Лекция Тағам өнімдерінің биоқауіпсіздігі


Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін



бет12/15
Дата26.03.2023
өлшемі0,57 Mb.
#76240
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
азық тех қауіпсіздігі (1)

Тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін


қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және оны әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын талаптар субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі:

  1. Субъектілердің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы;

  2. тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне өндірістік бақылау жүргізу;

  3. тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы

заңнамасының талаптарына сәйкестігін растау;

  1. санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;

  2. тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеу шараларын қолдану. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестері (сатылары) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады.

Мынадай көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) жол берілмейді:

    1. сапасыздықтың айқын белгілері бар (бүліну, ыдырау, ластану);

    2. радиологиялық, токсикологиялық, химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер

бөлігінде қойылатын талаптарға жауап бермейді;

    1. оның қауіпсіздігін куәландыратын және оның шығу тегін растайтын құжаттары жоқ;

    2. белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ немесе жарамдылық мерзімі өткен;

    3. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында

көзделген мәліметтері бар таңбалануы жоқ;

    1. берілген ақпаратқа сәйкес келмейді.

Генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымына олардың қауіпсіздігі ғылыми негізделген расталғаннан кейін ғана жол беріледі, оны жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады және оларды мемлекеттік тіркеу жүргізілгеннен кейін ғана жол беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет