Билік ұғымының телеологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталдік анықтамасы: бихевиористiк анықтама бойынша билiк- адамдардың мiнез-құлқына әсер ету мүмкiндiгiне негiзделген айрықша мiнез-құлық түрі;
телеологиялық анықтамада билiк – алға қойған мақсатқа сәйкес белгiлi бiр нәтижеге жету мүмкіндігі;
инструменталистiк билiк анықтамада билiк – белгiлi шаралар қолдану құралы ретiнде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.;
құрылымдық анықтамада, яғни билік – басшылық пен басқарылушы арасындағы қатынастың ерекше түрi;
жанжалдық билiк анықтамасы бойынша билік – игiлiктердi, даулы жағдайларда бөлiсудi үйлестiру құралы;
П. Моррис, А. Гидденс пiкiрi бойынша билiк – бiреуге немесе бiрдеңеге тигiзетiн жәй ғана ықпал, әсер емес, олады өзгертуге бағытталған iс-әрекет;
американ саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан «Билiк және қоғам» деген кiтабында билiктi шешiм қабылдауға қатысу мүмкiндiгi деп сипаттайды.
Сонымен, билiк дегенiмiз тап, әлеуметтiк топ, мемлекет, жеке адам т.б. тарапынан өзiндiк ерiк-жiгердi iске асырудағы қабiлеттiлiк пен мүмкiндiктердi пайдалана отырып адамдардың қызметi мен мiнез-құлқына бедел, күштеу құралдары арқылы әсер ету. Қысқаша айтқанда, билiк деп бiреудiң екiншiлерге әмiрiн жүргiзiп, олардың iс-әрекетi, қызметiне ықпал етуiн айтамыз.
Билiктiң бiрнеше түрлерi бар, олардың iшiндегi ең маңыздысы саяси билiк болып табылады. Саяси билiк дегенiмiз белгiлi бiр топтар мен таптардың мемлекеттiк органдар жүйесi арқылы қоғамдағы саяси үстемдiлiгi.
Биліктің объектісі мен обьектісі, ерекшеліктері, ресурстары, кызметі, билікті жүзеге асыру әдістері. Саяси және мемлекеттік билік.Саяси билік мына қызметтерді атқарады: