Лекция тақырыбы: Критериалды бағалау оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру технологиясы ретінде Лекцияның мақсаты мен міндеттері



бет5/9
Дата24.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#86021
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3-лекция Бағалаудың өлшемдік технологиялары

Ағымдық бақылау оқу үрдісіне тікелей негізделіп, негізінен оқу дайындығындағы олқылықтарды анықтап оны жоюға бағыттайды, оқушының білімін тексеру мен дамытуға әр сабақта жүзеге асырылады. Ағымдық бақылау нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың келесі оқу материалын толыққанды игеруге дайын ба деген мәселені шешуге тиісті.Ағымдық тексерудің тәрбиелік маңызы оқушыларды тәртіпті болуға, сынып және үй тапсырмаларына жауапкершілікпен қарауға, жүйелі еңбекке үйретуге, білімдер мен біліктерді игеруге, өз бетімен жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмектесуі арқылы көрініс табады. Сонымен бірге ағымдық тексеруде оның оқушыларға психологиялық әсерін де ескеру қажет. Дұрыс қойылған жағдайда ол оқушыларды тікелей сабақта оқу еңбегіне дұрыс қарым-қатынасқа ынталандырады. Оқу нәтижелерін бағалаудың да үлкен тәрбиелік маңызы бар. Оны дұрыс қолдану арқылы мұғалім оқушының өз білімдері мен біліктерін жетілдіруге, еңбек сүйгіштігін дамытуға, өз бетінше және шыншыл ойлануына, өз еңбегін өзі және дұрыс бағалау тұжырымдарын жасауға тұрақты түрде ынталануына қол жеткізеді. Ағымдық бақылаудың өзіндік ерекшелігі тарау немесе тақырыпты оқытудың барлық кезеңдерінде өткізілуі болып табылады: Оқу материалымен танысу, білімдер мен біліктіліктерді қалыптастыру мен дамыту, оларды бекіту мен тереңдету. Бұдан шығатын қорытынды төмендегідей: Ағымдық бақылау үрдісі барысында оқушылардан оқу материалын игерудің нақты кезеңімен қарастырылатын танымдық деңгейдегі білім ғана талап етіледі. Білім мен білік әлі қалыптаспаған кезде оқу дайындығына талапты күшейту - оқыту нәтижелерін жөнсіз бағалаудың басты себептерінің бірі.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде білімді тексеру, бағалау жүйесі, білім беру, білім сапасын бағалау , білімді, ептілікті бақылаумен бағалау мәселесі әлі зерттеуді қажет ететін көпаспектілі мәселе екенін дәлелдейді. Дегенмен, «бақылау», «тексеру», «бағалау», «белгілеу», «есепке алу» сияқты терминдердің біржақтылы анықтамасының жоқтығы байқалады:бақылаудың толық дидактикалық статусы анықталмаған; бақылаудың анықтамасы мәні мен қызметін анықтауда бірыңғай бағыттың жоқтығы; олардың оқыту барысындағы әртүрлі формаларын жүзеге асыру әдістемесін нақтылау қажеттігі орын алады. Тексеру тек бақылау ғана емес,ол сонымен қатар білім беруші қызметті атқарады. Жалпы қабылданған түрде бақылау тексеруді, жүйелі түрде есеп жүргізуді, сонымен қатар тексеру мақсатында байқауды да ескеру керек. Тексеру мәні – оқытудың практикалық тұрғыдағы нәтижесін анықтау, оқытудың тиімділігін бағалау мен артыруға қажетті білім және оның дамыту жолдарын анықтау болып саналады.
Сондықтанда «бақылау» бірдей түсінікке ие емес. Бұл мәселенің теориялық қалыптарын практикалық тұрғыда оқыту нәтижесін объективті бағалауда күнделікті қолдануды қиындатады. Дегенмен, әртүрлі зерттеу позицияларын үйлестіру әрекеті құптарлық.
Бақылау тар мағынада – дәл сол сәттегі үдерісті зерделеу және баяндау , жағдайды жоспрланылған немесе нормативтілікпен салыстыру.
Бақылау кең мағынада - немесе кешенді бақылау, үдерістің күйін тек оның нормативті сипаттарына сәйкес келу бағалау ғана емес, сонымен қатар, үдерісті реттеу, келешекке нұсқау, оқушылар мен оқытушыларға көмек .
«Бақылау» «тексеруге» қарағанда кең ұғым болып табылады,ол: тексеру нәтижелерін жүйелі түрде есепке алуды, тікелей білімді, ептілікті және дағдыны тексеруді, оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін байқауды ұйымдастыру. Сонымен қатар оларда:

  • бақылаудың оқыту үдерісін және оның нәтижесін объективті айнасы рамкасынан шығып кететіні;

  • бақылаушылық және орындаушылық әрекеттердің өзара байланысы, бағдарлық әрекеттерді, оқу әрекеттерін жоспарлаудың нақтылы тәсілдерін жасауда, әрбір оқушының өзіндік бақылауын дұрыс қалыптастыратын танымдық әрекеттерді ұйымдастыруға сеп болатындығы анықталған.

Жоғарыдағы мәселелерді талдау барысы бізге оқушылардың білімін және ептілігін бақылау мазмұнынынна қойылатын жалпы талаптарды тұжырымдауға септігін тигізеді:

  • тексеру мақсаты оқыту мақсатындағы оқушылардың барлық анықталған білімді меңгеру деңгейлеріне жауап беретін болуы керек:

  • тексеру мазмұны оқыту мазмұнына сәйкес болуы керек;

  • тексеру құралдары оқу әрекеттері түрлеріне бара-бар және жоспарланған өзбетіншелік таным деңгейін есепке алуы керек;

  • тапсырманы орындау нақтылы спалық және сандық көрсеткіштер жүйесінда баяндалуы керек;

  • бағалау жоспарланған көрсеткіштер мәліметтері негізінде қойылуы тиіс.

Сонымен қатар, кәсіби оқыту үдерісі үшін білімді, ептілікті бағалау мәселесі өзбетінше, кешенді шешімді қажет етеді. Себебі, білім алушы контингент ерекшеліктеріне; теориялық және практикалық жұмыстарды жүргізу ерекшеліктеріне байланысты. Жоғарыдағы айтылғандар негізінде оқушылардың білімін, ептілігін бақылауды төмендегі өзара байланысқан тұйық тізбек бойынша қарастырған жөн: кәсіби оқыту мақсаты - оған жетудің бара-бар бағалау критерийі – бақылауға алынатын білім, ептілік жиынтығы – бақылау тапсырмаларының жүйесі мен мазмұны - оларды шешуді болжамдау және бағалаудың объективтілігі - оқыту мазмұнын, мақсатын және әдістемесін реттеу. Оқыту мақсатын оқушыларды оқыту соңындағы білім сапасы арқылы баяндау мүмкіндіктері, білім сапасына қойылатын талаптар арқылы оқыту мақсатын қалыптастыру оқытушылар үшін күнделікті жұмыстарында пайдалы екендігін ескеру керек. Мұндай тәсіл сабақтың тақырыбына сай мақсатты нақтылауды, нәтижеге жетуді болжамдауға мүмкіндік береді. Дегенмен, мұндай бағытты танымдық мақсатта қолдану баяндау сипатында орын алатындықтан оның практикалық мәнін төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет