бір таңба -бір буын» жүйесіне көшкен. Осыдан кейін ғана таңбалар дыбыстық мағына берген де, осыдан буындық жазу түрі пайда болған. Буын таңбаларынан тұрған жазу адамзат үшін маңызды қадам болды. Жазуда таңбалардың саны азайды, әдетте 30-дан 100-ге дейін қолданылды. Олардың ешқайсысы затты білдірмейді, сондықтан оларды жазу оңайға түсті. Буын жазуының классикалық түрі –кипр силлабарийі (б.э.д.1200-400), көнепарсы сына жазуы (б.э.д. 500-300). Қазіргі Үнді және Оңтүстік-Шығыс Азия әліпбилерінің көбісі жазудың буындық түріне ие. Әдетте буындық жазу «дауыссыз+дауысты тіркесінен» немесе бір ғана дауыстыдан тұрады. Жапон тілі фонетикасы жазудың осы түріне жақсы келеді, себебі жапон сөздері үнемі дауыстыға аяқталып отырады. Жазудың тарихын зерттеуші Қ.Сартқожаұлы буындық жазудың кескін таңбаларын бірнеше категорияларға бөліп көрсетіп, байырғы түрік бітіг жазуының буындық кескіндерін археологтардың тапқанын тілге тиек етеді. Сарыөзен І,ІІ жазуында сөзді, буынды белгілегені анық байқалады дей отырып, түркі халықтарының бітіг жазу үлгісінде буындық жазу үлгісі бар екенін айтады [2, 111б].
Бірақ шумерлер де, шумерлердің жазу түрлерін алған халықтар да әліпбилік жазуды жасамаған. Әліпбилік жазу жазу тарихындағы соңғы ірі өзгеріс болып табылады, бұл адам ақыл-ойының жемісі. Зерттеушілер әліпбилік жазудың басын б.э.д.1100 жылдарда Палестинада батыс семит әліпбиімен байланыстырады. Ол Европадағы латын, кириллица, грек әліпбилерінің бабасы финикиялық әліпбиде көрініс тапты деп қарайды. Әліпбидің жазуды жеңілдеткені және мағыналы еткені сондай- ол бір таңбаға бір дыбыс сәйкес келетіндігімен ерекшеленді. Финикиялық әліпбиде дауысты дыбыстар болған жоқ, тек дауыссыз дыбыстардан тұрды. Финикиялық әліпбиде әрбір әріптің аты болды: алеф, бет, гимел, далет, зайин т.б. Әліпбиде әріптер белгілі тәртіппен берілді. Гректер осы әліпбиге дауысты дыбыстарды қосты да, әліпбидің практикалық мәні жоғарлады. Европалық зерттеушілер осы әліпбилердің негізінде кейін латын, кирилл, руникалық әліпби қалыптасты деп түсіндіреді.
Түрік бітіг жазуының түп төркіні соғды жазуы деп түсіндіріп жүргендер бұл жазудың әріп кескіндері о баста әріпке арналған немесе фонемограммалық деген қорытынды жасады. Осы пікірді алға тартып жүрген В.А. Лившин соғды жазуы әріп арасын қосып жазатын курсивтік жазу, ал байырғы түрік бітіг жазуы ойма жазу екенін ескермеді. Оның үстіне байырғы түрік жазуы оңнан солға қарай бағытталып, әрбір кескіндері бөлек-бөлек жазылады да, соғды жазуы оңнан солға қарай жалғастырылып жазылады. Түркі тілінің сингармонизм заңдылығы соғды тілінде жоқ. Түркі жазуында сингармонизм заңы бойынша дауыссыз дыбыстарды бір әріптің екі түрмен беретін ерекшелігін ескермеді. Бұл пікірге қарсы шыққан ғалымдар- Н.А.Аристов [3], Н.О.Малицкий [4], М.А.Кастрен, Г.Вамберилер [5], А.Махмудов [6], М.Шинэхүүлер [7]байырғы түрік әліпбиін түркі тайпаларының малға басатын таңбаларынан бастау алған деген пікірді алға тартты. Н.А.Аристов «Об этническом составе тюркских племен и народностей» деп аталатын атақты еңбегінде түркі халықтарының, олардың рулары мен тайпаларының таңбасын бере отырып, олардың арғы төркінін, семантикасын іздестіреді [3, 277-456 б.]. Н.Малицкий 1897-1898 жылы Түркістан үйірмесінің мәжілісінде «О связи тюркских тамг с Орхонскими письменами» деген баяндама жасап, байырғы түркі әліпбиі түркі халықтарының таңбаларынан шықты деп тұжырымдайды [4, 133 б.]. Түркі халқының ру-таңбалары ежелден келе жатыр, мұны шумер таңбаларынан алынды деп қарауға негіз бар. Себебі түркі халықтарының ежелгі дәуірден осы күнге дейін ру, тайпалардың ерекшелігін айқындайтын тамғалар мен малға басатын таңбалары байырғы түркі әріптерінің сол күйдегі кескіндері.