Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет30/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Қан пластинкалары ядросыз, түссіз, диаметрі 2-3 мкм денешіктері. І мм куб адам қанында 200-300 мың қан пластинкалары болады. Пластинка ортасында орналасқан түйіршіктер аймағын грануломер деп атайды. Қан пластинкаларында тромбопластин ферменті болады. Ол ферменттің қан ұю процесінде атқаратын қызметі жоғары. Адам жарақаттанғанда қан пластинкасы ыдырап ферменті плазмаға шығады, сөйтіп ондағы фибриногенді фибрин талшықтарына айналдырады. Осылайша қан ұйыйды. Пластинкалар тіршілігі бір-ақ аптаға созылады. Сүтқоректілердің қан пластинкаларында ядролары болмаса, басқа омырқалылардың қан пластинкаларының ядролары болады. Сондықтан оларды тромбоциттер деп атайды.
Қанның ақ клеткалары лейкоциттер деп аталады. Лейкоциттер түйіршікті және түйіршіксіз лейкоциттер болып бөлінеді. Ал түйіршікті лейкоциттердің өзі түйіршіктерінің әртүрлі бояулармен боялуына байланысты эозинофильдер – түйіршіктері қышқыл бояу – зозинмен жақсы боялатын лейкоциттер, базофильдер – түйіршіктері негіздік бояулармен жақсы боялатын лейкоциттер және нейтрофильдер – түйіршіктері қышқылдық бояулармен де, негіздік бояулармен де біршама, аздап боялатын лейкоциттер болып бөлінеді. Ал түйіршіксіз лейкоциттер лимфоциттер және моноциттер болып бөлінеді.
Лейкоциттер шар тәріздес клеткалар, І мм куб адам қанында төрт мыңнан сегіз мыңға дейін лейкоциттер болады. Олардың ас қорыту процестеріне байланысты, организмнің жұмыс істеуіне байланысты саны әр уақытта әр түрлі өзгеріп тұрады. Лейкоциттер амеба тәрізді цитоплазма өсінділері арқылы қозғала алады. Олар тек қан тамырларында ғана болмай, қоршаған дәнекер ткандарының да арасында бола береді. Лейкоциттер негізінен фагоцитоз процестеріне қатысып организмде қорғаныс қызметін атқарады, әр түрлі аурулардан соң организмде иммунитет түзілуіне қатысады. Қанның қысымын, тамырлармен еркін қозғалысын қамтамасыз етуге қатысады.
Эозинофильдердің диаметрі 12-14 мкм. Түйіршіктерінің диаметрі 0,7-1,3 мкм. Олардың түйіршіктері кәдімгі лизосомдар, оларда гидролитикалық ферменттер орналасқан. Олардың эндоплазма торлары, пластинка комплексі жақсы дамыған. Ядросы жіңішке мойнақпен байланысқан екі бөліктен, екі бунақтан тұрады. Олардың саны онша көп емес, барлық лейкоциттердің 3-5 процентін ғана құрайды. Эозинофильдердің организмдегі негізгі қызметі – қорғаныс қызметі, организмге түскен әр түрлі аттас емес /чужеродный/ белокты заттардан қорғайды.
Базофильдердің диаметрі 11-12 мкм, түйіршіктері сілтілік бояу гемотоксилинмен жақсы боялады. Түйіршіктерінің диаметрі 0,8–І мкм. Олардың түйіршіктерінде қышқыл мукополиқант - гепарин болады. Гепарин қан жүйесіндегі қанның ұйымауын қамтамасыз етеді. Түйіршіктерде гепариннен басқа биологиялық активті зат - гистамин де болады. Олардың да эндоплазма торлары, пластинкалы комплексі өте жақсы дамыған. Ядросы аз бунақталған, ірі. Базофильдер барлық лейкоциттердің 0,5-1 процентін ғана құрайды.
Нейтрофильдер ең көп тараған лейкоциттер, барлық лейкоциттердің 50-60 процентін құрайды. Диаметрлері 10-12 мкм, түйіршіктері майда, түйіршіктерінің диаметрі 0,2-0,5 мкм, сопақша. Түйіршіктерінде негізінен гидролиз ферменттері болады, нағыз лизосомалар. Клеткаға тән бар органоидтары жақсы дамыған. Жас нейтрофильдердің ядролары бунақсыз, ал жетілгендері бес бунаққа дейін бунақтала береді. Нейтрофильдердің негізгі қызметі қабынған жерге жиналып фагоцитоз процесіне қатысу. Фагоцитоз кезінде өздері де ыдырап, олардан шыққан физиологиялық активті заттар микроорганизмдердің көбеюін тоқтатса, жаңа ұлпалар пайда болуын жеделдетеді. Ыдыраған нейтрофильдер істен шыққан ұлпалармен қосылып іріңді заттар түзеді.
Лимфоциттер түйіршіксіз лейкоциттердің ең көп таралған түрі. Ол лейкоциттердің 25-35 процентін құрайды. Клетка пішіні шар тәріздес, диаметрі 7-10 мкм. Ядролары домалақ, ядрошықты, хроматинге бай. Лимфоциттер 3 күннен 6 айға дейін тіршілік етеді. Лимфоциттер негізінен организмде иммунитет түзуге қатысады. Плазмациттер лимфоциттердің ең жетілген түрі. Лимфоциттерде эндоплазмалы торлары күшті дамыған. Олар иммунитет түзетін гаммаглобулиндерді синтездейді.
Моноциттер лейкоциттердің ең ірісі, диаметрі 20 мкм-ге жетеді. Жалпы лейкоциттердің 5-8 процентің құрайды. Олардың ядролары ірі, хроматині тор тәріздес. Ядроның пішіні әр түрлі бола береді. Клеткада кезігетін бар органоидтары болады. Олар қорғаныс қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет