Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет14/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Метацентрлік немесе тең иықты хромосомаларда центромера ортасына орналасып, хромосома иықтары тең болады. Ал субметацентрлік немесе тең иықты емес хромосомаларда центромера ортасынан бір шетіне қарай ысырылып орналасады да, иықтарының біреуі екіншісінен үлкен болады. Акроцентрлі немесе сыңар иықты хромосомалар таяқша тәрізді, центромерасы шетіне орналасқан. Электронды микроскоппен қарағанда хромосомада өте жіңішке жіпшелерді көруге болады. Бұларды майда фибрильдер (латынша фибрилла-жіпше) деп атайды. Майда жіпшелер - нуклепротеид немесе нуклеин қышқылдарының ақуызбен қосылған қосылыстары. Ядро ақуыздары ДНҚ-мен қосылыс түзеді. Хромосомалардың бойында созылып жатқан майда фибрильдер шиыршықталып оралып бір немесе бірнеше жұп хромонема құрайды. Хромосомалар клетка бөлінуі кезеңінде таратылып кетуіне байланысты жай микроскоппен көрінбейді.
Хромосомалардың химиялық құрамы 45% ДНҚ-дан, 55% гистон ақуызынан және аз мөлшерде қалдық ақуыздар мен РНҚ-дан құралады. ДНҚ молекуласы ағзаның барлық генетикалық мәліметтерін сақтап, келесі клеткаларға беріп отырады. ДНҚ қос спиралданған тізбектен тұрады. Оның құрамында азотты негіздің (пуринді, пиримидинді) туындыларының 4 түрі (Аденин, Гуанин, Цитозин, Тимин) болады.
Әрбір өсімдік және жануарлар организмінде хромосомалардың тұрақты саны болатыны анықталған. Мысалы: жылқы аскаридасының барлық клеткасындағы хромосома саны екеу, дрозофила шыбынында - сегіз, адам клеткаларында қырық алты хромосома бар.
Кариотип. Хромосомалардың саны немесе жиынтығы (кариотип) – ол кез-келген ағзаның систематикалық көрсеткіші. Жиынтықтың екі түрі диплоидты (2n) – дене клеткаларында және гаплоидты (n) - жыныс клеткаларында кездеседі. “Клеткалық цикл” деп бір диплоидты клеткадан бөліну арқылы жаңа екі диплоидты клетканың түзілуін айтады. Ол үш: 1.Пресинтетикалық; 2.Синтетикалық; 3. Постсинтетикалық кезеңдеріне бөлінеді.
Сонымен қатар барлық клеткаларда хромосома саны жұп болып келеді. Сомалық (сома-дене) клеткадағы әрбір хромосомалар өз серігімен жұп құрайды. Жұп құрған хромосомалар диплоидты деп аталып 2n деп белгіленеді. Жыныс клеткаларының ядросында хромосомалар жұпсыз жалғыз кездеседі. Мұндай хромосомаларды гаплоидты деп атап оларды n-деп белгілейді.
Ұрықтану кезінде аналық және аталық клеткалардың гаплоидтты хромосомалар жиынтығы қосылып диплоидты клетка - зигота түзеді. (n+n=2n). Аналық және аталық особьтардың сомалық клеткаларындағы хромосома жұптарын салыстырғанда бір жұбында айырмашылық болатыны анықталған. Осы жұпты жыныстық хромосома немесе гетерехромосома деп атайды. Қалған жұптардың барлығындағы хромосома құрылысы бірдей болғандықтан оларды аутосома дейді. Мысалы: дрозофила шыбынының хромосомаларының 3 жұбы аутосома, бір жұбы гетерхромосома, адам клеткасындағы хромосомалардың 22 жұбы аутосома, бір жұбы гетерохромосома.
Клетканың хромосомаларының диплоидты жиындықтарының тұрақты санын, белгілі пішіні мен көлемін кариотип (грекше: карион-ядро, тип-форма) деп атайды. Бұл терминді 1992 жылы совет цитологы Г.А.Левитский енгізген. Адамның кариотипі 46 хромосома немесе 23 жұп: оның 22 жұбы аутосома, бір жұбы – жыныстық хромосома- гетерохромосома. Адам кариотипін анықтау үшін сүйек май клеткалары немесе қанның ақ түйіршіктері - лейкоциттерді пайдаланады. Кариотипті реттеу үшін совет цитологы С.Г.Навашин (1857) 23 хромосома жұптарының идиограммасын (грекше: идиос-өзіндік, грамме-жазу) құрады. Бұл идиограммада хромосома жұптары тұрқының үлкендігіне қарай орналасады. Атап айтқанда №1 жұп ең үлкен, ал №22 жұп жіңішке хромосомалардан тұрады. Жыныстық хромосомалар жұбы бөлектеніп көрсетіледі. Мұнда аналық жыныстық ұқсас бірдей ірі ХХ деп белгіленген екі хромосомалардан құралып, ал аталық хромосомада бір хромосома аналық хромосомасындай, ал екіншісі мүлдем басқаша және кішкентай болып келеді. Оны ХУ-хромосома деп белгілейді. Тұқым қуалау белгілері немесе ақпараттары - гендер хромосома бойында тіркесіп қалыптасқан. Әрбір ген хромосомада тұрақты орынға, яғни локусқа орналасады. Қазіргі кезде адам хромосомаларындағы 200-ден астам гендердің орналасқан орындары анықталып отыр.

6 Лекция тақырыбы: Жасушаның репродукциясы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет