Лекция сабақтарының толық мәтіні Мәдениет теориясының жалпы мәселелері. 1 тақырып. Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс



бет13/32
Дата09.05.2022
өлшемі69,44 Kb.
#33250
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Бақылауға арналған тапсырмалар

Антикалық мифология: сіз оны қалай түсінесіз?

Ежелгі Грек Рим мәдениетінің қалыптасу, даму кезеңдері.

Рим мәдениетіндегі классикалық эллинизм.

Микен кезеңдерінің мәдениеті мен өнері.

Грек мәдениетіндегі философия, миф, эпос.


6 тақырып. Ортағасырлық Еуропа және араб мәдениеті.

Дәріс жоспары:

1. Ортағасырлық Еуропа мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері.

Исламға дейінгі Арабия. Ортағасырлық Шығыс арабтардың мәдениеті.

Ортағасырлық ғылым,философия, өнер.



Негізгі ұғымдар:

Схоластика, алхимия, мистика, рыцарлық кезең, крест жорығы, ислам, ғылым, сәулет өнері.



Дәріс мазмұны:

Ортағасырлық араб мәдениеті.

1. Ортағасырлық мәдениеттің басты бағыттары мен орталықтары.

2. Шығыс Ренессансы.

3. Мұсылмандық мәдени өрлеу.

4. Ортағасырлық араб мәдениетінің негізгі белгілері мен ерекшеліктері.

5. Ислам кезіңдегі Арабия, дүниетанымдық, исламның пайда болуы.

6. Ортағасырлық ғылым, философия, әдебиет, өнердің даму кезеңдері.
Ортағасыр мәдениетінің дамуы тарихында ерекше орын алған деп есептейміз. Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі болды. Оның Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, білмей қазір мәдениетті адам деп есептелуіміз қиын. Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Сол себептен афро-еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Яғни, ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгілер шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған елдерде (Иран,Үнді,Сирия,Египет) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмаған еді. Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізді. 955 жылы Қарахан мемлекеті исламды ресми дін деп жариялады, жалпы бұл дінді қабылдау қазақ жеріндегі тайпалардың озық мәдениетке қосылуына мүмкіндік берді. Қазақ жерінде екі рухани бағыт дамиды: 1-ші Платон, Аристотель сияқты үлкен философтарына сүйенген дүниежүзілік мәдениеттің, екінші ұстазы - Әл-Фараби 200 ден астам араб тілінде трактат жазған. Әл-Фарабидің ұлылығы оның өз отанының мәдениетін ирандық, үнділік, антикалық мәдениеттерге ұштастыра білген. Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері:

Хақиқат- бір Алланың ақиқатын дәлелдеу.

Шариғат- мұсылмандық салт- дәстүр.

Тариғат- Аллаға қызмет еткен Әулиелердің өмірі.

Мағрифат- білімділік, парасаттылық идеялары.

Мыңжылдықтар тарихы бар Иран өркениетін бұл елді жаулап алған арабтар, осы мәдениеттетегі өте терең парсылық әдебиетті меңгеру жолын әдеп деп түсінді. Әдетті адам ілімін Әл-Фараби өзіне тән гуманистік тұрғыдан қарастырады және осындай адамдағы бірінші қасиет деп оның парасаттылығын көрсетеді. Оның шығармаларында кездесетін адамды « хайуани ақли» (ақылды жан) деп анықтау кейінгі еуропалық ағартушылықтағы Homo sapiens-ке сабақтас. Ақылды жанмен қатар Әл- Фараби еңбектерінде адамды «хайуани мадани» (мәдениетті жан) деп анықтаудың да терең сыры бар мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Бақыт жолын сілтеу», «Ақылдың мәні туралы», т.б. трактаттарында талданған. Көп еңбегінде қала туралы, яғни мәдени топтардың жиналатын ортасы,- деп түсінді. Яғни Әл-Фараби – Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы, ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алды. Оның шәкірттері: Ибн-Сина, Ж.Баласағұн, Бируни еді.



2. Шығыс ренессансы туралы сөз еткенде Әл-Фарабидің сопылық бағытын (Суфизм) айтпай кетпеуге болмайды. Қазақстан жеріндегі ұлы ғұламалар Ж.Баласағұн, Сулеймен Бақырғани, Қожа ахмет Иассауи шығармаларында сопылық сарын үлкен орын алған.

«Суфизм» жүн шекпен кигендері деп аударылады, киім талғамайтын бар ойы руханилық төңірегіндегі адамдар. Сопылар құдайды жүрекпен түсіну керек,- деп түсінді. Сол себепті Ахмет Яассауи мұсылман пірілерінің бірі. Оның ең үлкен жетістігі ғасырлар бойы қалыптасқан бар түрік мәдениетін мұсылман өркениетімен шебер байланыстыруында жатыр. Шығармалары: «Диуани Хикмет» (ақыл кітабі). Бар байлығын мүсәпірлерге тарату, 63 жасында жер астына кетіп-сопылық бағыт мәдениетін поэзиялық әдісін насихаттаушылар: Сағди, Хафиз, Низами, Руми гуманистік идеяларды пайдаланып талай дастандар жазғандар.

Қазақстан жеріндегі Ренессанс көріністерінің бірі - Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі». түрік мәдениетінің негізі жайлы, философиялық шығарма. Жетісу өніріндегі тайпаларының салт- дәстүрлері жайлы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет