Лекция. Н. Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы


лекция. Шумерология ілімінің қалыптасу тарихы



бет3/15
Дата20.02.2023
өлшемі81,7 Kb.
#69533
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Í. Íàçàðáàåâ. «Ì?äåíè ì?ðà» áà?äàðëàìàñû

3 лекция. Шумерология ілімінің қалыптасу тарихы.
Бүгінгі күні түркі ғалымдарының, соның ішінде қазақ ғалымдарының назарын аударып жүрген өзекті мәселе- түркілер мен шумерлердің арасындағы байланыс, жақындық мәселесі. Түркі тілінің даму кезеңдерін айқындау – оның жасын анықтау болып табылады. Түркі тілдерінің ғалымдар анықтаған басты-басты кезеңдері - алтай дәуірі, ғұн дәуірі, көне түркі дәуірі, орта ғасыр түркі дәуірі, жаңа дәуір, ең жаңа дәуір еді. Бұл дәуірлерге сипаттама бергенде, шумер деген сөз ауызға да алынбады. Мұның себебі- шумерлердің кім екендігін, қайдан келгендігін, мәдениеті мен тілі қандай болғандығын білмегендіктен, тіпті шумерлердің түркі халқына жақындығын ескермегендіктен болып жатты. Шумерлерді тану, шумерлердің тілі мен мәдениеті жайында сөз ету- түркілердің мәдениетін ең ежелгі адамдардың мәдениетіне дейін жеткізіп, түркі халықтары мен түркі тілінің жасын ұзарту болмақ.
Эль-Обейда мәдениетінің жандану дәуірінде, яғни б.э.д. 4 мың жылдықтардың екінші жартысында, Месопотамияда шумерлер пайда болған еді, олар өздерін кейінгі жазба документтерде «қарабастар» деп атаған. Көреген және ақылды халық өмірге практикалық көзқарас танытты, өздерінің интеллектуалдық даму шеңберінде өмір сүру нормаларын қалыптастырып, тіршілікті жақсарту мен рухани толысуында реалды фактіні қиялдағы дүниемен шатастырмаған. Шумерлік данышпандар дүниеге ғылыми сенімі мен нанымын қалыптастырды. Олар рухани және психологиялық намыс пен табысқа ерекше назар аударды, даңқ пен құрметке бөленуді ойлады.
Шумерлер бірінші болып заң құрастырды, жылнамалар мен заңдар жинағын түзді, бұл заңдар ақ пен қараны айыруға көмектесті, дұрыс ойлатып, өзара түсінбестік пен өмірді қабылдаудағы екіұштылықтан құтқарды. Мұның бәрі бұдан 5000 жыл дай бұрын болған еді, сондықтан олардың қазіргі адамдарға, шумерлер мәдениетінің қазіргі мәдениетке қатысы бар дегенге ешкімнің жүрегі дауаламас еді.
Шумерлер жайлы даулы пікірлер көп болса да, бәрінің мойындаған бір нәрсесі – шумерлердің осы қонысқа басқа жақтан келгендігі. Бұл халықтың этникалық жақтан және тілі мен мәдениеті жағынан Солтүстік Месопотамияда тұратын семит тайпаларына жақындығы жоқ, жат халық болғандығы дау туғызбады. Шумер тілін өз тілдеріне ұқсатқысы келгендер көп болды. Көптеген ғалымдар шумерлердің оңтүстіктен келгендігін бірауыздан мойындады.
Шумерлерді Америка үндістерімен байланыста алып қарайтын болсақ, көп сауалға жауап алатын тәріздіміз. Үндістердің Америкаға Азиядан қоныстанғандығына қазір ешкім дау туғызбайды. Дау ғалымдардың арасында қалай келгендігі жөнінде болып отыр.Бір пікір үндістер Америкаға Чукотка бұғазы және Алеутск аралы арқылы келді десе, екінші пікір Тынық мұхит арылы жетті дейді. Көптеген шетел ғалымдарының дәлелдегеніндей, Америкаға Азиядан қоныстану бұдан 30-50 мың жыл бұрын болған, тіпті бұл цифрды 100-ге дейін жеткізетіндер де бар. Мұхит суының біраз бөлігі мұзға айналғанда, Азиядан Америкаға жол ашылған да, мұз дәуірінде көшпенділер Америкаға өткен деседі. Бұған қоса тағы бір теория пайда болды, бұл теория бойынша Америкаға өткендер- Европалықтар, яғни Атлантида арқылы финикиялықтар, ассириялықтар,римляндықтар, этрустар, гректер, еврейлер,тағы басқалар Америкаға өтіп қоныстанған. Бұл теорияның шындыққа сәйкес еместігін жергілікті тұрғындардың, яғни үндістердің тілі, салт-дәстүрлері, мәдени наным-сенімдері жоққа шығарады. Америкаға Европалықтардың кейін Америка ашылып, бүкіл әлемге белгілі болған кезде барып қоныстана бастағаны тарихтан белгілі. Ю.Глуховтың «Задолга до Колумба» атты мақаласында Мұхит арқылы Азиядан Америкаға өту мүмкіндігі болғандығы , ол белгілі бір тарихи дәуірлерде геологиялық өзгерістердің әсерінен каботажды жүзумен жүзеге асқандығы жайлы айтылады [ 1 «Правда, 1975, 13 апрель»].Алғашқы адамдардың пайда болған мекені Азия, Африка екендігін ескерсек, әрбір бес мыңжылдықтарда болатын климаттағы өзгерістер адамдардың тіршіліктің қамымен жайлы қоныс іздеп көшіп-қонып жүрегендігін жоққа шығармайды. Америка үндістерінің ежелгі тұрғындарға жататындығын серологиялық зерттеулер(қан сары суын зерттеу) де көрсеткен: тайпа көсемдерінің дене қаңқаларын зерттеуден өткізгенде, олардың қаны Ежелгі дүниенің адамдарына тән «А» тобына жататындығы белгілі болған. Ежелгі адамдардың табиғи катаклизм жағдайларына бейімділігі оларды көп нәрсеге үйретті: табиғат күштеріне қарсы тұруға үйретті, суда, құрлықта өмір сүрудің жолдарын меңгерді, тіршілікке қажетті құралдарды жасай білді және оны үнемі жетілдіріп отырды. Осылайша олар өркениеттің алғашқы белгілерін қалыптастырды. Ежелгі үндістер майяның дүниетанымы мен наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары мен тілі, ритуальды мейрамдары, қолөнер бұйымдары, техника өнері, архитектуралық ескерткіштері, пирамида тұрғызу ісі шумерлерге жақын келеді. Үндіс тайпаларының ішінде ең көп таралғаны- сиу. Сиу тайпалары мен шумерлердің ортақ негізден тарағанын айтпастан бұрын, зерттеудің өзегі болып отырған шумерлер жайлы айтылған деректерге құлақ түрсек!
Шумерлер жайлы маңызды деректер М.Белицкийдің «Забытый мир шумеров» атты еңбегінен табылды [ 1, 7-20 б.]. Мариан Белицкий шумерлердің келген жерін Иранның таулы қыраттары немесе Орта Азияның таулы жері немесе Индия деп біледі. Хрестиан атты ғалымға үндес көптеген пікірлер Тибетке және Ассамға апарып тірейді. Ғалым өзінің түсініктемесінде Георг Бушанның тибет-бирман мәдениеті жайында еңбегіне сүйенеді. Тибет-бирмандықтар Азияға неолит дәуірінде оңтүстегі теңіздер жағалауынан келгенін алға тартады. Хрестианның болжамын польша лингвист ғалымы Ян Браун қолдайды. Оның айтуынша, шумер тілінің тибет-бирман тобындағы тілдермен ортақ жақтары көп.
Ағылшын ғалымы Гэдданы Египет пен Шумердегі кейбір кейбір ұқсас әдет-ғұрыптарды көрсеткен зерттеулер қызықтырды (б.э.д. 3 мыңыншы жылдардың бірінші ғасырындағы). Осыдан барып Шумерлер мен Египеттің арасында өте ежелгі дәуірде байланыс болған, екі мемлекетте де бір мезгілде бірдей әрі құпия маңызды жаңалықтардың мәдениет пен әдет-ғұрыптарда пайда болуын немен түсіндіруге болады деген сұрақ ғалымдарды мазалады. Шумерлердің көшіп-қонуы теңіз арқылы жүзеге асқандығын алға тарта отырып, ғалымдар бастапқы кезде Шумерлердің Парсы шығанағынан келгендігін, мүмкін, Оңтүстік Белуджистанның Кулли мәдениетін өздерімен бірге ала Индиядан келгенін немесе Оңтүстік-Шығыс Азияның қандай да бір өлкесінің мәдениетін әкелгенін айтып, болжамдар жасады.
Шумерлердің Парсы шығанағының тұрғындары емес екендігін, шумер мәдениеті Қосөзендегі убейда мәдениетінен тарамағандығын, оның түп- тамыры әзірге белгісіз өз елінде жатқандығын Эрих Церен айтты: «Соседние народы восприняли не только систему письменности и многочисленные символы шумеров, но и значительные элементы их культуры и мировоззрения. Этим и объясняется создателями культуры вообще, хотя недавние раскопки показали, что и шумеры, в свою очередь, восприняли от своих незнакомых нам предшественников важные элементы культуры, способствовавшие дальнейшему их развитию. Хотя очаг их культуры и находился у Персидского залива, они не были коренными жителями этих мест» (Эрих Церен. Библейские холмы. М. 1986.С.188).
Чехияның ассиролог ғалымы Б.Грозны 1943 жылы жариялаған еңбегінде Шумерлердің Месопотамияға көшіп келуі екі дүркін жүзеге асырылғандығын, бірінші толқын, оның айтуынша, Эль-Обейда дәуірінде, екіншісі- бірнеше жүздеген жылдардан кейін Урук дәуірінде жүзеге асырылғандығын, шумерлердің Орталық Азиядан келгендігін дәлелдейді.
Қазақ ғалымы А.К.Нарымбаеваның «Туран- колыбель древних цивилизаций» атты еңбегі ғылыми кеңістікте әділ тарихи бағасын ала алмай жүрген түркі халқының әлемдік өркениеттің түп қазығы болып, бүкіл адамзатқа мәдениет, технология, ғылым, білім, жазу, діни наным-сенімдерді алып келген халық болғандығын ұлы тұрандықтардың ата мекенінде отырған өз халқына дәлелдеп берді. Бүкіл әлемге бұдан 5000 жыл жыл бұрынғы өркениетті мәлімдеген Аркаим қазбаларын алға тартып, Ұлы дала-Тұранның металлургияны, құрылыс ісін, астрономиялық ілімді, жоғары мәдениетті дүниежүзіне қалай таратқандығы жайлы ой түйеді, сөйтіп түркілердің тарихы мен мәдениетіне деген евроцентристік көзқарастың тас-талқанын шығарды. Б.д.д. III мың жылдықтағы көлемі 20 мың кв.м. алып жатқан Аркаим қаласының әрі қамал, әрі храм, әрі обсерватория, әрі өндіріс орталығы болғандығын археологиялық зерттеу еңбектеріндегі деректермен дәлелдеп, оларды атақты Месопотамия зиккураттары және сақ қорғандарымен ұқсастығын айтады. Бронза дәуірінде ата-бабалар аруағына арнап тұрғызылған Сынтасты қорғанының пирамидаға ұқсастығығы да пирамида тарихына қатысты көп жайттарға қанықтырады. «Сохранение этой же планировки в сакское, гуннское и тюркское время является неопровержимым доказательством преемственности аркаимсого-сынтастинской и сакской культур и доказывает несостоятельность утверждений некоторых ученых о том, что с уходом ариев-прототюрков аркаимского-сынтастинская цивилизация в Степи прекратила своë существование, исчезла. Как не поражаться тому, что идея надгробия вместе с архитектурными приемами строительства курганов без изменения сохранилась в Степи до XII-XIII вв.н.э.» (А.К.Нарымбаева. «Туран- колыбель древних цивилизаций».А.,2009, С.29). А.К. Нарымбаева әлгі Эрих Церен айтқан белгісіз халықтың түркілердің ата-бабалары екендігін, олардың ата мекені ежелгі Қазақстан екендігін дәлелдеп шықты. «Как известно, население Турана как раз относится к «средиземноморской» расе, включая и скифов-саков, и половцев-кыпшаков. Вспомним, что именно В Древнем Казахстане сформировался этот европеодный тип населения. Прототюрки как раз расселялись с палеолита-мезолита именно в эти регионы в трех направлениях: через Балканы в зону Средиземноморья, через Среднюю Азию на Средний и Ближний Восток и в Индию, а с эпохи бронзы и через Кавказ» («Туран- колыбель древних цивилизаций».А.,2009, С.285). Шумерлер ежелгі түркілердің мекені Ұлы Даланың бүкіл байлығын, бай мәдениетін өздерімен бірге Парсы шығанағына, Қосөзенге алып кетті де, соның негізінде атақты шумер мәдениетін қалыптастырды.
Шумер халқының өмір сүргендігі мен олардың адамзат өркениетінің негізін салушылар болғандығын білгеніміз үшін кімдерге қарыздармыз? Ең алдымен біз археолог ғалымдарға қарыздармыз. ХІХ ғасырдың 70-жылдары архитектор де Севеланжаның жолбасшылығымен француз археологы Эрнест де Сарзек құлазып қалған елсіз мекенге, қираған қорғандар мен үйілген төбешіктерге қазба жұмыстарын жүргізуінен басталған еді. Бұзылған жерден жазуы бар көне кірпіштер мен ыдыс-аяқ қалдықтары, саз балшықтан жасалған сына жазуы бар бұйымдардың табылуы әлем ғалымдарының назарын аударды. Табылған жазулар Опперто Гейзе мен Алиоға шумер тілінің болғандығын көрсетті. Археолог ғалымдар Месопотамияда қазба жұмыстарын жүргізгенде шумерлердің емес, ассириялықтардың мәдениетін іздеген болатын. Ассириялықтар туралы мәліметтер гректер мен еврейлердің зерттеу көздерінен жеткілікті дәрежеде белгілі болған еді. Ал шумерлер жайлы, олардың жері, адамдары, тілі жайында ежелгі кітап Інжілде де, классикалық әдебиеттерде еш нәрсе айтылмаған еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет