Лекция тақырыбы: Басшылық: билік және ықпал ету Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата03.12.2023
өлшемі198,01 Kb.
#133475
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әсер, ықпал, және билік

Ықпал

жеке бір адамның, келесі бір 
адамның мінезіне, басқалармен қарымқатынасына, сезіміне өзгеріс еңгізетін 
қандай да бір мінез-құлық әрекеті. Мұндай ықпал ету құралдары 
ретінде: 
өтініш, құлаққа сыбырлау немесе ең соңғы саты - қорқыту 
жатады
. Бір адам басқаларға тек қана идеяларының көмегімен ықпал етуі 
мүмкін. Басшы өзінің көшбасшылігімен ықпал әсерін тиімді әсер ету үшін 
билікті пайдаланады және оны дамытады. 
Қоғамда билікке теріс сезім әрекеттері қалыптасқан. Лорд Эктон ол 
туралы былай деген «Биліктің аздыру тенденциясы бар, ал шексіз билік 
шексіз аздырады». Көптеген адамдар билік ұғымын зорлық, күш көрсету 
және агрессиямен байланыстырады. 
Билік 
– 
бұл басқалардың мінез құлқына 


әсер ету мумкіндігі. Басқаруда билік болмаса, ұйымның жұмысы алға 
баспайды, тәртіп нашарлайды. 
Билік балансы
. Көптеген адамдар билік бір адамға екінші бір адамның 
сезімдері, ойларына қарамастан, ықпал етуге мүмкіндік береді деп ойлайды. 
Бұл дұрыс емес. Ұйымдағы билік тек ішінара иерархиямен анықталады. 
Белгілі бір жағдайдағы бір адамның билігінің мөлшері оның ресми 
өкілеттіліктерінің деңгейімен емес, басқа адамға тәуелділік дәрежесімен 
анықталады. Басқа адамның тәуелділігі не ғұрлым жоғары болса, со ғұрлым 
адамның билігіде үлкен болады. Мұны мына формуламен көрсетуге болады: 
билік берілген А адамның Б адамға ықпалының денгейі Б адамның А адамға 
тәуелділігінің де деңгейінде де болады. 
Бұл билік балансы деп аталады

Бағыныштылар билігі.
Басшылардың өз бағыныштыларына билік 
жүргізетін себебі бағыныштылар 
жалақы, жұмыс ғимараттары, қызметте 
өсу, өкілеттіліктерді кеңейту мәселелерге
келгенде басқарушыға тәуелді 
болып қалады. Бірақ кейбір жағдайларда бағыныштылар басшаларға билік 
жүргізуі мүмкін. Мысалы, шешім қабылдауға қажетті мәліметтер мен 
ақпараттар басқа адамдармен бейресми қарым-қатынастар сияқты 
мәселелерде басшы бағыныштының көмегімен ықпалына жүгінеді. 
Бағыныштылар билігінің жүзеге асуына әсер ететін факторларды қорыта 
келіп Дэйвид Механик
былай дейді: 
«Бір адам басқа бір адамға қаншалықты 
тәуелді болса, соншалықты сол адамның билігіне бағынуға мәжбүр болады».
Басшы әрқашанда билік балансының сақталуына әсер етуі тиіс. Себебі 
ұйымның мақсатына жетуі бағыныштыларға тікелей байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет