Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет15/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
митоз, амитоз және мейоз
Сомалық жасушалардың бөліну түрлері. Тірі ағзалар өздеріне тән қасиеттері мен белгілерін ұрпақтан ұрпаққа көбею процесі арқылы беріп отырады. Дене немесе сомалық клеткалардың бірнеше бөліну жолдары бар. Олар: митоз, амитоз, эндомитоз.
Дене клеткаларының негізгі бөліну жолы митоз (грекше “митос” - жіпше) болып табылады. Клетка бөлінуінің бұл түрін неміс гистологы В.Флегминг (1843-1905) ашты. Сол сияқты неміс оқымыстысы А.Вейсманның (1834-1914) анықтағанындай митоздың нәтижесінде ядролық материал дәл таралады. Бұл Вейсманға - тұқым қуалау заттарының туыс клеткалар арасында өте дәл таралуын (қазіргі тұрғыдан - ДНҚ) қамтамасыз етуші механизм деп жорамал айтуға мүмкіндік береді. Ол үшін аналық клетканың барлық хромосомалары бірдей екі бөлікке дәл бөлінуі қажет. Ең әуелі хромосома екі жартыға - хроматидтерге (оны бойлай гендер орналасады) бөлінеді. Митоз бұл клетканың тіршілік циклінің бөлігі.
Бөлінулер арасындағы бүкіл уақыт интерфаза (латынша “интер” - аралық) деп аталады. Интерфазада, клетка бөлінбей тұрған кезде оның ішінде метаболиттік процестер қарқынды жүреді: клетканың ерекше әрекеттері үшін, сол сияқты оның бөлінуі үшін де өте қажетті әр түрлі заттар синтезделеді. Интерфаза үш кезеңнен тұрады.
Бірінші – пресинтездік кезең (G1) клетканың бөлінуі аяқталысымен бірден басталады және аралық кезең деп аталады. Бұлай аталуы ағылшынның интервал аралық деген сөзінен шыққан. Бұл кезеңде клетка өсіп өзіне тән пішінге келіп қана қоймайды, сонымен бірге энергияға бай әр түрлі заттар: нуклеотидтер, амин қышқылдары, ферменттер жиналады. Бұл кезеңде ол өзінің генетикалық құрылымдарын екі еселеуге дайындалады. Клетканың әрбір хромосомасында екі жіпшелі бір ДНҚ молекуласы болады.
Екінші - синтездік кезеңде (S) генетикалық материал екі еселенеді - ДНҚ молекуласы репликацияланады. Осы уақыт ішінде белоктар мен РНҚ синтезделеді.
Үшінші кезең - постсинтездік кезең (G2 ) деп аталады. Бұл кезеңде РНҚ әрі қарай синтезделе береді, хромосомалардың өздерінің енді екі көшірмелері -хроматидтері бар, оның әрқайсысында бір-бірден екі жішелі ДНҚ молекуласы бар. Клетка энергия жинайды және алдағы бөлінуге дайындалады. Хромосомалар спиральданады және центросома тартылуы жолымен екіге бөлінеді.
Митоздың бірінші кезеңі - профаза кезінде цитоплазма тургорының артуы арқасында клетка домалақтау пішінге келеді, тұрақтылығы және беттік созылуы арта береді. Бөлінген клетка орталықтары клетканың ұзын осін бойлай оның полюстеріне қарай кете береді. Центросомалардың арасында серпімді белоктық жіптерден тұратын ахроматин ұршығы түзіледі. Бұл жіптердің орналасуы магнит өрісінің күш беруші линияларын еске түсіреді. Профаза көзінде хромосомалар едәуір тығыздалып жуандайды, қысқарады және жарық микроскопымен қарағанда олар жақсы көрінетін болады. Ядрошықтар мен ядро қабықшасы ыдырап жойылады, кариоплазма мен цитоплазма араласады. Клетка метафаза деп аталатын митоздың екінші кезеңіне өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет