Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



бет4/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Тоталитаризм концепциясы. Тоталитаризм мәселелерi немiс-американ ғалымы Х. Арендт, австро-американ ғалымы Ф. Хайек, орыс ғалымы Н. Бердяев еңбектерiнде жазылды.

Қай ғылым болмасын белгiлi бiр қызметтердi (функцияларды) атқарады. Ал, саясаттану ғылымының қызметтері мыналар:
1 Танымдық қызметi. Саясаттану қоғамдағы оқиғаларды танып-бiлуге, олардың саяси мәнiн түсiнуге және болашақты болжауға мүмкiндiк бередi. Көптеген жылдар бойы Ресей империясы, одан кейiн кеңестiк тоталитарлық тәртiп саясат пен билiк сырын бүгiп келдi, қазiрдiң өзiнде халқымыздың саясат және саяси көшбасшылердiң iс-әрекеттерi жөнiнде хабарлары аз. Оларды бiлмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді саясаттану ғылымы бере алады.
2 Бағалау (аксиологиялық) қызметi. Ол саяси құрылысқа, институттарға, iс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға бередi. Қоғамдағы саяси оқиға мен құбылыстарды бағалау арқылы көпшiлiк оны ақтайды немесе қаралайды. Демократиялық қоғамда халықтың қолдауына ие болудың маңыздылығын билiк құрылымдары жақсы бiледi.
3 Саяси әлеуметтендiру қызметi. Демократиялық мемлекеттерде ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениетiн қалыптастырады. Қазiргi кезеңде азаматтарымыздың саяси құндылықтарында қайшылықтық тұстар байқалуда. Бұл саяси әлеуметтендiру жұмысын жетiлдiрудi қажет етедi.
4 Реттеушiлiк, басқарушылық қызметi. Бұл қызметi арқылы саясаттану ғылымы адамдардың саяси өмiрде өзiн-өзi ұстауын, iс-әрекетiн реттейдi. Саяси дамудың бағдарын бақылай отырып саясаттану қоғамдағы оқиғаларды тиiмдi басқару үшiн нақтылы мәлiметтер мен мағлұматтар бередi. Саяси бiлiмдер, сипаттамалар, кеңестер адамдардың күнделiктi практикалық iс-әрекетiнде басшылыққа алынады.
5 Саяси өмiрдi жетiлдiру қызметi. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негiз болады. Оның көмегiмен заңшығарушы, атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар, саяси басшылық шешiмдер алдын-ала тексерiлiп, зерттеледi, қоғамда болып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыда талданады. Солардың негiзiнде кейбiр саяси институттар жойылып, оның орнына бүгiнгi талапқа сай басқалардың келуiн негiздейдi, мемлекеттiк басқарудың қолайлы үлгiлерiн, саяси шиеленiстердi шешудiң тиiмдi жолдары мен әдiстерiн iздестiредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет