Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет29/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Қан және оның маңызы. Қан трофикалық маңызы бар ұлпалар ретінде сұйық аралық зат – плазмадан, қан клеткалары эритроциттерден, лейкоциттерден және қан пластинкаларынан тұрады. Қанның физиологиялық маңызы сол, ол үнемі ағыста болып денедегі барлық ұлпаларға зат алмасу үшін қоректік заттарды жеткізу және зат алмасудың нәтижесінде пайда болатын зиянды өнімдерді шығару қызметін атқарады. Қанның трофикалық қызметімен қоса қорғаныштық қызметі де бар. Лейкоциттердің кейбір формалары бөгде заттарды, зиянды бактерияларды, өлі клеткаларды жұтып құрту қасиеті арқылы организмнің ішкі ортасын тазартады. Қан антитоксинді заттар түзу арқылы инфекциямен күреседі.
Ересек адамның денесінде қанның жалпы көлемі 4-7 литрге тең, ол дененің жалпы салмағының 7,0-7,5 %- ін құрайды. Қанның ашық қызыл түсті болуы эритроциттің гемоглобині әсерінен. Егер қанды центрифугадан өткізсе, қан клеткалары сары түсті сұйық плазмадан бөлініп кетеді
Қан плазмасы. Плазманың 90%-і су, 7%-і ақуыз, 3%-і органикалық және органикалық емес қосылыстар. Плазмада ерітінді күйдегі ақуыздар – амин қышқылдары, майлы заттар, глюкоза, минералды тұздар, ішкі секрециялық бездердің өнімдері – гормондар, ферменттер және солардың ыдырау өнімдері болады. Қанның ұю процесінде фибриноген деп аталатын ақуыздың маңызы зор. Қан жіңішке жіпше тәрізді фибриногеннің ерімейтін фибринге айналуы арқылы ұйыйды. Фибриногеннің фибринге айналуы Са иондарының қатысуымен фермент тәрізді әсер ететін ерекше ақуызды зат – тромбиннің әсерінен болады. Бірақ қан ағысында тромбиннің бос болуы мүмкін емес, себебі ондай жағдайда тамырлардағы қан ұйып қалар еді. Қан пластинкалары – тромбоциттер бұзылған кезде пайда болатын фермент тромбокиноза арқылы тромбоген тромбинге айналып отырады.
Сонымен қанның ұюына құрамында фибриногеннің, Са иондарының және тромбогеннің болуы қажет. Фибриногеннің фибринге айналуы тек тромбоген тромбинге ауысқан жағдайда жүзеге асырылады. Түзілген фибрин бұзылған қан тамырларын бекітіп қанның ағысын тоқтатады.
Клеткалық элементтер. Эритроцит. Эритроцит ағзада тотығу процесіне қажетті О2-ін таратып, СО2-ын ағзадан шығару қызметін атқарады. О2 эритроциттер арқылы барлық ұлпаларға таралады. О2-нің таралуы эритроцит негізін құрайтын тыныс алу пигменті - гемоглобин арқылы орындалады.
Сүтқоректілердің эритроциті ядросыз, маманданған клетка. Эритроцит жетілген кезде оның ядросы жойылып кетеді. Сондықтан кейбір ғалымдар эритроцитті клетка деп санамай, оны қанның қызыл түйіршіктері деп атаған. Эритроциттің формасы өзгермелі келеді. Қан тамырларында эритроциттердің біржақты иілген немесе жазық түрлері кездеседі. Серпімді болуы нәтижесінде эритроциттер созылып ұзаруы мүмкін. Эритроциттер түтігі шағын капиллярлардан өткенде формасын өзгертеді. Адам эритроцитінің жалпы көлемі 125 шаршы микрон. Ерлердің 1 мм3 қанында эритроцит саны 5 млн-ға, әйелдерде 4,5 млн-ға жетеді. Эритроциттер ағзаны күнделікті қажетті (800 грамға жуық ) О2 -мен қамтамасыз етеді.
Эритроциттің гемоглобині протоплазманы толтырады, ол строма деп аталады. Эритроциттер үнемі ерекшеленіп отырады.
Эритроциттер қанның қызыл клеткалары. Оларға қызыл түс беретін тыныс алу пигменті - гемоглобин. Ол клетка массасының 33 процентін құрайды. Эритроциттер өте жоғары маманданған клеткалар, оларда органоидтар болмайды. 1 мм3 адам қанында 4,5-5 миллион эритроцит болады. Адам мен басқа да сүтқоректілердің эритроциттерінің пішіні екі жағы ойыс диск тәріздес. Диаметрі 8 мкм. Бетінің ауданы 125 мкм кв, көлемі 90 мкм куб. Басқа омыртқалылардың эритроциттері сопақ болады. Эритроциттердің тығыздығы басқа қан элементтерімен салыстырғанда жоғары, сондықтан да алынған қанда біраздан соң олар пробирка түбіне отыра бастайды. Олардың бұл қасиеті медицинада қолданылады. Оларда клеткаларға тән органоидтары болмағандықтан ұзақ өмір сүрмейді, бары-жоғы 120 күндей-ақ тіршілік жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет