Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет13/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Ядро қабықшасы ішкі және сыртқы мембраналардан құрылады, ал ол екеуінің аралығында қоймалжың затқа толы жіңішке кеңістік бар. Ол кеңістікті перинуклеорлы кеңістік деп атайды. Ядро қабықшасының сыртқы және ішкі мембраналарында көптеген ұсақ тесіктер (поралар) болады. Олар арқылы РНҚ цитоплазмадағы рибосомаларға өтіп, одан белок синтезіне қатысады.
Ядрошық - жұмыр, тығыз келген денешік, оның мөлшері 1 мкм-ден 10 мкм-ге дейін жетеді. Ядрошық құрамында РНҚ және ақуыз болады. Ядрошықта 70% цитоплазмалық РНҚ, 30% ядролық РНҚ синтезделеді. РНҚ-ның р-РНҚ мен белок-гистондардың синтезінде маңызды орын алатындығы анықталды. Ядрошықта жасалатын белок-гистондар хромосоманың құрамына енеді. Ядрошықтар бөлінбейтін клеткаларда ғана қалыптасып, солардан көрінеді, ал бөліну кезінде олар жойылып кетеді.
Ядро шырыны жартылай қоймалжың зат. Оның құрамында хроматин (ДНҚ мен ақуыздың комплексінен тұратын зат) болады, сондықтан хромоплазма деп те аталады. Ядро шырыны, яғни кариоплазма құрамында ақуыздар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары кездеседі. Клетка бөлінуі кезінде ғана көрінетін күрделі түзіліс – хромосомалар болады.
Хромосомалар (грекше: хрома-бояу, сома-дене) - ядроның аса маңызды құрам бөлігі. Хромосома - тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі болып саналады. Бөлінбейтін клеткаларда хромосомалар көрінбейді, хромосоманың өзін көріп, құрылысымен танысу тек клетканың бөлінуі кезінде ғана мүмкін болады. Олар әрқайсысы ДНҚ-ның ақуызбен қосылған бір молекуласы болып келетін жіңішке жіпше тәрізді.
Хромосомалар профазаның аяқ кезінде жарықтың көмегімен көрсететін микроскоппен жақсы көрінеді, олардың мөлшерін, пішінін, құрылысын, санын анықтауға болады.
Хромосомалардың саны систематикалық түрге жататын ағзаларда тұрақты болады. Хромосомалар бір немесе бірнеше кермемен (центромерамен) бөлінген созылыңқы тығыз денешік. Центромера дегеніміз хромосоманың ұршық тәрізді (ахроматин) жіпшелері бекитін жері. Центромералардың белгілі бір жерде орналасуына байланысты хромосомалар акроцентрлік, метацентрлік және субметацентрлік хромосомалар болып үш топқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет