Отбасы динамикасын тіршілік кезеңінің 5 сатысымен көрсетуге болады: 1 – некеге отыру кезінен бірінші баланың тууына дейінгі отбасының пайда болуы; 2 – балаларды дүниеге әкелу және тәрбиелеу; 3 – отбасының тәрбиелеу қызметін орындауды тоқтатуы. Балаға еңбек етудің басталуынан ата-ана қамқорлығында балалардың бірде біреуінің қалмауына дейінгі кезеңді қамтиды; 4 – балалар ата-аналарымен тұрады, және тым болмағанда солардың ішіндегі біреуінің жеке отбасы жоқ. 5 - ерлі-зайыптылар жалғыз, не болмаса жеке отбасылары бар балаларымен тұрады.
Отбасы динамикасынтіршілік кезеңінің 5 сатысымен көрсетуге болады: 1 – некеге отыру кезінен бірінші баланың тууына дейінгі отбасының пайда болуы; 2 – балаларды дүниеге әкелу және тәрбиелеу; 3 – отбасының тәрбиелеу қызметін орындауды тоқтатуы. Балаға еңбек етудің басталуынан ата-ана қамқорлығында балалардың бірде біреуінің қалмауына дейінгі кезеңді қамтиды; 4 – балалар ата-аналарымен тұрады, және тым болмағанда солардың ішіндегі біреуінің жеке отбасы жоқ. 5 - ерлі-зайыптылар жалғыз, не болмаса жеке отбасылары бар балаларымен тұрады.
15 лекция Әртүрлi психотерапиялық бағытта жұмыс жасау бойынша жобаны құрастыру.
Психодрама- рөлдік ойын негізіндегі топтық жұмыс әдісі болып табылады. Бұнда топ мүшелерінің ішкі жан дүниесін зерттеу әдісі ретінде драмалық импровизация қолданылады және клиентке деген маңызды проблемаларымен байланысты сезімдерін шығару үшін жағдайлар жасалады. Психодрама ойын принципіне негізделген.
Драманы коррекциялық әдіс ретінде Якоб Леви Морено (1892- 1947) соғыстан кейінгі жылдары эксперимент нәтижесінде қолдана бастады. Бұл эксреимент «аяқ астылы театр» деген атқа ие болды. Морено Вена паркінде қыдырып жүрген балалардың ойын кезіндегі фантазияларына көңіл бөлгенде, ойын әдістемелерінің терапевтикалық патенциялы жайлы алғаш ойланды.
Психодраманың мақсаты- адекватты емес жағдайлар мен эмоционалдық реакцияларды диагностикалау және коррекциялау, оларды болдырмаудың алдын алу, өзін- өзі тануды тереңдету. Қайғы- уайымдарды сөздік бейнелеуге негізделген басқа әдістемелерге қарағанда, психодрама клиентке тереңде жатқан эмоцияларын ашық және әрекетті формада шығаруға көмектеседі. Психодрама кезінде түрлі деңгейдегі психологиялық проблемаларды (күнделікті тұрмыстықтан бастап, экзистенциялдыға дейін) шешудің эффективті жолдарын іздеу жүзеге асырылады. Клиент жүргізушінің және топтың көмегімен өзінің өміріндегі маңызды жағдайларды драмалық әрекетпен көрсетеді, оның проблемасына қатысы бар көрсетілімдерде ойнайды. Іс- әрекеттер проблеманы анықтау және нақтылау үшін ықпал ететіндей құрылады. Жаңа рөлдер, альтернативті, аффективті және қылық- әрекеттік стильдер анализделеді, проблеманы шешудің конструктивті моделін іздеу және апробирлеу жүзеге асырылады.