Ежелгі Римнің мәдениеті. Этрустар мәдениеті ең көне мәдениеттің бірі. Италия өңірінде этрустар мемлекеті құрылады. Олардың мәдениеті Италия топырағында гүлдену шегіне жеткен. Этрустар салған жолдар, каналдар - құрылыс техниканың жоғары дамығандығын көруге болады. Эллиндік мәдениеттің ықпалы бұл елге театр, мүсін өнері арқылы ерекше әсер етті. Этрустар гректер сияқты он екі құдайға сиынды, олардың мифологиялық ұғымдарын қабылдай білді. Мысалы діни жолдарымен құрбандыққа шалу, бал ашу кеңінен тараған.
1.Минтавр бас құдайы болып есептелініп оларға ерекше храм ашқан. Әлем тұралы, дүние жаратылуы жәйлі вавилондықтарға ұқсас түсініктеріне байланысты шығыс елдері мәдениетімен жақындай түскен еді.
2. Керамика жасауды меңгерді.
3.Зергер бұйымдары өндеуді уйренді.
Этрустар мәдениеті Римнің дініне, сәулет, мүсін өнеріне әсерін тигізіп, Римнің көркемдік шығармашылығын қалыптастыруда елеулі орын алды. Бұл елде тас қорғандар қоршалып су құбырлары жүргізіліп гладиаторлар ойындарына арналған тұңғыш цирк салынды. Б.з.д. I- ғасырда Рим ежелгі дүниенің аса ірі құлиеленуші мемлекетіне айналды. Римнің қоғамдық ғимараттары, храмдары мен алаңдары Мирон, Фидии, Скопас, Поликлет сынды ұлы шеберлердің мүсіндерімен толды.
Римдіктер сәулет өнерінен ерекше көзге түседі, таңғажайып ескерткіштердің оның ішінде жол құрылысын 312 жылы Аппии Клавдий басқарған. Тарихтан Спартак көтерілісіндегі құлдарды асып өлтірген жолдар тарихта қалып отырғанын көреміз.
4. Су өткізбейтін бетонды алғаш рет ойлап табады.
5. Ірі сәулетші, суретші - инженер Витрубийдің еңбектері сақталып отыр. Мысалы: «Сәулет өнері туралы он кітап» - деп аталатын трактат нағыз энциклопедия болып есептелінді.
6. Мүсіндік портреттер дамыды.
7. Әдебиет саласы дамыды. Алғашқы Рим ақыны Ливий Андроник ұлты грек болғанымен Гомердің « Одиссеясын», Софокл мен Еврипидтің шығармаларын латын тіліне аударған. III ғ. аяғы II ғ. Плавт өмір сүрді: «Тұтқындар», « Үш бақыр» атты трагедиялар өмірге келді.
8. Жазушылар – Варрон мен Цицерон болды, еңбектері: заң, мемлекет жайлы трактаттар жазылды.
Б.з.д. 31 жылда Рим ұлы империяға айналды.
Қоғамдық ғимараттар өмірге келді бірнеше қабатты үйлер, сот мәжілісі өтетін үй, сауда - саттық жүргізілетін колонналар, гладиаторлар ойнайтын амфитеатрлар, бассейндер пайда болды. Ең үлкен 75-80 жылы салынған Колиззей деп аталатын амфитеатр. Биіктігі 50 м. сенаторлар отыратын мәрмәрдан салынған алаң - подиум, императорға арналған ложа ортаны арена деп аталды.
2. Сәулет өнерінің ең биігі император Андриан салдырған ғимарат Пантеон болып саналынады. Биіктігі - 42,7, қалыңдығы 6 м. қабырғадан тұрған күмбез, алтынмен қапталып, қола сырмен жылтыратқан.
3. Мүсін өнері, сурет өнері дамыды.
Қорыта келгенде: әлемге эстетикалық тәрбие беруде арасан зор әсерін тигізген.
Антика дүниесі деп аталатын Ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділікпен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған және Рим сәулетшілері мен мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқы мәдени туындылары – көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |