Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Күрделі деңгей: Оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалау дағдыларын қалыптастыруда критериалды бағалаудың тиімділігін талқылаңыз.
Оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда критериалды бағалау жүйесінің тиімділігін сыни тұрғыдан бағалаңыз.
Орта деңгей: Критериалды бағалау жүйесінің негізгі идеяларын тұжырымдаңыз.
Критериалды бағалаудың теориялық және практикалық маңыздылығын біріктіріп байланыстырыңыз.
Жеңіл деңгей: Критериалды бағалаудың мақсаты, міндеттері және қағидаттарын атаңыз.
Оқыту үдерісіндегі педагогикалық бақылаудың түрлерін,маңызды міндеттерін, әдістерін атаңыз.
БӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері: 1. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру
ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері 1.Сабақта критериалды бағалау технологиясын енгізу барысындағы кездесетін қиындықтарды талдау. Шешу жолдарын ұсыну
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі :
Урмашев Б.А. Критериалды бағалау технологиясы. Оқу құралы. - Алматы: «ССК» баспасы, 2016.
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015.
Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі негізінде жаңарту. Әдістемелік құрал. –Астана; Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.
Бастауыш мектепке оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдіснамалық құрал. –Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана:«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйым, 2017.