Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет31/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Қанның жасалуы. Қан клеткаларының бір бөлігі тіршілігін жойып, жаңа клеткалармен жаңартылып отырады. Тіршілігін жойған эритроциттер мен лейкоциттердің жаңартылуы организмнің тіршілігінде болатын қан жасалу процесіне байланысты. Ересек организмдегі қанның клеткалық элементтерінің күнделікті пайда болуы ұрықтық организмдегі қанның пайда болуынан өзгеше.
Ұрықтық қан жасалу кезінде қан жасалумен қатар қан тамыр жүйесі қалыптасады. Қан жасалу алғашында сары уыз қапшығының қабырғасында басталып, кейін ұрық денесіне өтеді. Қан жасалатын учаскелерде мезенхиманың клеткалары топтасып, өзіне тән тармақты пішінін жойып, дөңгелектенеді. Клеткалардың осылайша жинақталуын қан аралшалары деп атайды. Қан аралшаларының клеткалары арасында біртіндеп оларды қозғайтын ұлпа сүйығы жиналады. Аралшалардың жиегіне таман орналасқан клеткалардың бір бөлігі жазықталып, ішінде қуысы бар келешек қан тамырларының қабырғасына ауысады. Қалған екінші бөлігі осы қуыстың ішінде қалып, алғашқы қан клеткалары гемоцитобластқа ауысады. Гемоцитобласттардың протоплазмасы ерекше базофильді болып, амеба тәрізді қозғалады. Олар митозды бөлініп, көбейеді. Аралшалардың саны тез өсіп, қысқа түтіктер тәрізді болады. Соңынан қысқа түтіктер жалпы қан тмырлары жүйесіне қосылады.
Ұрықтық қан жасалу кезінде қанның клеткалық элементтерінің дамуы эритроциттердің түзілуінен басталады. Эритроциттер ұрықтың сары уыз қапшығының қабырғасындағы қан тамырында түзіледі. Кейіннен қан жасалу бауырға ауысқан кезде лейкоциттердің дамуы басталады.
Эритроциттердің түзілуі гемоцитобласттарға гемоглобиннің жиналуынан басталады. Бұл процесс гемоцитобласттың бір бөлігінде ғана өтіп, екінші бөлігі бөліну арқылы көбейіп, ерекшеленбеген түрде қалады. Гемоглобиннің жинақталуының әсерінен гемоцитобласттың протоплазмасы базофильді түйіршіктерін жойып, біртіндеп оксифильдіге ауысады. Мұндай клетка алғашқы эритробласт деп аталады. Ол бөліну қабілетін жоймай әрі қарай көбейе береді. Біртіндеп протоплазмадағы гемоглобиннің саны көбейіп, ядросы ыдырап, эритробласттар алғашқы эритроцитке ауысады. Алғашқы эритроцит өзгермелі, құрамында ядроның қалдықтары бар ірі клетка. Осындай күйінде ол эмбрионның қан клеткасы болып саналады.
Гемоцитобласттардан алғашқы эритроциттердің пайда болуы ұрықтың дамуының алғашқы кезеңінде өтеді. Алғашқы эритроциттер көп кешікпей өледі. Сондықтан ұрықтың дамуының екінші жартысында олар қанда кездеспейді. Бірақ алғашқы эритроциттердің тірі кезінде-ақ, сары уыз қапшығының қан тамырларында екінші эритроцитке ауысатын екінші эритроцитобласттар түзіле бастайды. Екінші эритроциттердің даму процесі баяулау өтеді. Олар алғашқы эиртроциттерден ұсақтау болып, пішіні ересек организмнің эритроцитіне ұқсас болады.
Сары уыз қапшығы жойылған соң қан бауырда жасалады. Бауырда эритроциттер гемоцитобласттардан түзіледі. Құрсақтық өмірдің соңында қан сүйектің қызыл миында жасалады. Мұнда да қанның жасалуы қан тамырларынан тыс жерде өтеді. Сүйектің қызыл миы қан клеткаларын түзетін тұрақты орын болады.
Сүтқоректі жануарлар мен адамның организмінде қан жасалу ұрықтық кезеңдегіден әлдеқайда баяу өтеді. Эритроциттер мен түйіршікті лейкоциттер сүйектің қызыл миында, ал лимфоциттер лимфа бездерінің лимфа ұлпасында дамиды. Бөлінген гемоцитобласттардан түзілген клеткалардың протоплазмасы ерекше базофильді, қозғалмайды, мөлшері ұсақ келеді. Мұндай клеткалар эритробласттар деп аталады. Олар көбейіп, гемоглобин жинайды. Протоплазмасы біртіндеп базофильдік қасиетін жойып, енді негіздік және қышқылдық бояумен де боялады. Эритробласттар осындай бояулармен боялатындығына байланысты полихроматофильді деп аталады. Ерекшеленетін полихроматофильді эритроциттердің протоплазмасы гемоглобинді жинап, барған сайын оксифильдікке айналады. Полихроматофильдердің бір бөлігі бөлінуін тоқтатпай, мөлшерін кішірейтеді. Жетілген эритроциттерге жақын, жеткілікті гемоглобині бар клеткаларды нормобласттар деп атайды. Басқа түрлері нормобласттардың келесі ұрпағы түзілгенше қор ретінде қалып отырады. Нормобласттар біраз уақыт бөлінген соң бұл қасиетін жойып, ядросы еріп, жетілген ядросыз эритроциттерге айналады.
Қан клеткалары барлық кезеңде де бөлініп отырады. Олардың бірқатары ерекшеленіп және маманданып жатса да клеткалардың саны барлық кезеңінде де азаймайды.
Ересек организмдегі гемоцитобласт ұрықтық гемоцитобласттың туындысы болса да, онан айырмашылығы бар. Өйткені ересек организмдегі гемоцитобласттар жетілген әр түрлі қан клеткаларын береді. Ересек организмнің сүйегінің қызыл миындағы дамып жатқан қан клеткаларының көпшілігі еркшеленетін эритробласттар кезеңінде болады. Күнделікті қан шеңберінде кеміп отыратын эритроциттердің негізгі резерві нормобласттар болып табылады. Қан шеңберінде қан клеткаларының азаюы басым болса, онда олар қосымша ретикулярлы ұлпаларда түзілетін гемоцитобласттардың сүйектің қызыл миында көбейіп жиналуы арқылы қалпына келеді.
Ересек организмдегі түйіршікті лейкоциттердің дамуы да сүйектің қызыл миында өтеді. Бұлардың түзілетін қайнар көзі гемоцитобласт болады. Түйіршікті лейкоциттер дамитын гемоцитобласттарды миелоциттер деп атайды. Миелоциттер түйіршікті лейкоциттердің жетілгендегі үш формасына сәйкес үш бағытта ерекшеленіп, арнаулы, оксифильді және базофильді миелоциттер деп аталады. Миелоциттер бөлініп, саны артады. Көбеюмен қатар протоплазмасы ерекшеленіп, ақырында түйіршікті лейкоциттердің үш формасының біреуіне тән түйіршіктер түзеді. Сүйектің қызыл миындағы түйіршікті лейкоциттердің резерві ерекшеленген, бірақ миелоцит формасында және бірқатары жас лейкоцитке ауысу түрінде болады.
Лимфоциттердің дамуы ересек организмде лимфа бездерінде, ал ұрықта лимфа қапшықтарында өтеді. Лимфоциттер эритроциттер мен түйіршікті лейкоциттерден едәуір кейін пайда болады. Лимфоциттердің көлеміне қарай үш: үлкен, орташа және кіші түрлері болады. Лимфоциттер бөлініп, үлкен және орташа лимфоциттердің бастамасын беретін гемоцитобласттардан дамиды. Кіші лимфоциттер үлкен және орташа лимфоциттердің бөлінуі арқылы түзіледі.
Қанның ағысында тек орташа және кіші лимфоциттер болады. Лимфоциттердің үлкені лимфа бездерінде қалып, орташа лимфоциттермен бірге қанға түсетін лимфоциттің көбею резерві ретінде сақталады.
Моноциттердің дамуы толық зерттелмеген. Моноциттер гемоцитобласт пен үлкен лимфоциттерден пайда болуы мүмкін.
Сонымен эритроциттер мен түйіршікті лейкоциттер жазық сүйектердің кеуде, қабырғалардың, омыртқалардың және түтікті сүйектердің эпифиздерінің (ұштарының) қызыл миында дамитын болса, лимфоциттердің түзілуі тек қана лимфоидты мүшелерде өтеді. Қанның барлық элементтері мезенхимадан пайда болатын гемоцитобласттан дамиды.
Қанның барлық клеткаларының гемоцитобласттан түзілетіндігін көпшілік мойындаған. Әр түрлі формалық элементтерді беретін қанның алғашқы клеткаларының генетикалық туыстығы жөніндегі мәселе талас болып келді. Осыған байланысты бірнеше теориялар пайда болды. Олардың ең көп таралғандары унитарлық, дуалистік және триалистік теориялар.
Унитарлы теория бойынша гемоцитобласт қанның барлық клеткаларының бастапқы тегі болады. Эксперимент бойынша эритроциттер мен лимфоциттерді түзетін миелоидты және лимфоидты қан жасалу орындарының бір-біріне ауыса алатындығы анықталды.
Дуалистік теория бойынша қанның түйіршікті және түйіршіксіз клеткалары бір-біріне ауыспайтын айрықша клеткалар лимфобласт пен миелобласттан дамиды.
Триалистік теория бойынша гемоцитобласттың үш түрлі формасы бар. Осыған сәйкес бір-біріне ауыспайтын алғашқы үш клеткалар болады. Олардың біріншісіне эритроциттер мен түйіршікті лейкоциттер, екіншісіне лимфоциттер, ал үшіншісіне моноциттер жатады.
Лимфа дегеніміз құрамы жағынан қанға жақын лимфа тамырларындағы сұйық плазма. Қан плазмасымен салыстырғанда онда белок аз болады. Ішектен ағатын лимфада 4%-ке дейін май, 5%-ке дейін белок, ал лимфа түйінінен өткен лимфада көптеген лимфоциттер болады.
Лимфа да қан сияқты түтіктер (тамырлар) бойымен ағады. Лимфаның капиллярлы дәнекер ұлпасы тұйық бітетін лимфа жүйесін түзеді. Ұлпа сұйықтары капиллярлардың қабырғасы арқылы ұлпалардан лимфа тамырларына өтіп, одан дененің ірі веналарына құйылады. Әр қан тамырларының бойында лимфа бездері топталып орнасалады. Лимфа сол бездерден шығатын лимфоциттер мен моноциттерге әрдайым толығып отырады.
11 Лекция тақырыбы: Нағыз дәнекер ұлпа – борпылдақ және тығыз қалыптасқан және қалыптаспаған дәнекер ұлпалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет