3. Критериалды бағалаудың мәні.
Білім беру жүйесінің дамуында критериалды бағалаудың орны ерекше. Себебі ол мектептегі білім беру кеңістігінің біріктірілген факторы, оқытудың мәселелерін диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады, сонымен қатар оқыту процесінің негізінде жатқан принциптерді қамтиды.Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы мен баға қойылуы тиіс сәттер деп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және ата-анананың арасындағы, болмаса оқушының өзі анықтайтын, оқыту процесінің табыстылығын анықтау бойынша бақылау-өлшем байланысын орнататын механизм.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен,бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады (1-сурет).
1-сүрет Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
4.Оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға критериалды бағалаудың әсері
Критериалды бағалау - бұл оқушылардың оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдық қалыптасқан, процестің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін критерийлермен салыстыруға негізделген, оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс.
Критериалды бағалаудың функциялары:
оқытушы
бақылаушы
дамытушы
тәрбиелеуші
диагностикалық
мотивациялық
Практикалық маңыздылығы
- Оқушының жұмысы ғана бағаланады;
- Оқушының жұмысы дұрыс үлгімен (эталонмен) салыстырылады
- оқушыларға алдын ала белгілі орындалған жұмыс;
- оқушыға өзінің жұмыс деңгейін өзі анықтап, ата-анасын хабардар ете алатын бағаны шығарудың нақты алгоритмі белгілі;
оқушыларды тек қана үйреткен нәрселерді бағалайды, өйткені бағалау критериясы оқу мақсаттарының нақты көрінісі болып табылады.
Критерий мазмұны:
Білім және түсіну
Оқушы оқыған материалды білу мен түсінігін көрсетеді, алынған білімді стандартты және өзгертілген жағдайларда қолдана алады
Зерттеу.
Оқушы математикалық әдістерді қолдана отырып, қандай да бір тапсырманы зерттейді, заңдылықтарды табады, математика тілінің көмегімен олардың арасындағы өзара байланысты сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |