Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет12/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Базальды денешіктердің (кинетосома) құрылысы центриольдарға ұқсас, яғни олар кірпікшелер мен талшықтардың түбіне орналасқан микротүтікшелердің 9 триплеттерінен тұрады. Қызметі: аксонема қалыптасуына матрица (қалып) болу.
Аксонема (өзек жіпшесі) – шеті 9 жұп микротүтікшелерден, ал ортасы 2 жеке микротүтікшелерден тұратын органелла. Қызметі: кірпікшелер мен талшықтардың өзегін құру.
Кірпікше – ұзындығы 5-10 мкм, қалыңдығы 0,2 мкм, ішінде аксонемасы бар жасуша плазмалеммасының өсіндісі. Ол тыныс алу жолдарының және жатыр түтігінің эпителийлі жасушаларында жақсы дамыған. Атқаратын қызметтері: а)кеңірдек пен бронхыларда кілегеймен қоршалған бөгде заттарды сыртқа қарай итеріп шығару; б)жатыр түтігінде аналық жасушаны жатыр қуысына бағыттап жылжыту; в)жасушалар бетінде сұйықтық ағынды қалыптастыру.
Талшық – адам сперматозоидының құрамындағы ұзындығы 50-55 мкм, қалыңдығы 0,2-0,5 мкм болатын плазмалемманың өсіндісі болып табылатын арнайы органелла. Құрылысы кірпікшелерге ұқсайды, оның да өзегін аксонема құрайды. Қызметі: сперматозоидтың қимылын қамтамасыз ету.
5 Лекция тақырыбы: Ядро, хромосомалар,
хроматин құрылысы, қызметі


Жасуша ядросы. Жасушаның бөлінуі арасындағы “тыныштық” кезеңді – интерфазалық ядро кезеңі дейді. Бұл кезеңде ядро ядро қабықшасынан (ішкі, сыртқы мембрана), ядро шырыны – кариоплазмадан, бір немесе бірнеше ядрошықтан тұрады. Ядро – эукариотты ағзалардың клеткасында тұрақты түрде болатын органоид. Ядро қабықшасы ядроны цитоплазмадан бөліп тұрады. Ядро қабықшасы ішкі және сыртқы мембраналардан құрылады, ал ол екеуінің аралығында қоймалжың затқа толы жіңішке кеңістік бар. Ол кеңістікті перинуклеорлы кеңістік деп атайды. Ядро қабықшасының сыртқы және ішкі мембраналарында көптеген ұсақ тесіктер (поралар) болады. Олар арқылы РНҚ цитоплазмадағы рибосомаларға өтіп, одан белок синтезіне қатысады.
Клетканың тіршілік әрекеті ядроның қадағалауымен орындалады. Жаңадан пайда болған клеткаларға ағзалардың белгілері мен қасиеттерінің беріліп сақталуы, генетикалық информацияның клетканың бөлінуі нәтижесінде жаңа клеткаларға берілуі ядро арқылы жүреді. Клетканың тіршілік әрекеті ядроның қадағалауымен орындалады. Жаңадан пайда болған клеткаларға ағзалардың белгілері мен қасиеттерінің беріліп сақталуы, генетикалық информацияның клетканың бөлінуі нәтижесінде жаңа клеткаларға берілуі ядро арқылы жүреді.
Ядроның мөлшері онша үлкен болмайды, оның диаметрі 10-30 мкм-ден аспайды. Ядроның пішіні мен мөлшері клетканың пішіні мен мөлшеріне байланысты, цитоплазма көлемі үлкейсе ядроның көлемі де үлкейеді. Ядро мен цитоплазма көлемінің қатынасын ядролы-плазмалық байланыс деп атайды. Бұл байланыстың өзгеруі клетканың бөлінуінің бірден-бір белгісі. Ядро пішіні домалақ шар тәрізді, дегенмен кейде таяқша, орақша түрлері де кездеседі. Клеткалардың көпшілігінде ядро біреу болады. Сонымен қатар екі, үш, тіпті жүздеген ядросы бар клеткалар да болады. Мұндай көп ядролы клеткалар мысалы: қарапайымдыларда, жануарларда, адамдардың бауыр клеткаларында, бұлшық ет және дәнекер ұлпаларында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет