Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет17/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Генеративті амитоз қарапайым организмдерде болады. Бұл процесс кезінде хромосомалар бір-бірінен шегініп, ажырайды да, артынан клеткалар бөлініп кетеді. Нәтижесінде қалыптағы, теңдей хромосомалары бар екі организм пайда болады.
Дегенеративті амитоз көбіне бір қызметке маманданып, жіктелген клеткаларда, митозға қабілеті жетпейтін клеткаларда жүреді. Мұндай бөлінуде алдымен қарқынды синтез процесі жүреді. Көбіне бұл процесс нәтижесінде көп ядролы клеткалар пайда болады. Цитотомия да болуы мүмкін. Мұндай бөлінуде ДНҚ теңдей бөлінбейді. Арнайы маманданған клеткалардан басқа, дегенеративті амитоз, көбіне қартайған клеткаларда кезігеді. Мысалы, ауыспалы эпителий клеткалары осылай бөлінеді.
Реактивті амитоз ұлпалар зақымданған жерде, клеткалар бірден активтенген кезде жүреді. Соның нәтижесінде ядролар жылдам бөліне бастайды. Бұл процесс кезінде пайда болған ядролар да жылдам ыдырап кетіп отырады. Ал жарақаттанған ұлпа реактивті бөлінуден кейін митоз арқылы бөлініп қалпына келеді.
Тірі ағзалар өздеріне тән қасиеттері мен белгілерін ұрпақтан ұрпаққа көбею процесі арқылы беріп отырады. Дене немесе сомалық клеткалардың бірнеше бөліну жолдары бар. Олар: митоз, амитоз, эндомитоз.
Жетілген жыныс клеткаларында әдетте хромосомалардың саны гаплоидты болады. Егер гаметаларда хромосомалардың саны диплоидты болса, онда ұрпағы тетраплоидты (2n+2n=4n), ал келесі ұрпақтары – октоплоидты (8n), т.с.с. болған болар еді. Ұрпақтар мен ата-аналарда хромосомалар саны әдетте тұрақты сақталады. Бұл қалай жүзеге асырылады?
Жыныс жасушаларының бөлінуі – мейоз. Мейоз – грек тілінен аударғанда мейозис - азаю деген мағынаны білдіреді. Мейоз – бұл митоздан біршама күрделі бөліну. Мейозда бір диплоидты (2n) клетка екі рет бөліну нәтижесінде хромосомалары тақ – гаплоидты 4 клетка түзіледі. Яғни хромосомалар санының екі есе кемуі мейозға байланысты, ол бірінен соң бірі келетін Мейоз І -редукциялық (азаю) және Мейоз ІІ - эквациялық (теңесу) деп аталатын екі бөлінуден тұрады, олардың арасында әдеттегідей интерфаза болмайды. Мейоздың күрделі болуы Мейоз І профаза І –де хромосомалар күрделі өзгерістерге коньюгация, кроссинговер құбылысына түсіп гендердің алмасуы болады. Ата-аналарының белгі-қасиеттері осы процестер нәтижесінде ұрпақтарына беріледі.
Бірінші редукциялық бөлінудің (Мейоз І) профаза І-і митоздың профазасынан мүлдем өзгеше. Ол 5 сатыдан тұрады, олар: 1-лептонема сөзбе-сөз латыншадан аударғанда “жіңішке жіптер”, 2-зигонема “қосылған жіптер”, 3-пахинема “жуан жіптер”, 4-диплонема “қосарланған жіптер” және 5-диакинез “қашыққа қозғалу”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет