15-ЛЕКЦИЯ Ішкі шаруашылық жолдарды, су шаруашылық және басқа инженерлік ғимараттарды орналастыру. Территорияны инженерлік жабдықтандыру объектілері. Территорияны инженерлік жабдықтандыру объектілеріне мыналар жатады:
- ішкі шаруашылықтық жолдар;
- мелиоративтік құрылыстың объектілері (суландыру, кептіру) және олардың негізгі ғимараттары (тоған, су қоймасы, лимандар, магистралдық каналдар, коллекторлар, басқа негізгі су өткізуші және қоршау жүйелері (проводящая и ограждающая сеть);
- суландыру және сумен қамтамасыздандыру объектілері;
- негізгі орман мелиоративтік және гидротехникалық эрозияға қарсы күресу объектілері, орман көшеттері, гидротехникалық ғимараттар.
Жобаның бұл бөлігіне а/ш алқаптарын ұйымдастыруда және орналастыруда өте үлкен әсерін тигізетін, ең басты және құрылысына өте көп қаражат кететін, территорияны жабдықтандырудың негізгі объектілері кіреді.
Бұндай объектілерді орналастыру жобаның басқа бөліктерімен үйлестіріле, қабылданған жоба шешімдерін тексере отырып, жүргізіледі.
Территорияда орналасуына байланысты бұл объектілер ұзын және аудандық болып бөлінеді. Олардың пайдалану мақсаты, алып жатқан жері, орналасу жағдайы, орналасуына қойылатын талаптар, салуға және пайдалануға шығатын қаражаттардың мөлшерлері әртүрлі болады.
Территорияны инженерлік жабдықтандыруда келесі негізгі талаптар қойылады:
1. Бұл объектілердің орналасуы жұмыс жүргізуге ыңғайлы болуы және жердің пайдалануын жақсартуы керек.
2. Өндіріске жақсы территориялық жағдай жасау үшін және жерді тиімді пайдалану үшін. Оларды өзара және жобаның басқа бөліктерімен және элементтерімен үйлестіре орналастыру.
3. Территорияны жабдықтандыру объектілеріне ең тиімсіз а/ш пайдаланылмайтын, өнімсіз жерлерде берілуі керек) қажеттілігіне сәйкес неғұрлым аз берілуі керек.
4. Объектілерді орналастыруда техникалық және табиғатты қорғау талаптарын орындау қажет.
5. Құрылысқа және салынған ғимараттарды пайдалануға кететін қаржылар неғұрлым аз болулары керек.
Жоғарыда айтылған территорияны инженерлік жабдықтау объектілерін орналастыруға қойылатын талаптар әрқашанда барлығы орындалуы мүмкін емес. Сондықтан жобалауда әр жағдайда осы талаптардың ең алдымен орындау қажет.
Территорияны жабдықтандыру объектілерін жобалағанда оларды басқа іргелес орналасқан шаруашылықтарға жасалған болжам схемалармен жобалардың ұсыныстарымен келістіре отырып жасанулары керек.
Дайындық жұмыстарында керекті деректер түгел жиналып, зерттеліп бір-бірімен үйлестіре отырып пайдаланулары керек.