11.2 Негізгі ішкі шаруашылықтық жолдарды орналастыру Автомобиль жолдары 5 категорияға бөлінеді. СНиП П-Д-5-72 бойынша шаруашылықтық территориясында:
1. кіру жолдары ІV категорияға жатады,
2. тұрақты ішкі шаруашылық жолдар – V категорияға жатады.
Ішкі шаруашылық жолдарды 4 негізгі топқа бөледі:
1) бас ішкі шаруашылықтық жолдар;
2) кіру жолдары;
3) негізгі дала жолдары;
4) ауылшаруашылық елді мекендік жолдар мен кіру жолдары.
І топ – шаруашылық орталықтарын бөлімше орталықтарымен, бөлімше орталықтарын өзара, шаруашылық орталығын басқа елді мекендермен, ортақ пайдаланылатын автом. Және темір жолдармен.
ІІ топ – бөлімше орталықтарын және басқа елді мекендерді мал қоралармен көмекші цехтармен; өнімді дайындау, сақтау алғаш өндеу пунктілерімен, тыңайтқыш, улы-химикаттарды сақтау орындарымен, құрылыс карьерларымен.
ІІІ топ – барлық елді мекендерді, фермаларды ауылшаруашылықтық алқаптармен, өндіріс учаскелерімен, дала қостарымен және т.б.
ІV топ – елді мекенді жоспарлау жобасында белгіленген жолдар.
Ішкі шаруашылықтық жолдар торын орналастыруда келесі мәселелер шешіледі: жолдардың бағыттарын анықтау, категориясын, жол жамылғысының типін анықтау, жол трассаларын және оларға орналасатын ғимараттардың орнын белгілеу. Сосын жолды салу бағасы және кезегі белгіленіп, экономикалық тиімділігі анықталады.
Ауыл шаруашылықтық кәсіпорының территориясындағы жолдар торы келесі қажеттіліктерді қамтамасыз етулері керек:
1) тиімді және ыңғайлы көліктік қатынасты, жыл бойы, уақытымен, төменгі өзіндік құнымен тасымалдау жұмыстарын орындауды;
2) транспорттық жұмыстарды жақсы ұйымдастыру арқылы а/ш өндірістің тиімділігін арттырып, шығынын азайту;
3) жүк тасымалдауды, жүксіз қатынасты бір жүйеге келтіріп, мәдени-тұрмыстық және басқа қоғамдық талаптарды қамтамасыз ету;
4) Территорияны әрі қарай ұйымдастыруда, жерді тиімді пайдалануда, қоршаған ортан қорғауда ыңғайлы жағдайлар жасауды;
5) жол құрылысына және пайдалануына неғұрлым аз шығын шығару.