Лекция тақырыбы: Басшылық: билік және ықпал ету Лекцияның оқыту нәтижелері


Харизматикалық көшбасшыдің мынандай сипаттары болады



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата03.12.2023
өлшемі198,01 Kb.
#133475
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
13 лекция

Харизматикалық көшбасшыдің мынандай сипаттары болады

1. 
Энергиямен алмасу
. Адамдар энергия болып, онымен басқаларға 
ықпал етеді деген әсер қалыптасады. 
2. 
Сыртқы бейнесінің ықпалдылығы
. Харизматикалық көшбасшы 
міндетті түрде сүйкемді немесе әдемі емес, бірақ кейпі өте тартымды болып 
келеді. 
3. 
Мінез құлқының тәуелсіздігі
. Өзінің сый-құрметке бөлінуі үшін 
және сәтті болуы үшін басқа адамдардан тәуелсіз. 
4. 
Басқалармен жақсы қарым-қатынас орнатып
, сөйлесе, тіл табыса 
алады. 
5. 
Өзінің ерекше тұлға екенін сезінеді
. Ол өзін әрқашанда еркін 
ұстайды. 
6. 
Кезкелген жағдайда өзін жоғалтпайды
, сенімді адам. Көптеген 
адамдар харизматиктерге еліктеп, солардың жолдарын қууға тырысады. 
5. 
Экспертік салихалы сенім арқылы ықпал ету

Бағынышты, өз 
басшысының белгілі бір мәселе бойынша сарапшылық билігі бар деп сенеді. 
Басшыға сенім арта отырып, олар оның көмегіне жүгінеді. 
Мысалы 
адамдардың емдеуші дәрігерге деген сенімі. 
 
3.
 
Сендіру мен қатысу 
Биліктің кезкелген түрінде белгілі бір жағдайларға байланысты 
өкілеттіліктерді беру мүмкіндігі болады. Бағыныштының қабілеті басшының 
қабілетіне жақындаған сайын басшы бағыныштыға ықпал ету үшін, онымен 
бірігіп қызмет атқаруға талпынады. 
Бағыныштыны белсенді байланысқа 


шақыратын ықпал етудің екі формасы бар
– 
көз жеткізу және қатынасу 
болып табылады. 
Көзін жеткізу арқылы ықпал ету
. Басқа адамға ықпал ету үшін 
марапаттауға немесе жазалауға қабілетті болудың харизматикалық қасиет 
иесі немесе аса үлкен білімді болудың қажеті жоқ. Тек өзіңнің көз қарасыңды 
ұтымды түрде жеткізе алсаң жетіп жатыр. Көзін жеткізу арқылы ықпалын 
жүргізетін басшы өз бағыныштысына еш қашан не істеу керектігін айтпайды, 
не істеу қажеттігін, керектігін сатады, яғни басшы өз бағыныштысының 
белгілі бір қасиеттеріне сенеді де, оған билік береді. Көзін жеткізуді тиімді 
ұйымдастыру үшін басшы бағыныштының сеніміне ие болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет