Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Адам - саясаттың жоғары мақсаты. Саясаттың гуманитарлы мәні, демократиялық мазмұны мен адамгершілік сипаты



бет19/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Адам - саясаттың жоғары мақсаты. Саясаттың гуманитарлы мәні, демократиялық мазмұны мен адамгершілік сипаты.

  • Саясаттың негізгі түрлері: ішкі, сыртқы, олардың өзара байланысы.

  • Ғылыми-техникалык, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, мәдени, діни, экологиялық, әскери саясаттың мәні және мазмұны.

  • Қоғамды модернизациялау кезеңіндегі егеменді Қазақстан Республикасының саясаты.



    Саясат қоғамдық кұбылыс ретінде, оның табиғаты, мүмкіндіктері, шептері мен келешегі. Ғылыми практикада «Саясат» және «саясаттану» ұғымдары араласып келiп отырады. Мұнда бiрiншi элемент қандай да бiр обьектiнi, екiншiсi бұл обьектiнi тануды, ол туралы ғылымды бiлдiредi.
    Саясат дегенiмiз қоғамдағы үлкен әлеуметтiк топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерiн қорғауға, iске асыруға, саяси билiктi жеңiп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдауға негiзделiнген әрекет жүйесi. Саясат қоғамның қажеттi әрi маңызды элементi болып табылады.
    Саясаттың атқаратын қызметтерi:
     қоғамның жалпы мақсатын анықтау;
     қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау,
     қоғамдағы қатынастарды реттеу мен бөлу;
     шешiмдер қабылдау.
    Саясаттың обьектiсi – қоғам болып есептеледi. Саясаттың субьектiсi қоғамдағы үлкен әлеуметтiк топтар, (таптар, ұлттар, ұлыстар) мемлекет, партиялар, жеке адам. Сонымен, саясаттың қарастыратын басты мәселелерiнiң бiрi – саяси қатынас мәселесi. Саяси қатынас – мемлекеттiк билiк жөнiндегi қатынас.
    Саясат пен экономиканың бiр-бiрiне ықпалын айтсақ, мұнда анықтаушы рөлдi экономика атқарады, себебi ол саясаттың материалдық негiзi болып есептелiнедi. Саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi – нақтылы экономикалық, әлеуметтiк факторлар мен заңдылықтарға негiзделiнiп жасалынады. Демек, саясат экономика заңдарын қатаң сақтауы және оған бағынуы тиiс. Сондықтан В.И. Ленин саясатты экономиканың жинақталған көрiнiсi деп атаған.
    Саясатқа ықпал ететiн факторлар қатарына: мәдени, тарихи, ұлттық салт-дәстүр, әлеуметтiк-психологиялық, географиялық, демографиялық ахуалдар жатады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   96




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет