Энергияжәне энергияның қоршалуы— психологиялық талдаудан енген “энергия” ұғымы, оның кернеуде айқындалатын орналасуы мен қоршалуы (ең алдымен денелік — күйі, қимылы, көзқарасы, дауыс үні) гештальт-терапияда түсіндірмелі терминология және оқыту құралы ретінде қолданылады.
Бүгінгі күні гештальт-терапия жиі топтық нұсқада тәжірибеленеді. Осы бағытта «ойын» және «сынақ» деп аталатын психотехникаларға гештальт-терапияда үлкен мән беріледі.
13лекция: Ойын терапия: негізгі түсініктері, мақсаттары, процедуралары.
Ойын-баланың жеке басын дамутыда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.
Ойынның бала өмірінде орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті ХVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек».
Ойынның психологиялық мазмұны әлеуметтік қатынастар мен жағдайларды үлгілеуді құрайды. Бұл «іс - әрекеттің орталық сипатты сәті және еңбек пен қоғамдық өмірдегі ересектердің арасындағы қатынастар ретінде баланың жаңғыртатыны».
Л. С. Выготскийдің пікірінше, ойын «жүзеге аспайтын тенденциялардың иллюзиялық жүзеге асырылуы» болып табылады және екі тенденцияның соқтығысуынан: баланың психикалық даму ерекшеліктері мен тілектерді осы сәтте орындаудың бұрынғы тенденцияларын сақтауға орай өз көрінісін әлі таба алмаған мотивтерді жүзеге асыру тілегімен байланысты жалпылама аффектілердің қалыптасуынан туындайды.
Д.Б. Эльконин баланың өз әрекеттерін ережеге бағындыру қабілетінің дамуында төрт кезеңді ажыратады: