Лекция сабақтарының толық мәтіні Мәдениет теориясының жалпы мәселелері. 1 тақырып. Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс



бет14/32
Дата09.05.2022
өлшемі69,44 Kb.
#33250
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Махмұд Қашқари - түрік мәдениетін озық өркениетке қосқан еңбектерінің арқасында әлемге танымал болғаның көреміз. « Диуани лұғат ат-түрік»- еңбегі бүкіл түрік тілдес елдердің мәдениеті жайлы, яғни тілі, діні, ділі жайлы толық ашып көрсетті, жалпы саясатшы-философтар.

Сонымен өз еңбектерінде аталған ғұламалар - ислам кезіндегі дүние танымдылықтарымен өте жоғары деңгейде еді. Мысалы, аспан мен жерді гректер сияқты (микрокосм, макрокосм) сезіне, түсіне, ұға білуінде. Ай, күн, жұлдыз, су, от десек, сол табиғаттын жаратылуы, адамға қатысты болуын түсіне, сезіне білуімен ерекшеленді.



Араб сөзі далалық, көшпелілер, шөлейттіктер деген мән береді. Ежелгі арабтар шөл далалардың тұрғыны есебінде көшпелі тайпалар саналған. Өмір құбылыстарының мәнін тарқату үшін және олардың қажетті тұстарын еске сақтау мен ұрпақтарға жеткізу мақсатында сөйлеу өмірі жоғары дамыған. Арабстан таулы-тасты, аңызақ, далалы, сусыз жер. Арабстанды - Қызыл теңіз, Үнді мұхиты, Парсы шығанағы, Өлі теңіз, Евфрат және Тигр өзендері қоршап тұрады. Шығу тегі Семит тайпаларынан басталатын, арабтар Арабстан түбегіне көшпелілер ретінде келген. Арабтардың ортағасырлық аңыздарына қарағанда, Семит аталары ертедегі өркениет орталығы болған Қосөзенді мекен еткен, осы жерден олардың бір бөлігі солтүстік - батысқа, қалғаны Евфрат өзенінің оңтүстік жағасымен Арабстанға жылжыған. «Арабтар аралы» ерте заманнан бері өркениет дүниесінің ордасы болған. Ежелгі Мысыр мен Вавилон, Хёттер мен Палестина елдері, Эллада және Парсы мемлекеттері бәрі қатар өмір сүрді. Арабтар үйір- үйір түйелерімен, қой-ешкілермен құмда, шөлде көшіп-қонды, құрма өсіріп, арпа мен бидай екті. Арабстан түбегін сауда жолы басып өтетін. Керуен Оңтүстік және Батыс Арабстаннан хош иіс беретін заттар мен маталар, Африкадан алтынды құм, пілдің сүйегі мен құлдар, Сириядан қару-жарақ, астық және өсімдік майы, Қытайдан жібек, Парсы шығанағы жағалауынан інжу тасылды. Көшпелілерде ғасырлар бойы тайпалық құрылыс сақталып отырды. Тайпа отбасына, ал отбасылар - әулиетке бөлінді. Тайпаның басшысы - Шейх атанды. Арабтар қонақжайлылығы - киелі заң болды. Арабтарда адамның жеке бостандығы еш нәрсемен шектелмеген, ол өз тайпасына ғана тәуелді. Ал егер тайпалық заң бұзылса ол адам тайпадан қуылады. Ол адам енді ешкімдікі емес, ол кім көрінгенге тәуелді болып саналған. Ғасырлар бойы осындай тайпалық ережелердің гуманистік салаларынан олардың адамгершілік мәдениеті қалыптасады. Осы адамгершілік жарғының мәні неге саяды десек, олар былайша түзіледі. Нағыз араб қайырымды, ержүрек, қайтпас-қайсар, сөзге мәрт, қонақжай, мырза, кең пейілді, үлкенді қадір тұтушы адам.

Арабтардың тайпалық құрылымында жеке пұт құдайлары болды. Бұлақтар, дарақтар, ғажайып жартастар-табынушылық нысандары болды. Оңтүстік Арабстанда ежелгі Вавилон құдайларына ұқсас құдайлар көп болды. Ай - еркек құдай, күн - әйел құдай саналды. Бәрінен жоғары тұратын Құдай- Алла немесе оның қасиеттерін беретін: «құдiретті күштің», «адамдардың жаратушы», «иеленуші» т.б. бейнелері атауларымен астарланып аталынды. Арабстан Греция мен Риммен бұдан соң Византиямен мәдени байланыста болған. Арабстанның оңтүстігінде жазу-сызу б.з.д. мың жыл бұрын шыққан. Арабтарда әдебиет, поэзия түрінде дамыды. Аса дарынды шығармалар бүкіл Арабстан түбегін шарлады, оларды тайпалар жатқа білді. Ол кездегі мәдени түсінік бойынша ақындық жоғары қасиет иесі деп саналды. Арабтар ақынды «шайыр» деп атады. Қоғамдық, таптық пікірлерді қалыптастыруда шайырлар үлкен роль атқарды.

Ислам дәуіріне дейінгі Арабтардың тарихи сана – сезімдерін қалыптастыруда ақындық өнердің ролі жоғары болды. Көне арабтардың қара сөзбен жазған шығармалары бізге жеткен тәрізді. Ислам дінінің Араб елінде пайда болып, оның арабтар санасына сіңуі, қабылдануы, олардың бүкіл дүниетанымдық мәдениетінің келешек қай бағытта даму барысының қажеттілігін айқындады. Осы кезенде Араб әлемінде бұрын орын алған тайпалық рулық басқару жүйесі жойылды. Сонымен бірге халықтың ескі наным-сенімдері, рухани ұстанымдары мен мәдени құндылықтар өлшемдері өзгерді. Рухани құндылықтардың жаңа бір ерекше белесі көріне бастады. Ислам дінінің қағидаларын тарату, насихаттау Араб елдерінде тыныштық жолмен жүргізілді. Христиан дінін Европа халқына күштеп, зорлап енгізсе, арабтар керісінше әрекет етті. Арабтардың жаңа рухани дүниені қабылдауына Мұхаммед Пайғамбар көп еңбек сіңіргенін зерттеушілер нақтылайды. Араб – мұсылман мәдениетінің қалыптасуы Араб Халифатының тууы мен нығаюына байланысты еді.

Мұхаммед Пайғамбар (570-632 жж) ілімі өте терең де, парасатты адам болған. Мұсылмандардың өзара теңдікте болуы, бір-біріне деген сыпайылық, түсіністік, жағымсыз әрекеттерге кешірімділікпен қарау, қиыншылықтарға төзімділік таныту, әйелдерді сыйлау, үлкендерге құрмет көрсету, отбасында ұрпақ тәрбиелеу, жастарды оқуға, білімге, тәлім-тәрбиеге баулу, бір Аллаға ғана құлшылық ету, адам өмірінің мән-мағынысына үңіле білу, тіршілік-кәсіппен табанды айналысу, міне осы қағидалар мен ұстанымдар Пайғамбар ілімнің әлеуметтік-этикалық негіздерін құрады. Араб қоғамындағы билік тармақтары - Ислам дінінің ережелерімен, қағидаларымен қисынға келтіріп, басшылыққа алынды. Халиф - Пайғамбардың ісін жалғастырушы, ізбасары боп саналынды. Халифтер қоғам өмірінің тіршілігі, тынысы діни ережелерге сәйкес жүргізілуін қадағалап отырды. Мұхаммед Пайғамбардың төрт ізбасар - халифтері тарихта өте ілтипатпен аталынады. Олар: Әбу-Бәкір, Омар, Осман, Әли еді.

Араб әдебиетінің Европа, Түрік әлемінің әдебиеттерінің қалыптасуына үлкен ықпалы әдебиеттерде кең түрде аталынады. Білім мен ғылымның араб тілді елдерде кеңінен тарауының басты бір себебі кітап өндірісі еді. Мына деректерге назар аударайық. Шамамен IX-X ғғ. жасалған кітаптің мұқабасы Ливан ағашы қабығымен қапталынып бүгінге дейін Бермен қаласында сақтаулы тұр. Бұл кітапқа деген құрмет пен дүниені тануға құмарлық араб оқырманың сол дәуірдегі басты мақсаты болғандай әсер қалдырды. Мал шаруашылығымен айналысқан Арабстан түбегіндегі үй заттары, қолөнер, ыдыс, киім заттарын өндіруде терінің кең қолданылғанын байқаймыз. Араб өркениетінің құндылықтарын сақтауда терінің атқарған ролі үлкен еді. Терімен қапталған кітаптар өте қымбат бағаланды. Араб қолжазбаларының тарихи тағдыры Европа қалаларының сауда орталықтарында шешіле басталды. Қолжазбалардың тізімдері, каталогтары, библиографиялық көрсеткіштері жасалынып, оларды жеке ғылым салалары бойынша сұрыптау және оларды ғылыми тұрғыдан бағалау, сипаттамалар беру үрдісі пайда болды. Бүгінгі күні 50- астам елдерде 100-150 араб ойшылдары мен ғылымдарының қолжазбалық көрсеткіштері сақтаулы тұр.

Ортағасырлық кезең өзінің қаталдығымен, қорлауымен, әртүрлі соғыстардың болуы мен тарихта ізін қалдырды. Сонымен бірге даму кезеңдері кейде тоқталып, кейде ескерусіз жағдайларда өтілуі.

Ортағасырлық мәдениеттің басты бағыттары мен орталықтары тарихымызда ерекше орын алады. Ортағасырлық кезеңде білім мәдениеті және тәрбие саласы жалғасын таба білді. Шығыс Ренессансы, мұсылмандық мәдени өрлеу кезеңдерінің келуі және ерекшеленуі. Ислам кезіндегі Арабия, дүниетанымдық даму және исламның пайда болуы мен ортағасырлық ғылым мен философия, әдебиет, өнер дамыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет